Теміртау қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2022 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ: 1. 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кірістер – 26 454 289 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсiмдер бойынша – 19 937 994 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 31 800 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 379 211 мың тенге; трансферттердің түсімдері бойынша – 6 105 284 мың теңге; 2) шығындар – 26 255 935 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – - 21 868 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 21 868 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 220 222 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру – - 220 222 мың теңге. 2. 2022 жылға облыстық бюджеттен берілген бюджеттік субвенциялардың көлемі 431 000 мың теңге сомасында белгіленгені ескерілсін. 3. 2022 жылға арналған қалалық бюджеттің түсімдері құрамында жоғары тұрған бюджеттерден берілген нысаналы трансферттер 4-қосымшаға сәйкес ескерілсін. 4. 2022 жылға арналған қалалық бюджет шығындары құрамында «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 472 723 мың теңге көзделсін, оның ішінде: 1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізу шеңберінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге – 44 630 мың теңге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|