|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 1) 65-баптың 1-тармағы 12) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын: «13) өздерінің жер учаскелерінде геодезиялық пункттер орналастырылған кезде геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган бекіткен геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларға сәйкес олардың бүлінген немесе жойылған жағдайлары туралы хабарлауға міндетті.»; 2) 69-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын» деген сөздер «межелік белгілер мен геодезиялық пункттерді және оларға кірме жолдарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 159-баптың 1-тармағындағы «ғарыштан қашықтықтан» деген сөздер «қашықтан» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне: 61-баптың бірінші бөлігіндегі «ғарыштан қашықтықтан» деген сөздер «қашықтан» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне: 60-баптың 2-тармағындағы «ғарыштан қашықтықтан» деген сөздер «қашықтан» деген сөзбен ауыстырылсын. 4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 41-баптың 4-1-тармағы бірінші бөлігінің 21) тармақшасындағы «картографиялық-геодезиялық қорды» және «Кеңістіктік деректердің ұлттық» деген сөздер тиісінше «кеңістіктік деректер қорын» және «Ұлттық кеңістіктік деректер» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) 25-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «қашықтықтан зондтаудың ғарыштық» деген сөздер «қашықтан зондтау» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 73-баптың 1-тармағындағы «ғарыштан қашықтықтан» деген сөздер «қашықтан» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 74-баптың 1-тармағындағы «қашықтықтан зондтаудың ғарыштық» деген сөздер «қашықтан зондтау» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне: 152-баптың 8-тармағындағы «ғарыштан Жерді қашықтықтан» деген сөздер «Жерді қашықтан» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 5-баптың 3-тармағының 20) тармақшасындағы «ғарыштан қашықтықтан» деген сөздер «қашықтан» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 25-баптың 1-тармағындағы «ғарыштан қашықтықтан» деген сөздер «қашықтан» деген сөзбен ауыстырылсын. 8. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «картографиялық-геодезиялық қорды» деген сөздер «Ұлттық кеңістіктік деректер қорын» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 10-1-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «ғарыштан қашықтықтан» деген сөздер «қашықтан» деген сөзбен ауыстырылсын. 10. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 8-баптың 5) тармақшасындағы «электр», «нүктелерге» және «қажеттіктермен шарттастырылған» деген сөздер тиісінше «электр беру», «пункттерге» және «мұқтаждарға байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 12-баптың 19-2) тармақшасындағы «ғарыштан» деген сөз алып тасталсын. 12. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 134-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы «жұмыстарды жүргізу» деген сөздерден кейін «, Ұлттық кеңістіктік деректер қорын жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын. 13. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын: «28-1) геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган - геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы басшылық пен салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;». 14. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «61-бап. Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті органның құзыреті»; бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган:». 15. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 12-баптың 1-тармағының 52-1) тармақшасындағы «ғарыштан қашықтықтан» деген сөздер «қашықтан» деген сөзбен ауыстырылсын. 16-тармақ 2023 ж. 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді 16. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-қосымшадағы 205-жол алып тасталсын; 2) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын: «11-1. Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама». 2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 21 желтоқсан № 167-VІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |