|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 2 қыркүйектегі № 134-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 1) 14-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) осы Кодекске және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтеусіз берілген жер учаскелерінде мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу кезеңіне уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу;»; 2) 16-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жер учаскелерін мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу үшін оларды, оның ішінде жер учаскелерін сәйкестендіру сипаттамаларын өзгертпей, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне одан әрі өтеусіз бере отырып, мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалануға беру;»; 3) 32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу үшін алып қойылған жер учаскелерінде уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға беру туралы шарт жасасу үшін оларды, оның ішінде жер учаскелерін сәйкестендіру сипаттамаларын өзгертпей, «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне одан әрі өтеусіз беру негізгі шарт болып табылады.»; 4) 36-баптың 1-тармағының жетінші абзацы «объектілер» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Кодекстің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар)» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 84-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «қаражаты есебінен салу» деген сөздерден кейін «және осы Кодекс пен «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне өтеусіз берілетін мемлекеттік әлеуметтік объектілерді (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарды, ауруханалар мен емханаларды) салу» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 12-баптың 3-тармағында: екінші бөлік «газ конденсаты,» деген сөздерден кейін «тақтатасты мұнай,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктермен толықтырылсын: «Тақтатасты жыныстардағы шикі мұнай тақтатасты мұнай деп танылады. Тақтатасты жыныстардағы, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде газ тәріздес күйде болатын, көмірсутектердің және құрамында метан басым көмірсутекті емес газдардың көп құрауышты қоспасы тақтатасты газ деп танылады. Сазды минералдардың үлпектері мен басқа минералдардың, атап айтқанда кварц пен кальциттің ұсақ бөлшектерінің (қарабалшықтың немесе саздың жұқа бөлшектерінің) қоспасын білдіретін қарабалшықтан, органикалық заттардан түзілген, өткізгіштігі төмен, шөгінді текті ұсақ түйіршікті кесек жыныс тақтатасты жыныс деп танылады. Ыдырауы кезінде құрамында метан басым газ бөлінетін табиғи жолмен алынған қатты кристалды заттар газ гидраттары деп танылады. Тақтатасты мұнай, тақтатасты газ, табиғи битум, көмір қабаттарындағы метан және газ гидраттарынан алынатын газ дәстүрлі емес көмірсутектерге жатады.»; 2) 64-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;». 3. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 3-бап 14) тармақшасындағы «бекітуге құқылы.» деген сөздер «бекітуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын: «15) Алматы қаласының дизайн-кодын бекітуге; 3-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алынбай, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салынған жылжымайтын мүлікке қолданылады 16) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияны құруға, оның құрамын және ол туралы ережені бекітуге; 17) Алматы қаласында сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын бекітуге; 18) меншік иелерінің келісімі болған кезде азаматтар көп жиналатын орындарда бейнекамералар орнату және бейнебайқау мониторингін жүргізу қағидаларын қоғамдық тәртіпті қорғау және ақпараттандыру салаларындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітуге құқылы.»; 2) 4-бапта: 6-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6-2) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде Алматы қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ мұндай қаражатты көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша арнаулы жалпықалалық шотқа жіберуге құқылы;»; мынадай мазмұндағы 9-27), 9-28), 9-29), 9-30), 9-31), 9-32), 9-33), 9-34), 9-35), 9-36) және 9-37) тармақшалармен толықтырылсын: «9-27) Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын ұстау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 9-28) автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды өлшеуді жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 9-29) Алматы қаласының дизайын-кодын әзірлейді; 9-30) облыстардың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бастамашылық жасаған жобаларды әзірлеуге, қарауға қатысады, олар бойынша тиісті шешімдерді рекреациялық және туристік қызмет аймақтарында туризмді дамыту бөлігінде келіседі, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді басқару жоспарларын әзірлеуге, нақтылауға және түзетуге қатысады; 9-31) туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидаларын туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді; 9-32) қала құрылысы кеңесін құрады және оның ережесін бекітеді; 9-33) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-34) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама бейнелерін орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-35) Алматы қаласындағы сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді; 3-тармақтың 2) тармақшасының он төртінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алынбай, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салынған жылжымайтын мүлікке қолданылады 9-36) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді; 9-37) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді;»; 3-тармақтың 3) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алынбай, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін салынған жылжымайтын мүлікке қолданылады 3) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын: «4-1-бап. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия 1. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті рұқсаттар алмай, өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесінде тұлға салған жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы мәселелерді қарайтын, жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган болып табылады. 2. Комиссияның қарауына жататын аумақтар мен объектілерді Алматы қаласының жергілікті өкілді органы бекітеді. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген аумақтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін жеке және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне немесе жер пайдалануына берілмейтін жер учаскелері жатқызылмайды. 3. Әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары комиссия төрағасы болып тағайындалады. Комиссияның құрамы Алматы қаласының жергілікті өкілді органының депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері және өзге де адамдар қатарынан қалыптастырылады. 4. Комиссия Алматы қаласының аумағындағы, құқықтары ресімделмеген жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу мәселелері бойынша қорытынды шығарады. Қорытындыны дайындау кезінде комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәулет, қала құрылысы, құрылыс талаптарына, экологиялық және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да талаптарға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы мәселелерді қарайды. Комиссияның жұмысы туралы ақпарат Алматы қаласы атқарушы органының интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылады. 5. Комиссияның қорытындысына комиссияның барлық мүшесі қол қояды және ол ұсынымдық сипатта болады. Комиссия мүшесінің ерекше пікірі болған жағдайда, ол қорытындыға қол қоймайды және ерекше пікірі комиссия төрағасына жазбаша түрде ұсынылады. 6. Алматы қаласының атқарушы органы комиссияның оң қорытындысы негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды ресімдеу туралы шешім қабылдайды.». 4. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 17-2-баптың 4-тармағы «Осы Заңда» деген сөздерден кейін «және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында» деген сөздермен толықтырылсын. 5. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 5-бап мынадай мазмұндағы 70-44) тармақшамен толықтырылсын: «70-44) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 2) 13-баптың 3-3-тармағында: бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы «электр энергиясын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған электр энергиясының көлемдерін өткізетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды қоспағанда, электр энергиясын» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші бөлік алтыншы абзацындағы «мерзімге қолданылмайды.» деген сөздер «мерзімге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған электр энергиясының көлемдеріне қолданылмайды.»; 3) 15-3-бапта: 3-1-тармақтың бірінші бөлігінде: мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын: «2-2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыратын, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен;»; 4) тармақша «2-1)» деген цифрлардан кейін «, 2-2)» деген цифрлармен толықтырылсын; 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;»; 4) мынадай мазмұндағы 15-9-баппен толықтырылсын: «15-9-бап. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер 1. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімдер республикалық маңызы бар қалалардағы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларымен ғана жасалады. 2. Уәкілетті органмен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасуға ниеттенген энергия өндіруші ұйым отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаны нарық кеңесінің қарауына жібереді. 3. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламамен бірге нарық кеңесіне сондай-ақ: 1) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы ақпарат; 2) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесі; 3) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның техникалық-экономикалық негіздемесіне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы; 4) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы енгізіледі. 4. Уәкілетті орган айқындаған мерзімнен кеш ұсынылған және осы баптың 3-тармағына сәйкес келмейтін, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесінің қарауына қабылданбайды. 5. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламалар нарық кеңесіне жіберілгеннен кейін өзгертілуге жатпайды. 6. Осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес нарық кеңесіне ұсынылған, отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды нарық кеңесі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қарайды. 7. Нарық кеңесі отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі әрбір инвестициялық бағдарлама бойынша оны іске асырудың орындылығы не орынсыздығы туралы жеке-жеке қорытынды дайындайды. 8. Нарық кеңесінің қорытындысы негізінде уәкілетті орган отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды. Энергия өндіруші ұйым отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны жүзеге асыруды жоспарлайтын республикалық маңызы бар қалада газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауы отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімді жасасудан бас тартуға негіз болып табылады. 9. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісімде мынадай ақпарат: 1) энергия өндіруші ұйымдардың атауы; 2) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі қамтылады. Бұл ретте энергия өндіруші ұйымның бірыңғай сатып алушымен отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны іске асыру шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлеміне осы Заңның 15-3-бабының 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуына тыйым салынады; 3) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараны іске асыру үшін тартылған негізгі борышты қайтару ескеріле отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (айлармен) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі есепке алынып, жылдар бойынша ауыспалы шама ретіндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тариф қамтылады. Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезек-кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілетін болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифтер енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне қарай айқындалады; 4) осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген күннен бастап кемінде он жыл болатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі; 5) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыны пайдалануға берудің жоспарлы күніне сәйкес келетін, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталған күні; 6) отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі тиісті іс-шара туралы мәліметтер қамтылады. 10. Уәкілетті орган отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім жасасқаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы ұйымдармен инвестициялық келісімде көрсетілген тарифтер бойынша, көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасады. 11. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу тиісті энергия өндіруші ұйымдар бірыңғай сатып алушыға жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүргізу актілерін енгізген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап, бірақ осы баптың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген күннен кейін жүзеге асырылады. Егер отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғылар кезек-кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен енгізілетін болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдеріне қарай электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифтермен жүзеге асырылады. 12. Отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім жасалған энергия өндіруші ұйымның осы баптың 11-тармағында көрсетілген, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметі іс жүзінде сатып алынған күннен бастап оның электр қуаты жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жыл сайынғы міндетті аттестаттауына жатады. Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі. 13. Осы баптың шеңберінде отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі іс-шараның жыл сайынғы амортизациясының шамасы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған тарифке енгізілуге жатпайды. 14. Осы баптың күші уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.». 6. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «21-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі - ғылым саласында үздік жетістіктері бар, ғылым саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда академия сайлайтын ғалым;»; 2) 4-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын: «2-2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;»; 3) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы: 1) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдайды; 2) ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды үйлестіреді; 3) ғылымды дамыту бойынша форсайттық зерттеулерді дайындауды және жүргізуді үйлестіреді; 4) ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді; 5) ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді; 6) ғылыми журналдар шығарады; 7) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысады; 8) ғылымды танымал етуге қатысады; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында жұмыс істейтін ұлттық және салалық академиялар, ғалымдардың қоғамдық бірлестіктер болып табылатын шығармашылық одақтары ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, ғылымды дамытудың басым бағыттарын әзірлеуге, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, ғылыми сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды ғылыми-техникалық сараптауға, ғылыми-техникалық саладағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін ғалымдарды кәсіби жұмылдыруға қатысады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |