|
|
|
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігі ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігі қызметкерлерiнiң айырым белгiлерi және формалы киiмдердiң ұсынылып отырған сипаттамасы, оларды беру нормалары мен формалары киiм-кешек алуға құқы бар лауазым категорияларының табелi бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 мамырдағы № 366 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігі қызметкерлерiнiң айырым белгiлерiнiң, нысанды киiмiнiң сипаттамасы, оларды беру нормасы және нысанды киiм-кешек алуға құқы бар лауазымдық санатының табелi
ЕРЛЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР КИIМДЕРI
I. Жоғары, аға және орта басшы құрамға арналған ерлер пәлтесi
ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң № 233-64 моделi (Мәскеу қаласы). Түймеленетiн мақталы астарлы және түймеленетiн мех жағалы ерлер пәлтесi драптан тiгiледi: екi қаусырма өңiрлi, тiк, жеңдерi қосылып тiгiледi, еркiн формада болады. Жағасы қайырмалы. Жағалық қайырмаға дейiн пәлте формалы үш түймемен түймеленедi. Екi жанында қақпақты, қиып салынған қалталары болады. Арқа ортасындағы тiгiсi етегiнiң айрығына дейiн түсiрiледi. Айырықтың үстiңгi жағының шетi 1,5 см-ге, төменгi жағы 0,7 сантиметрге жеткiзiледi. Айрықтың үстiне 45 градус бұрышталып келетiн кесекөлденең машина тiгiсi жүргiзiледi. Белдегi тiлшiк үш бөлiктен тұрады, қапталдық тiлшiктер ортасындағысымен екi түймемен және екi торланған iлгекпен түймеленедi. Тiлшiк пәлтенiң арқа тұсын 6 сантиметрге керiп тұрады. Жеңдерi екi тiгiстi. Өңiрлерi шетiнен 1,5 сантиметрге қайымдалады. Өңiрлердiң iшіндегі қалталар астардың астына төмен қарай жiберiлiп, ұзына бойына қоса тiгiледi. Астар пәлтенiң етегiне дейiн жеткiзiледi. Мақтамен сырылған жеңсiз астар өңiрлерге он түйме арқылы және iлгекпен түймеленедi. Торланған iлгектер iшiнде болады. Түймелер жылы сырманың жиегiне қадалады. Сырманың алқымы пәлтенiң алқымына қадалған үш түйме және сырыманың жабыстырыла тiгiлген iлгегi арқылы түймеленедi. Сырманың арқалығы мен қапталдарына ромба тәрiздi тiгiс қатарлап жүргiзiледi, олардың ара қашықтығы -4,5-5,0 сантиметр. Бұл жолдар етегiне 4 сантиметр жеткiзiлмейдi. Пәлтенiң мех жағасы пәлтенiң мех жапсырылған негiзгi жағасының астына қадалған бес түймеге түймеленедi. Мех жаға пәлтенiң алқымдарымен және бойларымен астарлық матадан жасалған бес баулық пен қадалған бес түйме арқылы түймеленедi. II. Жоғары, аға және орта басшы құрамға арналған ерлердiң жазғы пәлтесi
ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң № 221-64 моделi (Мәскеу қаласы). Ерлердiң жазғы пәлтесi қара-көк түстi жүн және жартылай жүн матадан тiгiледi, бiр өңiрлi, еркiн формалы, тiк, жеңдерi жапсырмалы, белiнде айылбасты, жылжымалы белдiкшесi бар белдiк болады. Пәлте қайырмаға дейiн үш формалы түймемен түймеленедi. Жағасы қайырмалы. Арт бойының ортасындағы тiгiсi етек айырығына дейiн жеткiзiледi, айырық үстiнен көлденең машина тiгiсiмен бекітіледi. Екi қапталында қақпағы бар қиылып келтiрiлген қалталары болады. Оң қалтаның қалтатүп әдiбiне қосарлана кiшкене қалташа орналасқан. Жеңдерi қос тiгiстi, тұтас пiшiлген, iшкi жағынан сырты түстес астармен астарланады. Жеңдерiнiң төменгi жағына жең аузынан 5 және 9 сантиметр жоғары екi формалы түйме қадалады. Пәлте жағасына, өңiрлiк қайырмалығына, өңiрлерiне, қалта қақпақтарына, белдiгiне, айырықтың үстiңгi жағына шет жағынан 1 см қалдырып қалың тiгiс жүргiзедi. Астары етегiне дейiн жеткiзiлiп қалтаның астар жағына қақпақ астына тыстық мата тiгiледi. Пәлтенi белдiкпен де, белдiксiз де киiп жүруге рұқсат етiледi.
III. Жоғары, аға, орта және кiшi басшы және қатардағы құрамға арналған плащ
ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң № 366-65 моделi (Мәскеу қаласы). Плащ резиналы У-37 матадан тiгiледi, бiр өңiрлi, еркiн формалы, белiнде белдiгi бар, формалы үш түймемен түймеленедi. Белдiгi айылбасқа бекiтіліп, белдiкшеден өткiзiледi. Жағасы қайырмалы. Қайып тiгiлген өңiр мен жан қалталарына сырма қалта аузы салынып, қиылып келтiрiледi. Ортасында тiгiсi бар иықтамалы арқалығы етегiнде айырықпен аяқталады. Жеңдерi қостiгiстi, қаусырылып тұтас тiгiледi. Жаға, өңiрлер, иықтамалар жiктерiнiң тiгiсi, жеңдердiң тiгiсi, қалта қақпақтары мен белдiктер iшiне қарай бүгiлiп көмкерiледi. Плащтың етегi мен жеңдерiнiң аузына 1 сантиметр қалдырып қалың тiгiс жүргiзiледi. Плащ астарсыз болады.
IV. Кiшi басшы және қатардағы құрамға арналған ерлердiң шолақ пәлтесi
ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң № 219-64 моделi (Мәскеу қаласы). Екi қаусырма өңiрлi шолақ пәлте, тiк, еркiн формалы, жеңдерi қосылып тiгiледi. Драптан немесе мәуiтiден тiгiледi. Жағасы қайырмалы. Шолақ пәлте өңiрлiк қайырмаға дейiн формалы үш түймемен және алқымға дейiн төртiншi түймемен түймеленедi. Сол өңiрiнде де сондай төрт түйме болады. Жан қапталдарында қиыла келтiрiлген жапсырма қақпақты қалталары болады. Арқасының ортасындағы тiгiс етек айырығы басталған жерге дейiн жүргiзiледi, тiлшiгi үш бөлiктен тұрады. Бүйiрлiк тiлшiктердiң шеттерi ортасындағымен формалы түйме және торлама iлгек арқылы түймеленедi. Айырықтың үстiңгi жағы iшiне қарай бүктеледi де, төменгi жағына шетiнен 1 сантиметр жер қалдырып, қалың тiгiс жүргiзiледi. Өңiр астындағы қалталары төмен түсiрiлiп, астарлық матамен жиектелiп, қалыпқа келтiрiледi. Шолақ пәлтенiң астары етегiне дейiн жеткiзiледi. Негiзгi астарынан басқа шолақ пәлтеге жеңсiз, белден төмен, мақталы астары бар жылы сырма түймеленедi. Мақталы сырыма өңiрдiң астына 13 түймемен және iлгекпен түймеленедi. Iлгектер өңiрлер бойында торланып жасалады. Түймелер жылы сырманың өңiрлiк шетiнен қадалады. Жылы сырыма, алқым тұсынан бiр түймемен бiр iлгекпен түймеленедi. Iлгек жылы сырыманың өңiріндегі шеттерiнде торланады, ал түйме алқым тұсына қадалады. Жылы сырыманың арқалығы мен омырауларына жарыса келетiн ромба тәрiздi тiгiстер жүргiзiледi, олардың арақашықтығы 4-4,5 сантиметр, тiгiс етегiне 2 сантиметр жеткiзiлмейдi. Жеңдерi қостiгiстi, тұтас пiшiлiп, астары тысының түсiндей болады, жеңдерiне аузынан 5 және 9 см жоғары екi формалы түйме қадалады. Шолақ пәлте құлақшынмен бiрге киiледi.
V. Әйелдер пәлтесi
ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң № 1-2585-64 моделi (Мәскеу қаласы). Әйелдер пәлтесi екi қаусырма өңiрлi, еркiн формалы, тiк, қара-көк түстi жүннен тоқылған драп матадан тiгiледi. Жағасы қайырмалы. Негiзгi жағаға торланған бес iлгекпен және бес баулықпен бес түймеге түймеленетiн мех жаға бекітіледi. Пәлте өңiрлiк қайырмаға дейiн үш формалы түймемен түймеленедi. VI. Әйелдер плащы
ТУ. Санкт-Петербург Сәндi киiмдер үйiнiң № 2-350 моделi. Плащ қара-көк түстi плащтық материалдардан жасалынады, бiр өңiрлi, еркiн формалы, белiнде белбеуi болады, бес формалық түймемен түймеленедi. Жағасы қайырмалы, белбеуi алмалы-салмалы. Алдыңғы бойының иінiшi болады, қапталдарында қиылып келтiрiлген жапсырма қақпақты қалталары бар. Арқасы да иінiштi болады. Жағасының, өңiрлерiнiң, алдыңғы бой инiштерiнiң, жеңдерiнiң тiгiстерi, белбеулерiнiң шеттерi көмкерiлiп, қалың тiгiс жүргiзiледi. Плащ етегi мен жеңдерiнiң аузына енi 1 см жерден қалың тiгiс жүргiзiледi, астары сыртқы матамен реңдес келедi. VII. Жоғары, аға және орта басшы құрамға арналған ерлер костюмi (пиджак пен шалбар)
ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң № 220 моделi (Мәскеу қаласы). Екi қаусырма өңiрлi ерлер костюмi пиджак пен шалбардан тұрады, қара галстукпен және ақ көйлекпен киiледi, жүн және жартылай жүн маталарынан тiгiледi. Ерлер пиджагы екi қаусырма өңiрлi, жартылай денеге жабысып тұратын нысанда болады, жеңдерi қосылып тiгiледi. Жағасы қайырмалы. Пиджак өңiрлiк қайырмаға дейiн формалы түймелермен түймеленедi. Қапталдары қиылып тұйықталады, қолтық тiгiспен белден төмен түсiрiледi. Жан қалталары қиылып келтiрiледi, қақпағы болады, сол жақ бойының кеуде тұсында, жапсырма қақпақты төс қалтасы бар. Арқасының ортасынан тiгiс жүргiзiледi. Жеңдерi қостiгiстi, екi жең аузына формалы түйме қадалады. Өңiрлерi, өңiрлiк қайырмалары, жағасы, пиджактың етегi, қалтаның қақпақтары мен жапсырма қақпақтары шет жағынан 0,2-0,3 сантиметр көмкерiледi. Пиджак астарлы болады. Астарының iшкi қапталында тыстық материалдан жасалған қалталары болады. Айырым белгiлерi тiгiлiп берiледi. Шалбарының мықынға дейiн (әрбiр жартысында екiден) бүрмесi болады. Белдiктiң тiгiсi бойында сағат қалта жасалынады. Шалбардың артқы жағында төрт (әрбiр жартысында екiден) қынамасы болады. Оң жақтағы артқы жартысында бiр түймемен және iлгекпен бекітілетiн қалтасы болады. Белiнде белбеу өткiзiлетiн алты белдiкшесi бар. Белдiгiнiң алдыңғы жартысындағы үйiрлiк тiгiс деңгейiнде барлық түймешелермен iлгектенетiн тiлшiктер тiгiледi. Бант астыңғы жағымен (гульфикпен) төрт түймемен түймеленедi, үстiңгi жағында бiр-бiрiне кигiзiлетiн металдан жасалған iлгек болады. Шалбардың манжетi жоқ, етегiнiң енi 25 сантиметрден аспайды.
VIII. Жоғары, аға және орта басшы құрамға арналған ерлер костюмi (куртка мен шалбар)
ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң № 237-64 моделi (Мәскеу қаласы). Ерлер костюмы куртка мен шалбардан тұрады, жүн және жартылай жүн матадан тiгiледi. Куртка бiр қаусырма өңiрлi, еркiн формалы, төменгi жағында ысырмалы белдiгi бар. Жағасы қайырмалы. Куртка өңiрлiк қайырмаға дейiн төрт формалы түймемен түймеленедi. Арқалығы тұтас иықтық тiгiстерден бiр тiгiс арқылы төмен түсiрiледi, төменгi тiгiс бойымен екi жұмсақ орамды белдiк болады. Қапталдарының жоғары жақтарында жапсырылып тiгiлген қалталары бар. Жеңдерi ұзын, бiр тiгiстi, етегiнде тысы мен астары бiрдей манжетi бар. Манжеттiң тілігi үстiнен көлденең тiгiс жүргiзiледi. Жеңдерiнiң жоғары жағындағы манжет тiгiстерiнiң бойымен иiндерi сыртқа қарай екi жұқа қатпар салынады. Манжеттер формалы бiр түймемен және iлгекпен бекітіледi. Етегiнiң қапталдық тiгiстерi айырық түрiнде болады, олар тiгiстермен бекітіледi, алдыңғы бойларының белдiгi арқалығының белдiгiне бiр түймемен және iлгекпен түймеленедi. Жағасы, манжеттер, өңiрлер, қапталдық тiгiстер, белдiк, жеңдердiң қапталға түсетiн ендiктерi 16 см аралықта және арқалығынан шынтақтық тiгiске дейiн енi 0,5 см тiгiстiк жолмен жүргiзiледi. Куртка астарлы. Астарындағы қалталар тыстық матадан жасалып оған жапсырыла тiгiлген. Жапсырмалы қалталар мен оларды қақпақтары қостiгiстi жолмен: бiрiншiсi - шетiнен, екiншiсi - алғашқысынан 0,5 см аралықта жүргiзiледi. Куртканың иықтық тiгiстерi бойымен айырма белгiлерi бар алмалы-салмалы колоткалар орналастырылады. Шалбарының алдыңғы жағында мықын тұсында жан қалталары болады. Белдiгiнiң тiгiс бойында сағат қалтасы бар. Шалбарының артқы жағында төрт (әрбiр жартысына екiден) қатпары болады. Оң жақ артқы жартысында формалы бiр түйме, бiр iлгекпен түймеленетiн қалтасы болады. Белiнiң белбеу өткiзетiн алты белдiкшесi бар. Белдiгiнiң алдыңғы жартысында бүйiрлiк тiгiс деңгейiнде екi түймемен түймеленетiн созылмалы тiлшелер орналастырылады. Бант астыңғы жағымен (гульфикпен) төрт түймемен түймеленедi, металды iлгек пен ағытылатын тiлше iлгегiмен бiрге соңғы жағында болады. Шалбар манжетсiз, етегiнiң енi 25 сантиметрден аспайды.
IX. Жоғары, аға және орта басшы құрамға арналған ерлердiң жазғы костюмi
ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң № 234-64 (жейде) және № 234-64 (шалбар) моделдерi (Мәскеу қаласы). Жазғы костюм қысқа жеңдi жейде мен шалбардан тұрады. Костюм қара түстi аяқ киiммен бiрге киiледi. Жейде еркiн киiледi, тiк, формалы төрт түймемен түймеленедi. Жағасы мен жағалық өңiрi қайырмалы. Омырауларында қақпақты екi жапсырма төс қалтасы бар, олардың әрқайсысы екi түйме арқылы түймеленедi. Арқалығы тұтас келiп, иықтық тiгiсi бiр жолмен жүргiзiледi. Жеңдерi бiр тiгiстi, қысқа етегіндегі енi 4 см, манжетi сыртына қайырылады. Жейденiң барлық бөлiктерiне (жағасы, манжеттерi, омыраулықтары, қалта қақпақтары, жеңдерiнiң қолтық тұстары)енi 0,5 см қалың тiгiс жүргiзiледi. Қалтаның жоғарғы шетiне енi 2,5 см-лiк тiгiс жүргiзiледi. Жейденiң етегi 1,5 см ендiлiкпен көмкерiледi. Жейденiң иықтық тiгiстiгi бойымен алмалы-салмалы айырма белгiлерi орналастырады. Шалбарының белi тұсында алдыңғы жартыларының үстiнде қатпар мен жан қалталары бар. Белдiк тiгiстiгi бойында сағат қалтасы болады. Шалбарының артқы тұсының белдiгi бойында төрт (әрбiр жартысында екiден) қатпаршасы бар. Оң жақ артқы тұсында бiр баулықпен және формалы бiр түймемен түймеленетiн қалтасы болады. Алдыңғы жағының белдiгiнде бүйiрлiк тiгiстiктер деңгейiнде екi түймемен бекітілген iлмек-тiлшелерi болады. Бант астыңғы бөлiгiне (гульфикпен) төрт түймемен түймеленiп, ұшы металдан жасалған iлгекпен және тiлшемен ұстатылады. Шалбардың манжетi жоқ, балағының енi 25 сантиметрден аспайды.
X. Әйелдердiң жазғы костюмi (блуза мен белдемше)
ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң № 2-4461-64 моделi (Мәскеу қаласы). Әйелдердiң жазғы костюмi ұзын жеңдi блуза мен белдемшеден тұрады, мақта матадан тiгiледi. Блуза тiк, еркiн формалы болады, алды омырауы төрт тiгiнен торланған iлгек пен формалы төрт түймеге түймеленедi. Бүйiр тiгiстiкпен өрiлетiн кеуде тұсы бойындағы қосымшаларында бiр-бiрден iшкi жолақ жүргiзiледi. Арқасы тұтас, жоғары жағында түсiрме инiшi болады. Инiштiң бойы тiгiстiгiмен бiр бағытта төрт бүрме жүргiзiледi. Бүрмелiктер иiле келiп беткi тұсында ойықтармен ұластырылады. Инiш қос қабатты. Жеңдерi бiр тiгiстi, аузында манжеттер торланған екi баулықпен және формалы екi түймемен бекітіледi. Жеңдегi түймелiк астында манжеттiң тілігi болады. Жеңдерiнiң манжетi қайып тiгiлген тiгiстiгiнiң бойымен бiр бағытта екi бүрме жүргiзiледi. Бүрмелiктiң сыртқы иiндерi арқаға қарай бүгiледi. Жеңнiң иық бойының тiгiсiне блузаға формалы түйме арқылы түймеленетiн шағын погондар тiгiледi. Өңiрлерi, жағасы, шағын погондары, манжеттерi мен арқалық инiштерi шетiнен 0,5 см қалдырып, қалың тiгiс жүргiзiледi. Басшы құрам үшiн блузаның иықтық тiгiсi бойымен тiгiлген шағын погондар орнына айырмалық белгiсi бар алмалы-салмалы қатырмалар орналастырылады. Белдемше төрт - алдында екi, артында екi тiгiстi болады. Белдемшенiң шеттерiн дөңгелентiп тiккен белдiгi, сол жағына бөксеге сыдырмақ салынып торланған баулықпен және белдiктегi түймемен бекітіледi. Белдемшенiң алдыңғы бойының бүйiрлiк бөлiктерi мен бүйiрлерiнде әр бойынан бiр-бiр iшкi тiгiс жүргiзiледi. Белдемшеге арналып алмалы-салмалы белдiк жасалады. Жолақты гро-гро белдiгi iлмегi бар екi тіліктi белдiкшемен иiрiлiп те, тұтастай да жасалынады. Белдемшенiң алдыңғы және артқы тiгiстерi, сондай-ақ белдiгi шетiнен 0,5 см қалдырып, өрме тiгiс жүргiзiледi.
XI. Әйелдер костюмi (жакет пен белдемше)
ТУ. Сәндi киiмдер үйiнiң № 1-2586-64 моделi (Мәскеу қаласы). Әйелдер костюмi жакет пен белдемшеден тұрады, жүн және жартылай жүн матадан тiгiледi. Жакет бiр қаусырма өңiрлi, еркiн формалы, жеңi қосылып тiгiлген болып келедi. Жағасы қайырмалы, өңiрдiң ойығына дейiн қосылып тiгiледi. Омырауы алқымынан бастап кеудесiне тiгiспен және бүйiрлiк тiгiспен бiрiктiрiледi. Қақпақты жан қалталары қиылып келтiрiледi. Арқалығы желкесiнен басталып тiгiледi, екi жолақты тiгiс жүргiзiледi. Жеңдерi қостiгiстi, қосылып тiгiледi. Бiлек тiгiсiнiң тұсында екi-екiден формалық түймелер қадалады. Белдемше екi тiгiстi. Белдемшенiң алдыңғы жағындағы белi бойымен төрт тiгiс, артқы жағындағы белi бойымен, ортасындағы бүктемемен төрт тiгiс жүргiзiледi. Белдемшенiң жоғары жағына iш тартқыш салынады. Iлмегi, сол жақ бүйiрiнен сыдырмақ жүргiзiледi. БАС КИIМДЕР
1. Ерлер фуражкасы
Фуражка жүн матадан тiгiледi. Фуражка түпкi жағы оралымды формада тiкелей иiлген ширек доға бейнелi қатырмадан, күнқағары мен алтын түстес қос қатарлы жiбек баудан тұрады. Қатырманың шұғадан жасалған 2 конты болады, бiреуi - тiк қатырманың ширек бөлiктерiнiң басын бiрiктiретiн тiгiске тiгiледi де, екiншiсi - қосыла тiгiлген қант фуражканың қатырмасына кигiзiлген репстi жiбек лентаны ұстап тұру үшiн қатырманың төменгi шетiнен алғанда 0,5 см аралықтан өткiзiледi. Фуражканың формасын келтiрiп, сақтау үшiн алдыңғы шаралылықтары алға қарай шамалы еңкейтіліп, қатты тағандарға бекітіледi. Фуражканың iшкi жағына етегіндегі қанттан жоғары металл қаңқа салынады.
2. Формалы құлақшын
Формалы құлақшын сырылған мақта астарлы, төбесi 4 сай болып келедi, күнқағары мен желкелiгi тұтаса пiшiлген құлақжабары болады. Әртүрлi құрамадан тiгiледi: күнқағарының және құлақжабарымен тұтаса келген желкелiгiнiң үстi қара түстi цигейка мехынан: құлақшынның жоғары жағының қалған бөлiктерi қара түстi былғарыдан тiгiледi. Құлақжабарының ұштарына бау тағылады. Күнқағарының ортасына белгi қадалады. Құлақшынның барлық бөлiктерi төбесiнiң күнқағары мен желкелiгi ортасының желiсiне қарсы келетiн орталық тiгiстерiмен салыстырғанда тепе-тең орналасуы тиiс. Құлақшынның үстi былғарыдан тiгiледi. 3. Формалы берет
Формалы берет таза жүннен тiгiссiз, жұмсақ дөңгелек формада жасалады. Береттiң маңдайына белгi тағылады. Берет ерлер мен әйелдердiң жазғы костюмдерiне сәйкес бас киiмi болып табылады.
АЯҚ КИIМ
1. Ерлердiң қара түстi iшi мех қысқы етiктерi. 2. Ерлердiң қара түстi жазғы туфлилерi. 3. Ерлердiң қара түстi күзгi туфлилерi. 4. Әйелдердiң қара түстi iшi мех қысқы етiктерi. 5. Әйелдердiң қара түстi аласа тақалы жазғы туфлилерi. 6. Әйелдердiң қара түстi, аласа тақалы немесе шағын платформалы күзгi туфлилерi. Ескерту: аяқ киiмдер жалпыға бiрдей кең таралған стандарт үлгiлерi бойынша. ЕРЛЕР ЖЕЙДЕСI Жейденiң жеңдерi ұзын келедi. Жейде еркiн формалы, тiк. 4 формалы түймемен түймеленедi. БАС КИIМДЕРГЕ ҚАДАЛАТЫН БЕЛГIЛЕР
Бас киiмдер үшiн диаметрi 40 мм дөңгелек таңба түрiнде арнаулы үлгiдегi белгi дайындалады. Көгiлдiр фонда ұшып жүрген алтын түстес бүркiт бейнеленедi. Оның биiкке қанат қаққандағы екi қанатының ортасында табиғат ресурстарының негiзгi түрлерi - алдында көк теңiз, одан әрi өсiмдiк әлемiнiң құшағындағы жер, арт жағында шығып келе жатқан күн нұрына шағылысқан ақ қарлы тау сiлемi көрiнедi. Белгiден бұдан басқа формалы фуражкаға сұрғылт түстi жiбектен ызылған екi бау тағылады. ФОРМАЛЫ КИIМДЕРДIҢ ТҮЙМЕЛЕРI
Формалы киiмдерге алтын түстi, үстi тегiс және айналасы жиектелген түймелер пайдаланылады. Пәлтелер мен пиджактар үшiн - 22 мм, жазғы костюмдердiң, курткалардың, блузкалардың жеңiнiң манжеттерi үшiн пәлтенiң тiлшiктерi, пәлте айырықтары, фуражка үшiн - 14 мм. АЙЫРЫМ БЕЛГIЛЕРI
Иықтық айырым белгiлер күмiс түстi алмалы-салмалы иықтық қатырмалардан ұзындығы - 12 см, енi - 5 см болып дайындалады. Оған қанатын қаққан көгершiн түріндегі кiшi бейнелер мен дәрежесiне байланысты кесе көлденең оқалар мен жұлдызшалар түріндегі енi 30-дан 7 мм-ге дейiнгi айырым белгiлерi көлемiне сәйкес жұлдызшалар бекітіледi. Негiзгi белгiнi бекiтетiн түйме шағын формада болады. Айырым белгiлер табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жоғары, аға, орта, кiшi және қатардағы құрамдардың 9 категориясы үшiн белгiленедi. ФОРМАЛЫ КИIМДЕРДI, БАС КИIМДЕР МЕН АЯҚ КИIМДЕРДI БЕРУ НОРМАЛАРЫ МЕН КИIС МЕРЗIМДЕРI
Формалы киiмдерi, бас киiмдерi және аяқ киiмдердi беру кестеде көрсетiлген мерзiмге нормаға сәйкес жүргiзiледi. Кесте Формалы киiмдi, аяқ киiмдi және бас киiмдi беру нормасы мен олардың киiс мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлігінiң қызметкерлерiнiң қызмет категорияларының
КЕСТЕСI
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |