Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы
Осы редакция 2022 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесі бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16493 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|