«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 156 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 163 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 156 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5163 нөмірімен 2015 жылғы 6 қазанда тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2015 жылғы 9 желтоқсанда, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2015 жылғы 13 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|