|
|
|
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСД-ның № 28 қаулысы) мынадай өзгерістер енгізілсін: ҚР БМСД-ның № 28 қаулысының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасы, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын.». 2. ҚР БМСД-ның № 28 қаулысына 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 45 қаулысына қосымша
Аргентина Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Мажарстанның КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Грузияның КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Иран Ислам Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Армения Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Беларусь Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Молдова Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Сан-Марино Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Қырғыз Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Моңғолияның КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Таиландтың КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Түркия Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Эстония Республикасының КВИ-ге қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |