Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Осы редакция 2015 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 42 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында: «Міндеттер» деген 4.3-бөлімнің «Гранттық қаржыландырудың» «Гранттар беру шарттарындағы» төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Грант қаражатын мемлекет нысаналы гранттар ұсыну үшін өткізілетін кәсіпкерлерді іріктеу жөніндегі конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы ұсынады. Бұл ретте Бағдарлама шеңберінде оқыту құрауыштары сертификаттарының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.». 2. «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 қаулысында: көрсетілген қаулымен мақұлданған «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында: кіріспедегі «Мемлекеттік жастар саясаты» деген сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|