Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 276 Қаулысымен күші жойылды
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына және 14-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 03/128 ұсынымы негізінде, карантин нысаны - жұпсыз жібек көбелегінің (Lymantria dispar L. (asian race) анықталған таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жұпсыз жібек көбелегімен (Lymantria dispar L. (asian race) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (А. Ш. Жақыпбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын. 3. Күршім (С. Ж. Чукаев), Катонқарағай (А. А. Нұрғожин), Көкпекті (Р. Н. Сағандықов) аудандарының әкімдері, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (Қ. Қ. Төлеубеков) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|