|
|
|
«Ауыр заттарды қолмен көтергенде және тасығанда
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Кәсiпорындарда, мекемелерде, кооперативтерде, шаруа қожалықтарында және меншiк пен шаруашылық жүргiзудiң кез келген нысандарындағы басқа да ұйымдарда жұмыс iстейтiн әйелдер үшiн салауаттылықты және қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Ауыр заттарды қолмен көтергенде және тасығанда әйелдер үшiн жол берiлер салмақ шегiнiң нормалары қосымшаға сәйкес бекітілсiн. Аталған нормалар оларды бекiткен күннен бастап жобалау, конструкторлық және технологиялық ұйымдардың жобалау құжаттарын әзiрлеу кезiнде қолдануы үшiн мiндетi болып табылады. Бұл нормаларды енгізуге бақылау жасау Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігіне жүктелсiн. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, кооперативтердiң, шаруа қожалықтарының және меншiк пен шаруашылық жүргiзудiң әр түрлi нысандарындағы басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшылары ауыр жүктердi көтеру мен тасуда әйелдер қолмен атқаратын жұмыстарды 1994-1998 жылдар iшiнде механикаландыру жөніндегі шараларды қолданып, iске асырсын, мұнда салмақ көтерудiң жол берiлер шегiнiң жаңа нормалары кезең-кезең бойынша енгiзiлуi ескерiлсiн. Салалық тарифтiк келісімдер мен ұжымдық шарттарда жаңа нормалардың енгiзiлуiне байланысты әйелдердi жұмыстан босатуды болдырмайтын аталған шараларды орындау жөніндегі тараптардың мiндеттемелер алуы көзделсiн. 2. Қазақстан Республикасының Стандарттау және метрология жөніндегі бас басқарма мүдделi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен және ведомстволармен бiрге ауыр заттарды қолмен көтергенде және тасығанда әйелдер үшiн жол берiлер салмақ шегiнiң жаңа нормаларын есепке ала отырып, қолданылып жүрген стандарттар мен техникалық шарттарды, соның iшiнде тауарларды буып-қаттауға арналған ыдыс түрлерi бойынша да, қайта қарасын және қажетiнше оларға тиiстi өзгерістер енгiзсiн. Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚРҮ-нiң 1996.08.20 № 1031 қаулысымен. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының өндiрiс ерекшелiктерiн ескере отырып, ауыр заттарды қолмен көтерген және тасыған кездегi салмақтың әйелдер денсаулығына әсерiн зерделеу жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырсын және тиiстi ұсыныстар әзiрлесiн. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі осы мақсатқа қаражат бөлiнуiн көздесiн. 4. "СССР Министрлер Советi мен ВЦСПС-тiң "Ауыр заттарды қолмен көтергенде және тасығанда әйелдер үшiн жол берiлер салмақ шегiнiң жаңа нормаларын енгізу туралы" 1981 жылғы 5 желтоқсандағы № 1149 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советi мен Кәсiподақтардың Қазақ республикалық советiнiң 1982 жылғы 8 қаңтардағы № 11 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., № 4, 18-бап) күшiн жойған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 20 қаңтардағы № 89 қаулысына Қосымша
Ауыр заттарды қолмен көтергенде және тасығанда әйелдер үшiн жол берiлер салмақ шегiнiң НОРМАЛАРЫ _____________________________________________________________________ Жұмыс сипаты і Жүктiң жол берiлер і салмағының шегi _____________________________________________________________________ Ауыр заттарды басқа жұмыспен кезектестiре отырып көтеру және тасу (сағатына 2 ретке дейiн) 10 кг Жұмыс ауысымы бойына ауыр заттарды көтеру және тасу 7 кг Жұмыс ауысымының әрбiр сағаты бойына жұмыс ырғағының шамасы мынадан артпауға тиiс: жұмыс орнының үстiңгi жағынан 1750 кгм еденнен 875 кгм
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |