|
|
|
Инвестициялық жекешелендiру қорларының және осы қорлар басқарушыларының
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған ұлттық бағдарламасына сәйкес инвестициялық жекешелендiру купондарын инвестициялық жекешелендiру қорларына салған азаматтардың мүдделерiн қорғау және бағалы қағаздардың тұрақты нарығын жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Инвестициялық жекешелендiру қорларының және осы қорлар басқарушыларының қызметiн бақылау туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. 2. Инвестициялық жекешелендiру қорларына және осы қорлар басқарушыларына лицензиялар беру жөніндегі ведомствоаралық комиссия Инвестициялық жекешелендiру қорлары мен осы қорлар басқарушылары қызметiнiң тәртібі туралы Ереженi бiр апта мерзiм iшiнде әзiрлеп, бекiтсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 мамырдағы № 471 қаулысымен бекітілген
Инвестициялық жекешелендiру қорларының және қорлар басқарушыларының қызметiн бақылау туралы ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже инвестициялық жекешелендiру қорларына және олардың басқарушыларына лицензиялар беру жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрi- Комиссия) және оның жұмыс органдарының инвестициялық жекешелендiру қорлары (0бұдан-әрi қорлар) мен оларды басқарушылардың қызметiн бақылауды жүзеге асыруының тәртібін, сондай-ақ олардың функциялары мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi. 2. Бақылаудың мақсаты өздерiнiң инвестициялық жекешелендiру купондарын (бұдан әрi - купондар) қорларға салған азаматтардың мүдделерiн қорғау үшiн заңдар мен нормативтiк актiлерде қорлардың ұйымдық-құқықтық мәртебесiне қойылатын талаптарды олардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. II. Комиссияның қорлар қызметiн бақылайтын жұмыс органдары
3. Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жекешелендiру қорының құрылымдық бөлiмшелерi Комиссияның жұмыс органдары болып табылады. Комиссияның тапсыруы бойынша қолданылып жүрген заңдарға, нормативтiк актiлер мен осы Ережеге сәйкес комиссияның жұмыс органдары қорлардың және қорлар басқарушыларының қызметiн реттеп отырады және бақылайды. 4. Қорлар мен олардың басқарушылары қызметiнiң заңдылығын тексеру үшiн жұмыс органдарының: осы Ережеге сәйкес қорларды басқару органдарымен олардың басқарушыларынан кез келген ақпарат (анықтамаларды, түсiнiктемелiк жазбаларды және басқаларды) пен құжаттаманы сұрауға; қажет болғанда қаржы бақылау органдарын, салық қорлар мен олардың басқарушылары қызметiнiң сәйкестiгiн тексеруге; қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк актiлердiң бұзылғаны анықталған жағдайда шаралар қолдану үшiн Комиссияға тиiстi құжаттама түсiруге құқы бар. 5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде жұмыс органдары: қорлар аудиторлары мен депозитарийлерiнiң ақпаратын; салық органдары мен басқа да мемлекеттік бақылау органдарының ақпаратын; бақылау жөніндегі тiкелей қызметiнiң нәтижесiнде алынған ақпаратты, сондай-ақ қорлар мен олардың басқарушыларының қызметiн тексерудiң қорытындыларын; қорлардың акционерлерiнен немесе жұртшылықтан келiп түсетiн шағымдар мен ұсыныстарды пайдалана алады. 6. Жергiлiктi жерлердегi қорлардың қызметiн бақылау комиссиясы жұмыс органдарының қызметiн мемлекеттік мүлiк жөніндегі аумақтық комитеттер (бұдан әрi -аумақтық комитет) қамтамасыз етедi. 7. Аумақтық комитеттердiң жұмысын Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының тиiстi басқармасы үйлестiрiп, ол Комиссия бекiткен тексеру жоспарын аумақтық комитеттерге жеткiзедi, есеп-қисап алады, оларды тұжырымдап, Комиссияның мәжілісiне тапсырады. 8. Комиссияның мәжілістерi қажетiне қарай, бiрақ айына кем дегенде бiр рет өткiзiледi. Жұмыс органдары түсiрген ақпарат негiзiнде Комиссия тиiстi шешiмдер қабылдайды. III. Комиссияның жұмыс органдарының бақылау функциялары
9. Қорлар мен олардың басқарушыларының қызметiн бақылау: қорлар құжаттамасын ресiмдеу, шешiмдер қабылдау процедурасы, басқару органдары; қаржы тәртібін және азаматтардың купондарын жинақтау ережелерiн сақтау бағытында жүзеге асырылады. 10. Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы қорлардың қызметiн үйлестiрiп, реттейдi, сондай-ақ қорлар мен олардың басқарушыларының нормативтiк құжаттар мен осы Ережеге қатысты: қорлардың құрылтайлық құжаттарды жинақы ұстау мен тиiсiнше ресiмдеуiне және олардың қайта тiркелуiне; жетекшi адамдардың ықпалы арқылы шектеулердiң сақталуына; акционерлердiң жалпы жиналыстарын өткізу процедурасының сақталуына және олар қабылдайтын шешiмдердiң заңдарға сәйкес келуiне; қорларды басқару құрылымының Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1290 қаулысымен бекітілген инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы Ережеге сәйкес келуiне; бұқаралық ақпарат құралдарында берiлетiн қорлардың жарнамасының дұрыс болуына; нормативтiк актiлердiң талаптарына сәйкес қорлардың қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының Меммүлiккомына дер кезiнде беруi мен баспасөзде жариялауына бақылау жасауды жүзеге асырады. 11. Мемлекеттік жекешелендiру қоры қорлар мен оларды басқарушылардың қызметiне қатысты: қорлардағы азаматтар купондарының нақты санына, олардың қозғалымына, дер кезiнде өтелуiне және тиiстi құжаттаманың дұрыс ресiмделуiне; қорлардың қаржы тәртібін сақтауына, өзара есеп-қисапты жүзеге асыруына, барлық алымдар мен төлемдердiң өтелуiне; Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы Ереженiң басқарушы мен депозитарийдiң қызмет көрсетуiне ақы төленуiне қатысты сақталуына; қорлардың төлемдiк қабiлетiнiң анықталуына; қорлар капиталына қаржы-инвестициялық баға беру жайында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын материалдардың дұрыстығына; Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы Ережеге және басқа да нормативтiк актiлерге сәйкес қор қызметiн шектеулердi қорлардың сақтауына бақылау жасайды. IV. Қорлардың қызметiн бақылау жөніндегі Комиссиясының өкiлеттiгi
12. Комиссия қорлар мен олардың басқарушыларының қызметiн бақылау жөніндегі өз өкiлеттiгiн: ескерту жасау; лицензияның күшiн уақытша тоқтату; лицензияны қайтарып алу арқылы жүзеге асырады. 13. Комиссия қолданылып жүрген заңдарды немесе нормативтiк құжаттарды қорлар немесе олардың басқарушылары бұзған жағдайда оларға кез келген уақытта ескерту жасауға құқылы. Ескертуде тәртiп бұзу деп саналатын iс әрекет нақтылы және оны жоюдың мерзiмi көрсетiлуге тиiс. 14. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 шiлдедегi № 663 қаулысымен бекітілген Инвестициялық жекешелендiру қорларының, сол қорлар басқарушыларының қызметiн лицензиялаудың тәртібі туралы және лицензияның күшiн тоқтату мен қайтып алу туралы Ережеде белгiленген жағдайларда лицензияның күшi тоқтатылуы немесе қайтарып алынуы мүмкiн. 15. Қорлар немесе олардың басқарушылары қолданылып жүрген заңдармен нормативтiк актiлердi бұзған жағдайда Комиссия өз қалауынша басқа жағдайларда да лицензияның күшiн тоқтата немесе оны қайтарып ала алады. 16. Лицензияның күшi 30 күнге дейiнгi мерзiмге немесе жол берiлген тәртiп бұзушылықтар жойылғанға дейiн тоқтатылуы мүмкiн. Лицензиясының күшi уақытша тоқтатылған қор мамандандырылған купондық аукционға жiберiлмейдi әрi оның азаматтардан купондар жинақтауына тиым салынады. 17. Қор лицензиясы қайтарып алынған жағдайда оның басқарушысы да қорды басқару лицензиясынан және бағалы қағаздармен одан әрi iстеу құқығынан айырылады. Басқарушының лицензиясы қайтарып алынған жағдайда қордың Байқаушы кеңесi басқа басқарушы тағайындайды. 18. Қор лицензиясы қайтарып алынған жағдайда Комиссия төрелiк сотқа қорды жабу туралы өтiнiш жасайды. Комиссияның жұмыс органдары қордың бағалы қағаздарының, ақша қаражаты мен мүлкiнiң Комиссия тиiстi шешiм қабылдағанға дейiн сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданады. 19. Комиссия қорларды және олардың басқарушыларын өзiнiң шешiмдерiмен тәртiптiк ықпал ету шаралары туралы жазбаша түрде хабардар етедi. V. Комиссияның жұмыс органдарының iс-қимылдарына шағым беру
20. Комиссия жұмыс органдарының қорлар мен қорлар басқарушыларының қызметiн бақылауындағы iс-қимылдары жайында Комиссияға шағым жасауға болады. Шағым жазбаша түрде Комиссия Төрағасының атына берiлiп, Комиссияның мәжілісiнде алынған күннен бастап 10 күн iшiнде қаралуға жатады. 21. Комиссия өз жұмыс органдарының iс-қимылдарының дұрыстығын қуаттаған жағдайда қор өкiлдерi, қор басқарушысы немесе өзге де заңды және жеке тұлғалар Комиссияның шешiмдерiне сот арқылы шағым жасауға құқы бар.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |