Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығымен бекітілген
Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Процессингтік орталықтың қызмет ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабының 38) тармақшасына сәйкес әзірленген және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|