Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы (2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023.26.06. № 61 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|