«Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы (2019.01.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының 2017.26.09. № 108 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 12) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есеп; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды статистикалық есепті құрастыру Нұсқаулығы; 2. Күші жойылды деп танылсын: 1) «Тергеу органдарының жұмысы туралы, оның ішінде қылмыстық істерді тергеу және анықтау қызметі берілген арнайы прокурорлардың» № 1-Е статистикалық есебін» және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 2 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6015 санымен тіркелген); 2) «Тергеу органдарының, соның ішінде қылмыстық істерді тергеу бойынша қызметтер берілген арнайы прокурорлардың және анықтау органының жұмысы туралы» № 1-Е нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 2 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 148 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7400 санымен тіркелген); 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (одан әрі - Комитет) осы бұйрықты: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|