Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы», 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Облыс әкімдігінің кейбір қаулылары осы қаулының қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын. 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратының басшысы Ә.Е.Тұрғымбековке жүктелсiн. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А.Ш. Жетпісбай М.И. Мырзалиев А.А. Абдуллаев Ә.Е. Тұрғымбеков А.С. Сабитов А.Б. Тасыбаев С.А. Қалқаманов Ұ.Қ. Тәжібаев
2021 жылғы 11 ақпандағы № 34 қаулысына қосымша
Облыс әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 1 шілдедегі «Отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 202 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3306 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|