Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес осы Жарлықты шығарамын. 1-бап. 1996 жылға арналған республикалық бюджет: қолданылып жүрген бюджеттік сынаптама бойынша 1-қосымшаға сәйкес кiрiстерi бойынша - 149646054 мың теңге, шығыстары бойынша - 193597186 мың теңге, тапшылықтың шектi мөлшерi - 43951132 мың теңге сомасында бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1996 жылдың iшiнде жаңа бюджеттік сынаптама бойынша республикалық бюджеттi 2-қосымшаға сәйкес атқару кезең-кезеңмен көшудi жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі: - жаңа бюджеттік сынаптамаға көшу ретiне қарай республикалық бюджеттік кiрiс бөлiгiн ведомстволық сынаптама бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiнiң ерекшелiктерiн және шығыс бөлiгiн ескере отырып бекiтсiн; - осы Жарлықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес сомалар шегiне республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарын арнап бөлудi жүзеге асырсын. 2-бап. Осы Жарлық қолданылатын кезеңде Қазақ КСР-iнiң 1991 жылғы 17 маусымдағы «Ең төменгi тұтыну бюджетi туралы» (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 25, 324-құжат, 325-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 8, 140-құжат) және Қазақ КСР-iнiң 1991 жылғы 17 маусымдағы «Ең төменгi жалақы және еңбекақы төлеу саласындағы мемлекеттік әлеуметтiк кепiлдiктер туралы» (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 25, 326-құжат, 327-құжат) Заңдарының күшi сондай-ақ Қазақ КСР-i мен Қазақстан Республикасы заң актілерінiң, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлықтарының осы Жарлыққа «ең төменгi жалақы» ұғымын пайдалануға қайшы келетiн бөлiгiнде күшi тоқтатылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|