|
|
|
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру
Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқаруды және жекешелендiрудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлiктi басқару және жекешелендiру тұжырымдамасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Мемлекеттік мүлiктi басқарудың және жекешелендірудің тиiмдiлiгiн арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасының және оны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгiзсiн; 2) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген 2000 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Заң жобалау жұмыстарының жоспарына "Мемлекеттік мүлiк мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң кесiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу жөнiнде шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсiн. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі № 1095 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру Концепциясы
Кіріспе
Осы Концепция мемлекеттік мүлiктi басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзiн анықтайды. Басқару деп мемлекеттік мүлiктің барлық түрлерiн: мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түсетін салықтық түсімдердің есебінен республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту; мемлекеттік меншiктің құрылымын оңтайландыру; мемлекеттік меншiктi басқаруды жетiлдiру процесiне қатыстыру; мемлекеттік меншiктi экономикаға инвестициялар тарту құралы ретінде пайдалану; мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-экономикалық көрсеткiштерiн басқаруды жақсарту жолымен жақсарту мақсатында пайдалануға байланысты қатынастардың жиынтығы түсiндiрiледi. Осы Концепцияда Қазақстан Республикасының жерi, жер қойнауы, ормандары мен басқа да табиғи ресурстары (жылжымайтын объектiлерге байланысты жер учаскелерiн қоспағанда), зиялылық меншiк объектілерi мен осы объектiлерге құқықтар қарастырылмайды. Осы Концепция екi бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде мемлекеттік мүлiктi тиiмдi басқаруды арттыруға тiкелей бағытталған ағымдағы жағдай, мақсаттар, мiндеттер мен мiндеттердi iске асыру механизмдерi қарастырылады. Екінші бөлiмде қолайлы экономикалық ортаны құруға және тауарлар мен қызмет көрсетулердi отандық өндiрушiлер жұмысының тиiмдiлiгін арттыруға бағытталған мемлекеттік мүлiктi жекешелендiру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелерi қарастырылған. 1 бөлiм. Мемлекеттік мүлiктi басқару
1.1. Мемлекеттік мүлiктi басқару жүйесiнiң мақсаттары, мiндеттерi және оны ұйымдастыру Мемлекетте қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдай мемлекеттік мүлiктi басқару және оған билiк ету саласындағы принциптер мен басымдықтарды анықтаудың, экономикалық даму процесін реттеуде мемлекеттің ролін күшейтудің қажеттігін туғызады. Бұл өзінің қоғамдық маңыздылығына орай мемлекеттік реттетуді объективті қажет ететін, ал белгілі бір жағдайларда тек қана мемлекеттің қатысуын талап ететін экономиканың бірқатар салаларының бар екендігімен түсіндіріледі. Мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы мемлекеттік саясат мынадай мақсаттарды: мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түсетін салықтық түсімдердің есебінен республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайтуды (мұндайлар ретінде мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін кірістерді қарастырмай-ақ); мемлекеттік-экономикалық саясаттың мүддесін және мемлекеттің белгілі бір салалар мен нақтылы кәсіпорындарды реттеу жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешуін ескере отырып, мемлекеттік меншіктің құрылымын (құрамын) оңтайландыруды; мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру процесіне осы мүліктің ең көп санын қатыстыруды; мемлекеттік мүлікті экономикаға инвестициялар тарту құралы ретінде пайдалануды (осы мүлікпен қамтамасыз етуді); мемлекеттік мүлікті шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында пайдаланатын заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғалар қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштерін ішкі қайта құруларға ықпал ету және оларға тиесілі емес функцияларды орындауды тоқтату есебінен арттыруды іске асыруды ескере отырып құрылуы тиіс. Көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін республикалық және жергілікті атқарушы өкімет органдары мынадай міндеттерді: мемлекеттік мүліктің барлық түрлеріне қатысы бойынша меншік құқығы субъектісі ретінде бірыңғай Уәкілетті органды* анықтауды; * Осы Концепцияның мақсатында Уәкілетті орган деп - ҚР Үкіметі (әкімшілік-аумақтық бірліктің Әкімі) анықтайтын және мемлекеттік мүлікке қатысты меншік құқығының субъектісі болып табылатын мемлекеттік республикалық (коммуналдық) мекеме түсіндіріледі. мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша тиісті есептің тізілімін жасай отырып, барлық мемлекеттік меншік объектілерін толық түгендеуді жүзеге асыруды; қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес Уәкілетті органның оның есеп тізіліміне енген мемлекеттік мүлікке меншік құқығын ресімдеуді; мемлекеттік мүлікті басқару рәсімін егжей-тегжейлі құқықтық регламенттеуді және таңдап алынған басқару тәсілінің экономикалық негіздемесін әзірлеуді; мемлекеттік меншік объектілерін басқару ерекшелігін анықтайтын белгілері бойынша сыныптауды; басқару объектілерінің санын оңтайландыруды және объект бойынша басқаруға көшуді; мемлекеттік меншіктің әрбір объектісі немесе объектілер тобы бойынша мемлекеттік басқарудың мақсаттарын қалыптастыруды; заңды тұлғалардың акционері (қатысушысы) ретінде мемлекеттің құқығын сақтауды қамтамасыз етуді; мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруға және оның мемлекеттік мүлікті тікелей пайдалануды жүзеге асыратын басқару органының* сақтауына іскерлік бақылауды қамтамасыз етуді; * Осы Концепцияның мақсатында Басқару органы деп - Қазақстан Республикасының Үкіметі (Уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамалық және нормативтік кесімдерінде белгіленген шекте, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару шартымен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өкілдіктермен бөлінген заңды және жеке тұлғалар түсіндіріледі. мемлекеттік мүлікті тиімді пайдаланудың есебінен республикалық және жергілікті бюджеттерге қосымша кірістердің түсуін қамтамасыз етуді шешуі қажет. Осы Концепцияны іске асырудың міндеттері Қазақстан Республикасының барлық атқарушы өкімет органдары үшін басым болып табылады. Осы Концепцияның негізіне көрсетілген мақсаттарға жетуді және олардан туындайтын міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлікті басқарудың мынадай принциптері алынған;
Басқару мақсатын анықтау Әрбір мемлекеттік меншіктің объектісіне (объектілер тобына) қатысты, мемлекет алдына қойған және осы объект оған қол жеткізуге қызмет ететін мақсат анықталуы және белгіленуі тиіс. Мемлекеттік меншік объектілерінің бірнеше түрлерін басқару жөніндегі мемлекет мақсаттарының тізбесі тиісті құқықтық кесімдермен анықталуы тиіс.
Мақсатқа жетудің тәсілін таңдау және оны жүзеге асыруға жауапкершілік Мемлекет мемлекеттік меншік объектілерінің көптүрлілігіне, олардың ерекшелігіне, уақытылы және дәл басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті әрбір мемлекеттік меншік объектісінің жағдайы туралы көкейтесті ақпаратты жедел өңдеудің мүмкін еместігіне орай, көп жағдайларда мақсатқа жетудің тәсілдерін, яғни мемлекеттік меншік объектісіне қатысты нақтылы іс-шаралардың егжей-тегжейлі, экономикалық негізделген жоспарларын анықтай алмайды және анықтауы тиіс емес. Мақсатқа жетудің тәсілі басқару органының белгіленген тағайындау рәсімінің (әдетте, конкурстық) шеңберінде анықталады және Уәкілетті орган, ұлттық компаниялар үшін - Үкімет бекітеді. Мақсатқа жетудiң бекітілген тәсiлiн жүзеге асыруға жауапкершiлiк басқару органына жүктеледi және оған тиесiлі қызметтi ынталандырып қана қоймай, және де сонымен бiрге, басқарудың жоспарланған сапалы нәтижесіне жетпеген кезде мемлекеттің тәуекелiн неғұрлым азайтуы тиiс.
Басқару жүйесін құру Басқару жүйесi мақсатқа жетудiң тәсiлiн анықтаудың мiндетті тәртібiн қамтамасыз ету, мемлекеттік органдарымен және басқару органдарымен басқарушылық шешiмдердi қабылдаудың тәртібін, басқару органын таңдаудың тәртібін регламенттеу, басқару органын мотивациялау, мемлекеттік меншiк объектiлерiн және басқару органының қызметiн бақылау, мемлекеттік органдар мен басқару органдарының есептiлікті ұсынуы, бақылау және есептiлiк нәтижелерiн талдаудың негiзiнде басқарушылық шешiмдердi қабылдау, басқарудың нәтижелерiне жауапкершiлiк, басқару органы мен мемлекеттік меншiк объектілерiнiң жұмысы туралы ақпараттың тұрақты түсуi, оны өңдеу және талдау элементтерiнiң бөлiнбейтiн бiрлiгi ретiнде пайдалану маңызды принцип болып табылады. Басқару жүйесiнің жұмыс iстеуi мен мемлекеттік органдардың өзара әрекет етуiнiң тәртібi тиiстi құқықтық кесiмдермен егжей-тегжейлi регламенттелуi тиiс.
Басқарудың тиiмділiгiн қамтамасыз ету Басқарудың тиiмдiлiгi материалдық және қаржылық ресурстардың барлық түрлерiн мүмкiндігiнше үнемдеу жолымен басқарудың мақсатына жетумен (қызметтiң белгiленген сапалы нәтижесiне немесе басқару объектiсiнiң жағдайына) түсіндiрiледi. Басқарудың тиiмдiлiгінiң мұндай түсiнiгiн ескере отырып, мемлекеттік мүлiктi басқару шарттарының ережелерiн анықтауға өту қажет.* * Осы Конвенцияның мақсатында Мемлекеттік мүлiктi басқару деп - мемлекеттік мүлiктi басқару органының мемлекеттік мүлiкті сақтауға, тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етуге және жаңартуға бағытталған функциясы. Тиiмдi басқаруды кәсiби басқарушыларды (менеджерлердi) тартпай-ақ жүзеге асыру мүмкiн емес, осыған байланысты мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң iшiнен осындай басқарушыларды аттестациялау және даярлау жүйесiн құру қажет. Сонымен бiрге, мемлекеттік мүлiктi басқаруға тиiстi жұмыс тәжiрибесi мен атағы бар мемлекеттік емес заңды тұлғаларды да тартқан орынды. Басқару принциптерi, сондай-ақ оларды iске асыруға ұмтылу акциялары мемлекеттiң меншiгіндегі, Қазақстан Республикасының үлесi шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелер, жылжымайтын мүлiк сияқты мемлекеттік меншiктiң объектiлерiне қатысты мынадай логикалық ретте нақтыланады: а) жағдайды бағалау (сандық сипаттама, объектiлердi сыныптау, мемлекеттік органдар арасында өкiлдiктердi бөлу, iстің мән-жайы мен негізгі қорытындылар); б) басқарудың мақсаттары мен мiндеттерін қою; в) басқарудың ұсынылып отырған механизмi (мақсатқа жету мен алға қойылған мiндеттердi шешу алгоритмi, басқару механизмiн тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ету үшiн әзiрлеу немесе өзгерту қажет құқықтық кесiмдердiң тiзбесi); г) басқарудың тиімділігін бақылау.
