|
|
|
Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөніндегі мекемелер мен кәсiпорындарды «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталықтары» мемлекеттік кәсiпорны етiп қайта құру туралы
«Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 168-құжат) мен «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 20 ақпандағы № 236 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 8, 56-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қол астындағы Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөніндегі облыстық (қалалық) мекемелер мен кәсiпорындарды әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi филиалдары жүйесiмен қоса «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiктер жөніндегі орталықтары» мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) болып қайта құрылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2007.29.01. № 64 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 4. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiрдейлiк, техникалық және құндық сипаттарын айқындау жөніндегі қызметтердi, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi: бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғыларын бекiтсiн; заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырсын. 6. ҚР Үкіметінiң 2000.01.05. № 12 қаулысымен алып тасталды 7. ҚР Үкіметінің 2016.29.01. № 39 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 8. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі екi айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметіне бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. 10. «Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 қаңтардағы № 30 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 2, 15-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |