Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 9 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектің жұмыс орны стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектің жұмыс орны стандарты бекітілсін. 2. «Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 910 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12854 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|