Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрыққа 3-қосымша
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу қағидалары (2024.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.11.12. № 104 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Осы психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабына сәйкес әзірленді және психикаға белсенді әсер ететін затты (бұдан әрі - ПБЗ) тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу тәртібін анықтайды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.26.01. № ҚР ДСМ-6 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.11.12. № 104 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады 1) есірткі құралдары - «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға түзетулер туралы 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулері бар 1961 жылғы Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне енгізілген синтетикалық немесе табиғи текті заттар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|