Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрыққа 3-қосымша
Осы редакция 2024 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қағидалары (2022.26.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабына сәйкес әзірленді және психикаға белсенді әсер ететін заттарды (бұдан әрі - ПБЗ) пайдалану және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу тәртібін айқындайды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.26.01. № ҚР ДСМ-6 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады 1) есірткі құралдары - «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер туралы 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулері бар 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген синтетикалық немесе табиғи текті заттар; 2) мас болу жағдайы - ПБЗ-ның жіті уыттануы салдарынан туындайтын және психикалық, мінез-құлық, вегетативтік және соматоневрологиялық бұзылулар кешенімен сипатталатын жай-күй; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|