Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасында ядролық материалдар мен иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 769 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 408-құжат). 2. «Пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттаудан өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 қарашадағы № 1043 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 448-құжат). 3. «Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 249-құжат). 4. «Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 263-құжат). 5. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 638 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 26, 301-құжат). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|