Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының
ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 17-17/19197-И Хатымен 2022 ж. 21 сәуірден бастап күші жойылды
ҚР 2016 жылғы 29 ақпандағы № 463-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланды 2016 жылғы 5 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі, өзара достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және әскери саладағы ынтымақтастыққа ұмтыла отырып, 1997 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып, Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту қажеттілігіне сүйене отырып, Қырғыз Республикасының Қарулы Күштерін дамытуда жәрдем көрсету мақсатында, өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету үшін құқықтық база құруға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
Қазақстан тарапы Қырғыз тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген әскери мүлікті беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.
Осы Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар: Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; Қырғыз тарапынан - Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады. Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Қырғыз Республикасының аумағына (Қой-Таш елді мекені) дейін автомобиль көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер актіні ресімдей отырып, әскери мүлікті қабылдау-беруді жүргізеді. Қой-Таш елді мекеніне дейінгі көлік шығыстарын Қазақстан тарапы төлейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|