Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде ISO 20022 халықаралық стандартын қолдануға көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2024 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде ISO 20022 халықаралық стандартын қолдануға көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін Тізбенің 2-тармағының елу төртінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұру кезеңінде мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы абзацтың қолданылуы тоқтатыла тұрсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|