1.2. Республикалық және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқару (бұдан әрі - мемлекеттік кәсіпорындар) Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында 1 983 республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен 3 716 коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындар есепке алынды. 1.2.1. Мемлекеттік кәсiпорынды басқарудың заңды негізi
Мемлекеттік кәсiпорындарды басқару жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының нормаларымен регламенттелiнедi. Осы Жарлыққа сәйкес мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын органдар мен басқару органдары министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар болып табылады. Осы функцияларды жүзеге асыру өзiне мемлекеттік кәсiпорынды жекешелендiру туралы не жекешелендiрудiң алдағы кезеңдері туралы шешiмдердi қабылдау жөніндегі өкiлдiктердi қамтымайды. Мемлекеттік кәсiпорынды жекешелендiру туралы (оның алдағы кезеңдерi) шешiм қабылданған күннен бастап кәсiпорынға билiк ету жөніндегі мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясы осындай шешiм қабылдауға уәкілетті мемлекеттік органға, яғни Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне ауысады. Республикалық мемлекеттік кәсiпорынды құру Қазақстан Республикасы Yкіметінiң немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешiмдерi негiзiнде коммуналдық мемлекеттік кәсiпорынды құру - жергiлiкті әкiмшiлiк басшысының шешiмi бойынша өтедi. Мемлекеттік кәсiпорынның құрылтайшысы болып уәкiлетті орган әрекет етедi. Құрылған кезде мемлекеттік кәсiпорын жедел басқару құқығында немесе шаруашылық жүргізу құқығында оған бекітілген мүлiкпен бөлiнедi. Көрсетiлген мүлiктi оған меншік иесi, яғни Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң атынан мемлекет бередi және осы кәсiпорынның бухгалтерлiк балансында көрiнiс табады және барлық осы мүлiкке кәсiпорын несие берушiлер алдындағы өзiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бередi. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығы "Кәсiпорынның заңды тұлға ретiндегі органы меншiк құқығы субъектiсi немесе басқару органы тағайындайтын оның басшысы болып табылады және басшымен қарым-қатынас келісім-шарт арқылы ресiмделуі мүмкін" деп анықтайды. Сонымен бiрге, мемлекеттік кәсiпорынды және оған тиесiлi мүлiкті басқару процесiнде екi заңнамалық кесiм қолданылуы мүмкiн: Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінiң "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығы. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығы мемлекеттік кәсiпорынды жекешелендiрудiң тәртібін бiрыңғай мүлiктiк кешен ретiнде анықтайды, ал кәсiпорынның мүлкi мемлекеттік кәсiпорын тараған жағдайда ғана, жекелеген жекешелендiру объектiсi болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығы мүлiктiк кешеннің бөлiгін құрайтын мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiн уәкiлеттi органмен (мұндайлар министрлiктер мен ведомстволар болып табылады) келісім бойынша мемлекеттік кәсiпорынның өзi сату тәртібін анықтайды. 1.2.2. Iстiң ағымдағы жағдайы және мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзу құқығын пайдалану бойынша бар кемшiлiктерi Мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі мен оларды басқарудың жағдайы бойынша iстiң жалпы мән-жайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi жүргiзген тексерiстердiң нәтижелерiнен көруге болады. 1999 жылдың 1 жартыжылдығында 76 мемлекеттік кәсiпорын тексерiлдi. Бұл саннан - кәсiпорындардың 34,2% қызметінiң қорытындылары бойынша пайда түсiрдi, қалғаны - кәсiпорындардың 65,8% залалды болып табылады. Алынған пайданың жалпы сомасы 167 412 200 теңгенi құрады, оның iшiнде бюджеттiң кiрiсiне тек қана 65 250 теңге немесе 0,04% аударылды. Бұл деректер мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң тиiмсiздiгiнiң басымдығы туралы, мемлекеттік кәсiпорындар өздерiнiң пайдасының бөлiгiн мемлекетке аудару жөніндегі мiндеттемелердi елемейтіндiгi туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тарапынан бақылаудың мүлдем болмауы туралы куәландырады. Ендi бiр мысал ретiнде мына кестенi келтіруге болады:
--------------------------------------------------------------------------- ! 1997 жыл ! 1998 жыл ! 1999 жыл ! 2000 жыл ! ! ! ! (болжам) --------------------------------------------------------------------------- Мемлекеттік кәсiпорындардың 2765 3846 5699 саны Мемлекеттік бюджеттің алған 328 800 113 730 34 080 55 700 кiрiстерiнiң сомасы (мың теңге) --------------------------------------------------------------------------- Келтірiлген кестеден мемлекеттік кәсiпорындардың жалпы санының өсiмi және бiр мезгiлде мемлекеттік бюджеттiң алатын кiрiстерінің азаюы анық көрiнедi. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетiнiң тексерiс нәтижелерi бойынша мемлекеттік кәсiпорындардың көпшiлік бөлiгi (пайда алатындары) оның белгiленген бөлiгiн мемлекеттік бюджетке аударуды жүргізбейді, бұл осы кәсiпорындарды басқару жөніндегі iстiң жағдайын анық сипаттайды. Сол сияқты меншiк құқығы субъектісінің мемлекеттік кәсiпорынның мүлкіне қатысты функцияларын іске асыруға байланысты проблеманы да көрсету қажет. Салалық министрлiктер мен ведомстволар мемлекеттік кәсіпорынға бекітілген мүлікті жекешелендiру мәселелерiнде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін жиі ауыстырады. Бұл мемлекеттік басқару органына мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiн иелiктен шығару және оның ауыртпалығы келісімi жөніндегі құқық берiлуінің нәтижесiнде жүргiзiледi, бұл, сол сияқты, Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" және "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Жарлықтарының нормаларын таңдап қолданудың немесе оларды еркiн түсiнудiң салдарынан болып табылады. Мемлекеттік мүдденi шеттетудің нақты мүмкiндiгi туындайды. Бұдан басқа, мемлекеттік кәсiпорындар мен олардың басшылары жұмысының тиiмдiлiгiн бағалау жүйесiнiң және мемлекеттік Басқару органы тарапынан тиiстi бақылаудың жоқтығы, бiрiншi басшының қызметін жеткiлiксiз құқықтық реттелуi әртүрлi қаржылық терiс пайдаланушылықтар үшiн нақты мүмкiндiктер жасайды. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: мемлекеттік кәсiпорындардың саны мемлекеттiң нақты талаптарына, олардың қызметiн басқару және бақылау жөніндегі оның мүмкiндiктерiне сәйкес келмейдi; мемлекеттік кәсiпорынды басқарудың қолданылып жүрген жүйесi тиiмсiз және күрделi реформалауды талап етедi; мемлекеттік кәсiпорындардың көпшiлiк бөлігiнiң қызметi, әдетте, тиiмсiз, бұл республиканың және облыстардың бюджеттерiне кiрiстердiң жете түспеуiне әкеп соқтырады; мемлекеттік кәсiпорындар мемлекетке жүктелген әлеуметтiк мiндеттердi шешуге қандай тәсiлмен қатысатындығы туралы қорытынды жасау мүмкiн емес; шаруашылық жүргiзу құқығының заңды құрылымы мемлекеттік кәсiпорынға меншiк иесiнiң келісімiнсiз оның мүлкiне иелiк ету, оны пайдалану және басқару жөніндегі құқықтардың кең ауқымын бередi. 1.2.3. Мемлекеттік кәсiпорындарды басқарудың мақсаттары - Мемлекеттік кәсiпорындарға бекітілген мемлекеттік мүлiктi тиiмдi пайдаланудан түсетiн салықтық емес түсiмдердiң барлық деңгейдегі бюджеттерге түсуiнiң артуы. - Қазыналық мемлекеттік кәсiпорындарды ұстауға және дотациялауға арналған барлық деңгейдегi бюджеттердiң шығыстарының төмендеуi. 1.2.4. Мемлекеттік кәсiпорындарды басқарудың мiндеттерi Мемлекеттiң нақты талабы мен мүмкiндiгiн ескере отырып, мемлекеттік кәсiпорындардың санын оңтайландыру. Мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты меншiк құқығы субъектісi болып табылатын бiрыңғай Уәкiлеттi органды анықтау. Мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты басқару органдарын анықтау. Мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнің тиiмдiлігiн арттыру. Мемлекеттік кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн бақылау және талдау жүйесiн құру. Мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты есеп объектiсiн анықтау. 1.2.5. Мемлекеттік кәсiпорындарды басқарудың механизмi Ең алдымен, республикалық (коммуналдық) мемлекеттік кәсiпорындардың жалпы тізбесiн оларды жедел басқару және шаруашылық жүргiзу белгісi бойынша бөле отырып жасау қажет. Бұдан әрi, мемлекеттік кәсiпорындарды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм қабылдануы, оларды құрудың және олардың қызметiнiң мән-жайы мен мақсаттары және осыны ескере отырып, оларға қажетті мүлiктiң тізбесi нақты анықталуы тиiс. Мемлекеттік кәсiпорындардың санын оңтайландыру мақсатында "мемлекеттік кәсiпорын" құқықтық-ұйымдастыру нысаны өзге құқықтық-ұйымдастыру нысанын қолдану мүмкiн болмаған жағдайда ғана пайдаланылуы тиiс. Бұл құқықтық-ұйымдастыру нысанын пайдалану: - мүлiк жекешелендiруге жатпайтын; - мүлiк ұлттық қауiпсiздiк және мемлекеттiң жұмыс iстеуi үшiн стратегиялық маңызды қызмет салаларында мемлекеттiң мүддесін қамтамасыз ету үшiн арналған; - мүлiк мемлекеттiң әлеуметтік мiндеттерiн шешу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру (мемлекеттік мiндеттемелердi атқару) үшiн арналған; - стратегиялық маңызды және ерекше өнiмдi әзiрлеген және дайындаған; - дотацияланатын қызметті жүргiзген, залалды шаруашылық қызметті жүргiзген (әлеуметтiк тапсырысты орындаған); - мемлекеттік қауiпсiздiкке және мемлекеттiң стратегиялық мүддесiне байланысты салаларда ғылыми-зерттеу қызметiн жүргiзген; - ұлттық қауiпсiздiкке немесе мемлекеттiң стратегиялық мүддесiн iске асыруға байланысты басқа да қызметті жүзеге асырған жағдайда болжанады. Қызметті жоғарыда аталған мақсаттарға сәйкес келмейтiн кәсiпорындарға қатысты оларға жүктелген мiндеттерге орай басқа ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғаларға қайта ұйымдастыруды жүргiзу не оларды таратуды жүргiзу орынды. Бұдан әрi, мемлекеттік кәсiпорындарды: әлеуметтiк мiндеттердi шешу (мемлекеттік мiндеттемелердi атқару) үшiн құрылған және өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi бойынша пайда табуы тиiс деп бөлу керек. Бұдан кейiн әрбiр кәсiпорын қызметiнiң мақсатын, қажетті мүлкiнiң құрамын, сондай-ақ олардың шаруашылық қызметiн қаржыландыру және бақылау тәртібін анықтау керек. Мемлекеттік кәсiпорындарды Уәкiлетті органға есептеу объектісiне меншiк құқығын тiркеу жүргiзiлуi тиiс. Кейiннен, Уәкiлетті орган: - мемлекеттік кәсiпорындарды басқару органының олардың кәсiпорындарының алдында тұрған мақсаттарға жету тәсiлi бойынша ұсыныстар беру; - қаржы-шаруашылық қызметті жүргiзудiң ағымдағы және перспективалы жоспарларын анықтау және бекіту, оларды мерзiмді беру, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар қызметiнiң көрсеткiштерін бағалаудың критерийлерiн анықтау; - мемлекеттік кәсiпорындардың бiрiншi басшыларын, сондай-ақ жоғарғы басқарушылық звеноның басқа да менеджерлерiн аттестациялауды өткізу; - мемлекеттік кәсiпорынның бiрiншi басшысын бекітуге арналған конкурс өткізудiң тәртібi мен ережесін әзiрлеу және бекіту; - мемлекеттік кәсiпорынның үлгiлiк жарғысын және бірінші басшымен оларды Уәкілетті органда мiндеттi түрде есептеудi жүзеге асыра отырып келісім-шарт әзiрлеу және бекіту. Қолданылып жүрген жарғылар мен келісім-шарттарды үлгiлiктерге сәйкес келтіру; - мемлекеттік кәсiпорындардың қызметі мен қаржы-шаруашылық жағдайы туралы мәлiметтердiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн жасау; - мемлекеттік кәсiпорындардың бекітілген нысан бойынша нәтижелердi ресiмдей отырып, мiндетті жыл сайынғы аудиторлық тексерiстер жүргiзу; - жыл сайын тиiсті бюджетке аударуға жататын пайданың бөлiгiн белгiлеу; - шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың деректерiн Мемлекеттік мүлiктiң тiзiлiмiне* енгізу бөлiгiнде талаптардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |