Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 5-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды. 2. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша аванс беру үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» (бұдан әрі - стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттарды қосымшасымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті тікелей көрсетілетін қызмет берушіге не «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтер стандартында белгіленеді. 4. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|