|
|
|
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестерімен және ауруларымен күрес жөніндегі шаралар туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен күші жойылды
Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн зиянкестерден және аурулардан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың тамыз айының iшiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы өсiмдiктер зиянкестерiнiң, ауруларының және арамшөптердiң көбею ошақтарын анықтау мақсатында зерттеу жүргізудi ұйымдастырсын. Көрсетiлген зерттеулердi жүргізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды бiр көзден принципi бойынша 1999 жылға арналған республикалық бюджетте "Ауыл, су (су кадастрын жасау) және орман шаруашылықтары мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражаттың есебiнен және шегінде жүргiзсiн. Облыстардың әкiмдерi көрсетiлген зерттеулердi жүргізуге жәрдем көрсетсiн және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен 2000 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде өсiмдiктердiң зиянкестерi мен ауруларының алдын алу және күресу жөніндегі жұмыстар үшiн қаржы енгізу жөнiнде шаралар қабылдау ұсынылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі 1999 жылдың 25 тамызына дейiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстардың тұрғысында 2000 жылға арналған қажеттi материалдық-техникалық және қаржы ресурстарына қажеттілiк есептерiмен бiрге осы қаулының 1-тармағына сәйкес жүргізiлген зерттеулердiң қорытындысы бойынша ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қалыптастыру кезiнде оларды 2000 жылдың қаңтар-ақпан айында толық көлемде бөлу шартымен өсімдiктердiң жалпы зиянкестерi мен ауруларының алдын алуға және жоюға арналған мақсатты қаражаты көздесiн. 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2000 жылдың 15 наурызына дейiн мерзімде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пестицидтер мен өсiмдiктердiң зиянкестерi мен ауруларының алдын алуға және күресуге байланысты жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) қажеттi көлемiн сатып алуға арналған келісiмшарттар мен шарттар жасауды қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан қосымшаға сәйкес құрамда консультативтiк-кеңесшi орган - Өсiмдіктердiң зиянкестерi мен ауруларының алдын алу және күресу жөнiндегі республикалық кеңес құрылсын. 6. Ауыл шаруашылығы министрлiгі үстiмiздегі жылдың қыркүйегiнен кешiктiрмей мүдделi министрлiктер мен агенттiктердің қатысуымен зиянкестер мен аурулардың алдын алу және жою жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған республикалық бағдарламаны әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекіту үшiн ұсынсын. 7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, шекара маңындағы облыстардың әкiмдерi шектес мемлекеттермен ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн зиянкестер мен аурулардан қорғау жөнiнде бiрлескен шаралар жүргiзу жөніндегі мәселенi пысықтасын. 8. Осы қаулы қол қойылған күннен күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1183 қаулысына қосымша
Өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларының таралуының алдын алу және күресу жөніндегі республикалық кеңестің Құрамы
Мыңбаев Сауат - Қазақстан Республикасының Ауыл Мұхаметбайұлы шаруашылығы министрі, төраға Амантаев Жеңісбек - Қазақстан Республикасы Ауыл Жауынбайұлы шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары Баяхметов Еркеш - Қазақстан Республикасы Баяхметұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі Аймақтық даму және кадр бөлімінің бас инспекторы, төрағаның орынбасары Кеңестің мүшелері: Бахмутова Елена - Қазақстан Республикасының Қаржы Леонидовна министрлігі Бюджет департаментінің директоры Кәрімов Болат - Қазақстан Республикасының Көлік, Есенгелдіұлы коммуникациялар және туризм министрлігі Азаматтық авиация департаментінің директоры Жарылғапов Нұрғазы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ғалымұлы кіріс министрлігінің Кеден комитеті төрағасының орынбасары Нұрмұратұлы Тілеу - Қазақ өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |