Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы (2021.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.13.08. № 251 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясаты және қаржы құралдары департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.30.10. № 441 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.13.08. № 251 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағидалары жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|