|
|
|
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы Қазақстан ҚР 2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II кодексіне сәйкес күші жойылды ҚР 16.07.99 ж. № 426-I Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда I бөлім. Жалпы ережелер (1 - 18 баптар) 1-тарау. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі (1 - 6 баптар) 2-тарау. Кеден ісін ұйымдастыру (7 - 18 баптар) II бөлім. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы (19 - 27 баптар) тауарлар мен көлік құралдарын өткізу 3-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің негізгі (19 - 27 баптар) қағидаттары III бөлім. Тауарлардың кеден режимі (28 - 105 баптар) 4-тарау. Тауарларды еркін айналысқа шығару (28 - 29 баптар) 5-тарау. Тауарлардың кері импорты (30 - 32 баптар) 6-тарау. Тауарлар транзиті (33 - 38 баптар) 7-тарау. Кеден қоймасы (39 - 49 баптар) 8-тарау. Бажсыз сауда жасайтын дүкен (50 - 53 баптар) 9-тарау. Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды (54 - 60 баптар) ұқсату 10-тарау. Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату (61 - 63 баптар) 11-тарау. Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету (64 - 70 баптар) 12-тарау. Еркін кеден аймағы және еркін қойма (71 - 82 баптар) 13-тарау. Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату (83 - 93 баптар) 14-тарау. Тауарлар экспорты (94 - 96 баптар) 15-тарау. Тауарлардың кері экспорты (97 - 99 баптар) 16-тарау. Тауарларды жою (100 - 102 баптар) 17-тарау. Мемлекет пайдасы үшін тауардан бас тарту (103 - 105 баптар) IV бөлім. Арнайы және қосымша ережелер (106 - 108 баптар) 18-тарау. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы (106 - 108 баптар) көлік құралдарымен тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу V бөлім. Кеден төлемдері (109 - 153 баптар) 19-тарау. Негізгі ережелер (109 - 120 баптар) 20-тарау. Кеден төлемдерін есептеу мен төлеу (121 - 140 баптар) 21-тарау. Тауардың шыққан елін айқындау (141 - 147 баптар) 22-тарау. Тарифтік жеңілдіктер, тарифтік артықшылықтар (148 - 152 баптар) VI бөлім. Кедендік ресімдеу (153 - 202 баптар) 23-тарау. Жалпы ережелер (153 - 162 баптар) 24-тарау. Алдын ала жүргізілетін операциялар (163 - 169 баптар) 25-тарау. Уақытша сақтау (170 - 180 баптар) 26-тарау. Кеден делдалы (брокерI) (181 - 187 баптар) 27-тарау. Кедендiк тасымалдаушы (188 - 191 баптар) 28-тарау. Мәлiмдеу (192 - 202 баптар) VII бөлім. Кеден бақылауы (203 - 218 баптар) 29-тарау. Жалпы ережелер (203 - 212 баптар) 30-тарау. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы (213 - 218 баптар) өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кеден бақылауын жасауға қатысты қосымша ережелер VIII бөлім. Валюта бақылауы (219 - 222 баптар) 31-тарау. Қазақстан Республикасы кеден органдарының валюта бақылауын (219 - 222 баптар) жүзеге асыруы IХ бөлім. Шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарына берілетін (223 - 232 баптар) кеден жеңілдіктері 32-тарау. Шетел мемлекеттерінің өкілдіктері мен олардың (223 - 228 баптар) қызметкерлеріне арналған кеден жеңілдіктері 33-тарау. Шетелдік өзге тұлғаларға берілетін кеден жеңілдіктері (229 - 232 баптар) Х бөлім. Сыртқы экономикалық қызметтің кеден статистикасы мен (233 - 241 баптар) тауар номенклатурасын жүргізу 34-тарау. Кеден статистикасын жүргізу (233 - 236 баптар) 35-тарау. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын жүргізу (237 - 241 баптар) ХI бөлім. Кеден ісі саласындағы қылмыстар, Қазақстан (242 - 247 баптар) Республикасы кеден органдарының анықтама және жедел іздестіру қызметі 36-тарау. Кеден ісі саласындағы қылмыстар, Қазақстан Республикасының (242 бап) кеден органдары анықтама жүргізу органдары ретінде 37-тарау. Қазақстан Республикасы кеден органдарының жедел іздестіру (243 - 245 баптар) қызметі 38-тарау. Бақылау жасалатын жеткізілімдер (246 - 247 баптар) XIII бөлім. Ақпарат және консультация беру алдын ала (372 - 379 баптар) шешімдер қабылдау 52-тарау. Адамдарды кеден мәселелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз (372 - 375 баптар) ету және оларға консультация беру 53-тарау. Алдын ала қабылданатын шешімдер (376 - 379 баптар) ХIV бөлім. Тауарлар мен көлік құралдарына иелік ету және (380 - 384 баптар) кеден қызметінен алынған қаражатты пайдалану 54-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарына иелік ету (380 - 384 баптар) XVI бөлім. Қазақстан Республикасы кеден органдарының (397 - 426 баптар) лауазымды адамдары 58-тарау. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды (397 - 399 баптар) адамдарының құқық мәртебесі 59-тарау. Мәжбүр ету шараларын арнайы құралдар мен атыс қаруын (400 - 404 баптар) қолдану 60-тарау. Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды (405 - 412 баптар) адамдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау 61-тарау. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметіне қол (413 - 423 баптар) сұғатын әкімшілік тәртіп бұзушылықтар, осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік, олар туралы іс жүргізу және оларды қарау 62-тарау. Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың (424 - 426 баптар) лауазымды адамдарының жауапкершілігі ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен бүкіл мәтін бойынша сөздер ауыстырылды 1-тарау. Қазақстан Республикасындағы кеден ісі 1-бап. Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Қазақстан Республикасындағы кеден iсi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткізу тәртібі мен шарттарын, кеден төлемдерi мен салық алуды, кедендiк ресiмдеудi, кеден бақылауын және кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметiнiң ұйымдық-құқықтық негiздерiн қамтиды. 2-бап. Қазақстан Республикасының кеден саясаты Қазақстан Республикасында оның iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi болып табылатын бiртұтас кеден саясаты жүзеге асырылады. Кеден саясатын орталық мемлекеттік өкiмет органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары: Қазақстан нарығын қорғау; Қазақстан өндiрушiлерi мен тұтынушыларын қорғау; экономиканың дамуын ынталандыру; экономикада құрылымдық қайта құру жүргiзуге жәрдемдесу; бәсекенi ынталандыру және монополизмге қарсы әрекет ету; экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндiрiстi ынталандыру; шетел инвестицияларын тарту; сауда саясаты мiндеттерiн шешу; осы Заң және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік өкiмет органдары айқындайтын басқа да мақсаттар болып табылады. ҚР Президентінің 26.01.96 ж. № 2824 Жарлығымен ; ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағы мен кеден шекарасы Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының құрлықтағы жерi, аумақтық сулары, iшкi сулары және олардың үстіндегі әуе кеңiстiгi жатады. Қазақстан Республикасының кеден аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тек қана теңiздегi ерекше экономикалық аймағында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және басқа объектiлер кiредi, бұлар кеден iсi жөнiнде тек Қазақстан Республикасының ғана қарамағында болады. Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркін еркін кеден аймақтары мен еркін қоймалары орналасуы мумкін. Іркін кеден аймақтары мен еркін қоймалар аумағы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс орналасқан болып қаралады, тек басқа жағдайларды санамағанда, осы Заңмен және басқа да Қазақстан Республикасының кеден ісі жөніндегі заңнамасымен айқындалады Қазақстан Республикасының кеден аумағында периметр бойынша шектелген еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың орналасуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы кеден аумағының шектерi, сондай-ақ еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың периметрi кеден шекарасы болып табылады. 4-бап. Кеден iсi және халықаралық экономикалық интеграция Халықаралық экономикалық интеграцияны дамыту мен нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен кеден одақтарын, еркiн сауда аймақтарын құрады, халықаралық құқық нормаларына сәйкес кеден мәселелерi бойынша келісімдер жасайды. ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 5-бап жаңа редакцияда 5-бап. Кеден заңдары Қазақстан Республикасындағы кеден iсi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiмен және кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi. Кеден iсi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінің ережелерi осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуi керек және кеден iсiнде осы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының кеден заңдарында бар ережелерден өзге қағидалар белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады. ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 6-бап жаңа редакцияда 6-бап. Кеден заңдарының қолданылатын уақытындағы күшi Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден iсiнде Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясын және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттарды қабылдаған күнi күшiнде болған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері қолданылады. Осы Заңда белгiленген талаптарды бұза отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткізуге: Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын iс жүзiнде өткiзген күнi; егер iс жүзiнде өткiзген күндi белгiлеу мүмкiн болмаса, кедендiк құқық бұзушылық анықталған күнi қолданылып жүрген кеден заңдары қолданылады. 2-тарау. Кеден ісін ұйымдастыру ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Кеден iсiн басқару Кеден iсiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі және кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының орталық кеден органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының орталық кеден органы заңды тұлға болып табылады және ол өз құзыры шегiнде жұмыс iстейдi. Қазақстан Республикасының орталық кеден органы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Қазақстан Республикасының орталық кеден органының басшысын кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды. ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 8-бап жаңа редакцияда 8-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары "Құқық қорғау органдары болып табылатын Қазақстан Республикасының кеден органдары бiртұтас жүйенi құрайды, оған мыналар кiредi: Қазақстан Республикасының орталық кеден органы; кеден басқармалары; кедендер; кеден күзеттерi. Кеден басқармалары мен кедендер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады, Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен Ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi. Кеден күзеттерi Қазақстан Республикасы орталық кеден органының ұсынысы бойынша кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмiмен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады да кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен Ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi. ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 9-бап жаңа редакцияда 9-бап. Кеден органдарының мiндеттерiн шешуге ықпал ететiн ұйымдар Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы орталық кеден органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы кеден органдарының мiндеттерiн шешуге ықпал ететiн ұйымдар, оның iшiнде ғылыми-зерттеу мекемелерiн, кәсiби білім беретiн оқу орындарын және кеден лабораторияларын құру туралы ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының кеден органдарының, Қазақстан Республикасының орталық кеден органына ведомстволық бағыныстағы кеден лабораторияларының, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оқу орындарының және өзге де ұйымдарының мүлкi мемлекет меншiгi болып табылады. Мемлекеттік меншiк объектiлерiн, оның iшiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған ұйымдарды жекешелендiру кезiнде тек қана кеден мақсаттары үшiн пайдаланылатын мүлiк Қазақстан Республикасының заң актілері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерінде белгiленген тәртiппен оқшауландырылады және Қазақстан Республикасы кеден органдарының балансына берiледi. ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 10-бап жаңа редакцияда 10-бап. Кеден iсi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының орталық кеден органы өз құзыретi шегiнде кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды. Аталған актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тiркеуге және жариялануға жатады. ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының негiзгi мiндеттерi Қазақстан Республикасы кеден органдарының негiзгi мiндеттерi мынадай: 1) Қазақстан Республикасының кеден саясатын жасауға және жүргiзуге қатысу; 2) атқарылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыруға мiндеттi Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын; кеден iсiн жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету; 3) өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн және экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету; 4) сауда-экономикалық қатынастарды кедендiк реттеу құралдарын қолдану; 5) кеден төлемдерi мен салықтарын өндiрiп алу; 6) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар жөнiнде тарифтік емес реттеу шараларын өткізуге қатысу; 7) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткізу кезiнде рұқсат ету тәртібін сақтауды қамтамасыз ету; 8) кеден iсi саласындағы контрабанда мен қылмыстарға, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден ережелерiн және салық заңдарын бұзушылыққа қарсы күрес, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы есiрткi заттардың, психикаға әсер ететiн заттардың, қару-жарақтың, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи және археологиялық игiлiгi бұйымдарының, интеллектуалдық меншiк объектiлерiнiң, жойылып кету қаупi бар жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң, олардың бөлшектерi мен туындыларының, басқа да тауарлардың заңсыз айналымға түсуiне жол бермеу, сондай-ақ халықаралық терроризмге қарсы күреске жәрдемдесу және Қазақстан Республикасы әуежайларында халықаралық азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласуға жол бермеу; 9) кедендiк бақылау мен кедендiк ресiмдеу iсiн жүзеге асыру және жетiлдiру, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететiн жағдайлар жасау; 10) Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендiк статистикасын және арнаулы кеден статистикасын жүргiзу; 11) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзу; 12) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтардың осындай байланыстар шегіндегі қызметiнiң дамуына ықпал ету; 13) мемлекет қауiпсiздiгiн, халықтың имандылығын, адам өмiрi мен денсаулығын қорғау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсiмдiктердi сақтау, шеттен әкелiнетiн тауарларды республикада тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ықпал ету; 14) Қазақстан Республикасының мүдделерi үшiн стратегиялық және басқа өте маңызды материалдардың шетке әкетiлуiне бақылауды жүзеге асыру; 15) өз құзыры шегiнде валюта бақылауын жүзеге асыру; 16) кеден iсiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету; кеден iсiне байланысты Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын әзiрлеуге қатысу; шет мемлекеттердiң кеден және басқа құзырлы органдарымен, кеден iсi мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру; 17) кеден iсi саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және консультациялар беру; мемлекеттік органдар мен ұйымдар үшiн осы саладағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыру; 18) мемлекеттік өкiмет органдарына, ұйымдар мен азаматтарға кеден мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен қажеттi ақпараттар беру; 19) бiрыңғай қаржы-шаруашылық саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысу. 12-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының айырым жалауы мен айырым белгiсi Қазақстан Республикасының кеден органдары мен олардың қарамағындағы теңiз және өзен кемелерiнiң айырым жалауы мен айырым белгiсi болады. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қарамағындағы автокөлiк құралдары мен әуе кемелерiнiң айырым белгiсi болады. Айырым жалауы мен айырым белгiсiнiң сипаттамасын және қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 13-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының өзге де мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимылы Қазақстан Республикасының кеден органдары кеден iсi мiндеттерiн шешу мақсатында өзге мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасайды. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген мiндеттердi шешуде оларға жәрдем көрсетуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары өз бақылауымен басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға олардың құзырына қатысты жекелеген iс-қимылдарды орындауына жол бередi. Кеден iсiне жалпы басшылық жасамайтын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзырын қозғайтын шешiмдер қабылдауға, тиiстi рұқсатсыз олардың функциясын орындауға немесе өзгертуге, қосымша мiндеттер жүктеуге немесе осы Заңның ережелерi мен Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес келетiн кеден органдарының қызметiне басқадай түрде араласуға құқы жоқ. 14-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметтiк және тұрмыстық үй-жайлар, жабдықтар мен байланыс құралдарын беру Кеден құжаттарын ресiмдеу Қазақстан Республикасының кеден органдары орналасқан жерлерде емес, тiкелей өздерiнiң аумағында немесе үй-жайларында жүргiзiлуiне мүдделi ұйымдар мен азаматтар осы органдарға қажеттi қызметтiк және тұрмыстық үй-жайларды, жабдықтар мен байланыс құралдарын осындай ресiмдеу үшiн тегiн пайдалануға бередi. 15-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдарына жер учаскелерiн беру Кеден мақсаттары үшiн жер учаскелерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға берiледi. ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 16-бап өзгертілді 16-бап. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен азаматтар кеден мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кеден органдарына берген ақпаратқа қатынас Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының кеден органдарына берген ақпарат тек қана кеден мақсаттарына пайдаланылады. Мемлекеттік, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпарат, сондай-ақ жасырын ақпарат жария етiлмейдi, оларды Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары жеке мақсаттарына пайдаланбайды, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тiкелей көзделгеннен басқа жағдайларда үшiншi бiр адамға, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдарға берiлмейдi. 17-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының шетел мемлекеттерiнiң органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде шетел мемлекеттерiнiң кеден және өзге де құзырлы органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады. ҚР 16.07.99 ж. № 426-1; 05.07.00 ж. № 75-II Заңдарымен 18-бап өзгерді 18-бап. Осы Заңда пайдаланылған негiзгi ұғымдар Осы Заңда пайдаланылған ұғымдар мыналарды бiлдiредi: 1) "декларант" - тауарлар мен көлiк құралдарын өз атынан мәлiмдеушi, көрсетушi және ұсынушы тұлға; 2) "тұлға" - осы Заңның қағидаларында өзгеше көзделмеген жағдайлардан басқа кезде отандық және шетелдiк тұлғалар, жеке кәсiпкер, жеке тұлғалар; 3) "отандық тұлға" - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасында мекен-жайы бар филиалдары мен өкiлдiктерi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында тiркелген жеке кәсiпкер, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жеке тұлғалар; 4) "шетелдiк тұлға" - осы баптың 3-тармағында көрсетiлмеген тұлға; 5) "тауарларды өткізушi тұлға" - тауарларды меншiктенушi, оларды сатып алушы, тауар иесi не тауарлармен осы Заңда көзделген iс-әрекеттердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз атынан атқаруға жеткiлiктi басқа сапада көрiнетiн тұлға; 6) "тарифтiк емес реттеу шаралары" - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн және өзiне жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттік монополияны қамтитын шаралар; тауарларды әкетудi және /немесе/ әкелудi сандық шектеулер. 7) "салық" - тауарды еркiн айналысқа шығарған кезде оларды төлеу Қазақстан Республикасының салық заңымен көзделген және оларды өндiрiп алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген салықтар; 8) "тасымалдаушы" - тауарларды iс жүзiнде тасып өткізушi не көлiк құралдарын пайдалануға жауапты тұлға; 9) "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу" Қазақстан Республикасының кеден аумағына халықаралық почта жөнелтілімдерi труба құбыры көлiгi мен электр тарату желiлерiн пайдалану арқылы жiберудi қоса алғанда, тауарлар мен көлiк құралдарын кез келген тәсiлмен әкелу немесе осы аумақтан әкету жөнiнде iс-әрекеттер жасау. Аталған iс-әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын әкелген кезде, соның iшiнде еркiн кеден аймақтарынан және еркiн қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының басқа бөлiгiне әкелген кезде, - Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан iс жүзiнде өту; өзге жағдайларда - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге не еркiн кеден аймақтары аумағына немесе еркiн қоймаларға тауарлар мен көлiк құралдарын тасып әкету ниетiн тiкелей жүзеге асыруға бағытталған iс-әрекеттер жасау, атап айтқанда, - кеден декларациясын беру; 9-1) лизинг нысанасы - Қазақстан Республикасының лизинг туралы заңдарына сәйкес айқындалатын және Қазақстан Республикасына лизинг туралы шартқа сәйкес әкелiнетiн мүлiк. 10) алып тасталды 11) алып тасталды 12) "кеден бақылауы" - Қазақстан Республикасының кеден iсi жөніндегі заңдармен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары қабылдайтын шаралар жиынтығы, бұл шаралардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген; 13) "кедендiк ресiмдеу" - осы Заңның талаптары мен ережелерiне сәйкес белгiлi бiр кеден тәртібіне орай тауарлар мен көлiк құралдарын орналастыру және осы режимдi аяқтау мақсатында iс-әрекеттер жасау; 14) алып тасталды 15) "кеден режимi" - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы кедендiк мақсат үшiн өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарының мәртебесiн айқындайтын осы Заңмен белгiленген ережелер жиынтығы; 16) алып тасталды 17) "тауардың кедендiк құны" - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн тауардың осы Заңға байланысты анықталатын және мынадай мақсаттарда:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |