Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы (2024.27.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ереже бекітілсін. 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне» деген бөлім алып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне 408. «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 408-1. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне 408-2. «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы». 3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|