Мемлекеттік холдинг компаниялары туралы»
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының экономикасында жаңа нарықтық құрылымдардың қалыптасуын жеделдету, жекешелендiру барысында ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету, экономиканы мемлекеттік реттеудi одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн: 1. Мемлекеттік холдинг компаниялары туралы Ереже бекітілсiн. Мемлекеттік холдинг компаниялары өтпелi кезеңде экономиканы мемлекеттік ұтымды реттеуiн жүзеге асыру үшiн жұмыс iстейтiн құрамдар ретiнде жасақталатын болып белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi холдинг компанияларының өтпелi кезеңге қажет санын анықтасын және оларды құру жөнiнде ұйымдастыру шараларын қолдансын. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi: - акцияларының мемлекеттік пакеттерi холдинг компанияларының қорына кiргiзiлетiн кәсiпорындардың тiзбесiн бекiтсiн, әрi осы қорлардың құралуын қамтамасыз етсiн; - холдинг компанияларының қызметiн реттейтiн нормативтi құжаттардың пакетiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Президентi
МЕМЛЕКЕТТIК ХОЛДИНГ КОМПАНИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже құрылған кезiнде қаржысының мемлекеттік үлесi 25 проценттен астам болған мемлекеттік холдинг компанияларына немесе мемлекет қатысатын холдинг компанияларына /бұдан әрi - холдинг/ қолданылады. Мемлекеттік холдинг компаниялары деп акцияларының мемлекеттік пакетi 51 және одан да астам процент болатын холдинг компанияларын атайды. 1.2. Холдинг-қаржы ресурстарын орталықтандырудың жоғары деңгейiн және оларды пайдаланудың мейлiнше табысты болуына жету, холдинг кәсiпорындарын басқару тиiмдiлiгiн арттыру және олардың қызметiн мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру мақсатында акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн сатып алу жолымен құрылған акционерлік қоғам болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары жерлерде әрекет жасайтын кез-келген заңды ұйым мен жеке адамдар, ерiктi негiзде немесе мемлекеттік басқару органдарының шешiмiмен бiрiккен ұлтаралық компаниялар холдингтiң акционерлерi бола алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|