«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (2024.12.12. берілген өзгерістермен)
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында: 14) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «14) кредит - банктің, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің, аймақтық инвестициялық орталықтарымен, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен, микроқаржы ұйымдарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат шарттарымен кредит шарты бойынша қарыз алушыға беретін қарыз қаражаты; 15) кредитор - екінші деңгейдегі банктер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар еншілес ұйымдары (бұдан әрі − еншілес ұйымдар), аймақтық инвестициялық орталықтары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары;»; 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «18) қарыз алушы - кредитормен кредиттік шартты жасасқан агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);»; 2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|