ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.17.04. № 225 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды; ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019.25.07. № 552 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына 6-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № 567 бұйрығымен күші жойылды
«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» (2019.25.07. берілген өзгерістермен)
1. «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - келіссөздерді бастау күні туралы хабарлама не осы стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|