|
|
|
«Уран өнімін қайта өңдеу туралы»
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамына 2000 жылы құрамында ураны бар шикізатты қайта өңдеуге "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлік қоғамы мен "Қарабалта тау-кен комбинаты" акционерлік қоғамы арасындағы 2000 жылғы 27 наурыздағы № 55 шартқа сәйкес жер астында сілтіден тазартылған СЭҚ ТН коды 2844 10 390 ураны бар өнімдерді Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына қайта өңдеуге әкетуге және СЭҚ ТН коды 2844 10 390 қайта өңделген өнімдерді көрсетілген шарттағы мөлшерде және ережелерге сәйкес Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті мен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ядролық материалдардың әкетілуін және әкелінуін бақылауды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |