|
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы (2021.31.03. берілген өзгерістермен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкiметiнiң 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысымен бекiтiлген
Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды. ҚР Үкіметінің 2021.31.03. № 192 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi қамтиды: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауы; 2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау; 3) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауы; 4) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеу.
2-тарау. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуболжамының жобасын әзiрлеу
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|