Осы редакция 2018 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының 2016.29.02. № 37 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына 3-қосымша
«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» (2016.29.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі - қызмет беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады; 2) қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі: 1) құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап: қызметті берушіге - 1 жұмыс күні; Астана қаласында орналасқан Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына - 2 (екі) жұмыс күні; Мемлекеттік корпорацияның өзге де филиалдары үшін - күнтізбелік 17 (он жеті) күн; 2) құжаттар топтамасын тапсырған және құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзіміне кірмейді. Қызмет беруші мен Мемлекеттік корпорацияның филиалы арасындағы өзара іс-қимыл курьер немесе пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|