|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы iшкі iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеде: 1) 1-тармақта: «қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының» деген сөздер «қызметкерлерiнiң» деген сөзбен ауыстырылсын; «iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы қызметкерлерiнiң (бұдан әрi - iшкi iстер органдарының қызметкерлерi)»деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Iшкi iстер органдарының қызметiнде немесе кадрында тұратын, белгiленген тәртiппен арнаулы атақтар берiлген адамдар, сондай-ақ Iшкi iстер министрлігінiң әскери-тергеу органдары мен әскери полициясының әскери қызметшiлерi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi болып табылады. Оларға жеке бастары мен өкiлеттiлiктерiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi қызметтiк куәлiктер мен жетондар берiледi»; 3) мәтiніндегі «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiнiң», «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi», «милиция» деген сөздер «министрдiң», «министр», «полиция» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Iшкi iстер органдарына қызметке ұлтына, жынысына, әлеуметтiк жағдайына, дiни көзқарасына қарамастан өздерiнiң iскерлiк, жеке және адамгершiлiк қасиеттерi, білімi мен денсаулық жағдайы бойынша қызметтiк мiндеттердi орындауға қабiлеттi, 18 жасқа толған және 40 жастан аспаған (қатардағы және кiшi басшы құрам лауазымдарына - 32 жастан аспаған) Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады. Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарында оқуға орта білімi бар, 18 жасқа толмаған адамдар қабылдана алады. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарына қабылдаудың тәртібін тиiстi түрдегі Оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережелерiне сәйкес министр белгілейдi. Бұрын iшкi iстер органдарынан босатылған және қызметке қайта қабылданатын азаматтар үшiн жас шектеулерi, осы Ереженiң 13-тармағының талаптарына сүйенiп белгiленедi. Ерекше жағдайларда, жекелеген тәртiппен, министрдiң шешiмi бойынша iшкi iстер органдарына қызметке Қазақстан Республикасының 40 жастан асқан азаматтары ерiктi негiзде қабылданады. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылданушы азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшiн, мiндеттi түрде iшкi iстер органдары әскери-дәрiгерлiк комиссияларының медициналық куәландыруынан өтедi.»; 5) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Егер, Қазақстан Республикасының азаматы: сотпен белгiлi бiр мерзiмнiң iшiнде мемлекеттік лауазымды атқару құқығынан айырылған; күшiне енген сот шешiмiмен әрекет жасауға қабiлетсiз немесе әрекет жасау қабiлетi шектеулi деп танылған; соттылығы бар немесе бұрын болған және қылмыстық жауаптылықтан ақтауға жатпайтын негiздер бойынша босатылған; мемлекеттік қызметке орналасар алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған; қызметке орналасар алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзғаны үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған; бұрын жағымсыз себептер бойынша мемлекеттік қызметтен шығарылған; алкоголизммен немесе нашақорлықпен созылмалы науқас ретiнде денсаулық сақтау және iшкi iстер органдарында есепте тұратын; науқасы бойынша мерзiмдi әскери қызметтен босатылған және әскери комиссариатта әскери (саптық) қызметке жарамсыз не шектеулi жарамды ретiнде есепте тұратын; осы Ереженiң 4 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға жауап бермейтiн болса, iшкi iстер органдарына қызметке қабылдана алмайды.»; 6) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Iшкi iстер органдары қатардағы және басшы құрамының лауазымдары қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жеке келісім-шарттар жасасу жолымен, сондай-ақ лауазымға тағайындау арқылы атқарылады. Қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына, осы Ереженiң 5-тармағының тоғызыншы абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда, кемiнде орта білімi бар және мерзiмдi әскери қызмет атқарған азаматтар, сондай-ақ қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейiнге қалдыру құқығы бар азаматтар қабылданады. Бұл ретте олар әскери комиссариатқа растайтын құжаттар ұсынған жағдайда әскери есептен шығарылады және Iшкi iстер министрлігінiң органдарына арнаулы есепке берiледi. Қажет болған жағдайларда қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдары Қарулы Күштердiң запасында тұрмаған әйелдермен жасақталуы мүмкiн. Орта басшы құрамның лауазымдарына мерзiмдi әскери қызметтен өткен және арнаулы орта, аяқталмаған жоғары және жоғары білімi бар азаматтар қабылданады (қызметкерлер тағайындалады). Ерекшелiк ретiнде жедел қызмет және арнаулы мақсаттағы бөлiмшелерге орта басшы құрамның лауазымдарына Министр бекiткен бағдарлама бойынша арнаулы курстарды бiтiрген, орта білімi бар азаматтар қабылдана алады. Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын шақыру жасындағы азаматтар орта аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына жоғары білімi болған жағдайда ғана қабылдана алады. Көрсетiлген азаматтар,оларды орта және аға басшы құрамның лауазымдарына аттестациялағаннан және әскери комиссариатқа растау құжаттарын ұсынғаннан кейiн әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарына арнаулы есепке берiледi. Аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына жоғары білімi бар азаматтар қабылданады (қызметкерлер тағайындалады).»; 7) 7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар олардың мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкелiп соқтыратын iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында өздерiне заңнамада белгiленген шектеулер қабылдайды. Аталған шектеу жазбаша нысанда көрсетiледi. Шектеудi қабылдамау қызметке қабылдаудан бас тартуға, одан босатуға әкеп соқтырады.»; 8) 9-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын; бiрiншi абзацта: «басқа» деген сөзден кейiн», оның iшiнде республикадан тысқары жерлердегi» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарын бiтiрушiлер бөлуге сәйкес қызмет атқарады.»; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Yлгере алмауына, тәртібінiң нашарлығына, оқығысы келмеуiне байланысты және басқа да негiздер бойынша оқудан шығарылған, сондай-ақ келісім-шартты бұзған Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары, сондай-ақ оның жолдамасы бойынша шет елдердiң оқу орындарында оқитындар iшкi iстер органдарының арнайы есебiнен шығарылады. Бұл ретте оқудан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерi бойынша әскери комиссариатқа жiберiледi.»; Мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Iшкi iстер органдарының басшы құрамын даярлау факультетiне, Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң докторантурасына немесе күндiзгi адъюнктурасына қабылданған қызметкерлерге оқуы кезiнде оқуға жiберiлгенге дейiнгi атқарған соңғы негiзгi (уақытша атқарылған емес) штаттық лауазымы бойынша бір айлық ақшалай қамту жалақысы төленедi. Бұл қызметкерлердiң лауазымдық жалақылары: күндiзгi докторантурада оқитындардiкi: Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындары жанындағы - тиiстi кафедра доцентiнiң лауазымдық жалақысынан; Iшкі iстер министрлігінiң ғылыми-зерттеу мекемелерi жанындағы - тиiстi бөлiмнiң жетекшi ғылыми қызметкерiнiң лауазымдық жалақысынан; күндiзгi адъюнктурада оқитындардiкi: Iшкi iстер министрлігінiң жоғары оқу орындары жанындағы - тиiстi кафедра оқытушысының лауазымдық жалақысынан; Iшкi iстер министрлігінiң ғылыми-зерттеу мекемелерi жанындағы - тиiстi бөлiмнiң кiшi ғылыми қызметкерiнiң лауазымдық жалақысынан аспауы тиiс. Күндiзгі адъюнктураға тiкелей жоғары оқу орындарын бiтiрген бойда қабылданған басшы құрамдағы адамдарға - тиiстi кафедраның оқытушысы жалақысының мөлшерiнде лауазымдық жалақы, арнаулы атағы үшiн қосымша ақы, еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы төленедi.»; сегiзiншi абзацындағы «аталған адамдардың» деген сөздер «аға басшы құрамдағы адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; тоғызыншы абзацындағы «аталған адамдар, қажет болса» деген сөздер «қызметкерлер мiндеттi түрде» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының жоғары біліктi ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы уәкiлетті органы берген тиiстi дипломы болған жағдайда, ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерi үшiн және ғылым кандидатына бiр айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде және ғылым докторларына екi айлық ең төменгі жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгiленедi.»; 12) 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдермен, антпен, жарғылармен, iшкi iстер органдары басшыларының бұйрықтарымен, сондай-ақ осы Ережемен белгiленедi.»; 13) 22-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қолданылып жүрген заңнамамен белгiленген мөлшерлерде және нормалар бойынша ақшалай ұстауды және өзге де үлес түрлерiн алады, сондай-ақ кию үшiн,ақысыз негiзде, үлгiлерiн қатардағы және басшы құрам үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі, ал әскери-тергеу органдары мен әскери полицияның әскери қызметшiлерi үшiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн нысанды және арнайы киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi»; 14) 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Қатардағы және басшы құрамның адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.»; 15) 24-тармақтың бесiншi абзацы алынып тасталсын; 16) 25-тармақ алынып тасталсын; 17) 26-тармақ алынып тасталсын; 18) 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «27. Қатардағы және басшы құрамның адамдары iшкi iстер органдары жүйесiнiң оқу орындарында, басқа да жоғары және арнаулы орта, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi оқу орындарының күндiзгi, сырттай, кешкi факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) және қайта даярлау, біліктiлiгін арттыру курстарында оқи алады. Оқуға жiберу осы біліктiлiктегi мамандарға қажеттiлiкке сәйкес iшкi iстер органы басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.» 19) 29-тармақтағы «сондай-ақ шарттардың негiзiнде мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келiп түскен қаржы есебiнен» деген сөздер «қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 31-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «Қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет немесе тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдары жүйесiнiң медициналық мекемелерi болмаған кезде немесе оларда тиiстi бөлiмшелер, қажеттi мамандар не арнаулы жабдықтар болмаған кезде, сондай-ақ шұғыл жағдайларда оларға медициналық көмек Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетiледi. Қызметтiк борышын немесе қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мертiккен немесе сырқаттанған қатардағы және басшы құрамның адамдарын емдеуге жұмсалған қаражатты iшкi iстер органдары өтейдi.»; 21) 32-тармақ алынып тасталсын; 22) 33-тармақтағы «және нормативтiк актілеріне», «зейнеткерлердiң еңбек сiңiрген жылдары мен мамандығы бойынша жұмысын қоспағанда» деген сөздер алынып тасталсын; 23) 40-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Тергеу және анықтау органдарының қаулылары, iстердiң ақтайтын себептер бойынша тоқтауы, соттың заңды күшiне енген ақтау үкімі, шешiмi не жұмыстан босату, лауазымын немесе атағын төмендету туралы шешiм қабылдаған немесе оларға тең және жоғары бастықтар шығарған қызметтiк тексерудiң нәтижелерi бойынша қорытынды iшкi iстер органдарындағы қызметiн, лауазымын, арнаулы атағын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.»; 24) III-тарау мынадай редакцияда жазылсын: «III. Арнаулы атақтар 43. Қатардағы және басшы құрамның арнаулы атақтары iшкi iстер органдарына қызметке (оқуға) қабылданған адамдарға біліктiлiгi, білімi, қызметке көзқарасы, еңбек сiңiрген жылдары және атқаратын штаттық лауазымы, сондай-ақ осы Ережеде көзделген басқа да шарттар ескерiле отырып жеке өзiне, сабақтас түрде берiледi. Сабақтастығына қарай арнаулы атақтар алғашқы және кезектi болып бөлiнедi. Бұл орайда полиция, iшкi қызмет арнаулы атағының берiлуi атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген арнаулы атаққа сәйкес болуға тиiс. Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын (алғашқы және кезектi) қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындау құқығы берiлген бастықтар бередi. Орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын берудi және Iшкi iстер министрлігінiң кадрларына қабылдауды Министр жүргiзедi. 44. Басшы құрамның кезектi арнаулы атақтары, осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, кезектi атақ атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген атаққа сәйкес болған жағдайда және арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткен соң жүйелі сабақтас түрде берiледi. Қарамағындағы қызметкердi кезектi арнаулы атақ беруге ұсынуды негiзсiз кешiктiрген iшкi iстер органының бастығы тиiстi жауаптылықта болады. Кезектi арнаулы атақ берудiң осы Ережеде көзделмеген қосымша шарттарын белгiлеуге тыйым салынады. Қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарында еңбек сiңiрудiң мынадай мерзiмдерi белгiленедi: полиция қатардағы қызметкерi, iшкi қызмет қатардағы қызметкерi атағында - 3 ай; полиция кiшi сержанты, iшкi қызмет кiшi сержанты атағында - 1 жыл; полиция сержанты, iшкi қызмет сержанты атағында - 2 жыл; полиция аға сержанты, iшкi қызмет аға сержанты атағында - 3 жыл, iшкi қызмет прапорщигi атағында - 5 жыл. Полиция старшинасы, iшкi қызмет старшинасы, iшкi қызмет аға прапорщигi атағында еңбек сiңiру мерзiмдерi белгiленбейдi. 45. Орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарында еңбек сiңiрудiң мынадай мерзiмдерi белгiленедi: полиция кiшi лейтенанты, iшкi қызмет кiшi лейтенанты атағында - 1 жыл; полиция лейтенанты, ішкi қызмет лейтенанты атағында - 2 жыл; полиция аға лейтенанты, iшкi қызмет аға лейтенанты атағында - 3 жыл; полиция капитаны, iшкi қызмет капитаны атағында - 3 жыл; полиция майоры, iшкi қызмет майоры атағында - 4 жыл; полиция подполковнигi, iшкi қызмет подполковнигi атағында - 5 жыл. Полиция лейтенанты, iшкi қызмет аға лейтенанты алғашқы арнаулы атағы Iшкi iстер министрлiгінiң жоғары оқу орындарын, сондай-ақ басқа да жоғары оқу орындарын бiтiрген бойда берiлген және iшкi iстер органдарында, оқу орнында алған немесе тектес мамандық бойынша қызмет өткерiп жатқан қызметкерлер үшiн полиция лейтенанты, iшкi қызмет лейтенанты атағында еңбек сiңiру мерзiмi 1 жыл болып белгiленедi. Полиция полковнигi, iшкi қызмет полковнигi, сондай-ақ жоғары басшы құрамның атақтарында еңбек сiңiру мерзiмi белгiленбейдi. 46. Полиция кiшi лейтенанты, iшкi қызмет кiшi лейтенанты алғашқы арнаулы атақтары: қатардағы және басшы құрамның лауазымдарында тұратын, Министр бекiткен бағдарлама бойынша iшкi iстер органдарының арнаулы курстарын, басқа да министрлiктер мен ведомстволардың арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге; қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарында тұратын, жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарының соңғы курстарында оқып жүрген, сондай-ақ аяқталмаған жоғары білімi (үшiншi курстан төмен емес) бар және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге; арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған азаматтарға берiледi. 47. Полиция лейтенанты, iшкi қызмет лейтенанты арнаулы атақтары: полиция кiшi лейтенанттарына, iшкi қызмет кiшi лейтенанттарына арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң осы Ережеде белгiленген мерзiмi өткен бойда, ал жоғары оқу орындарын бiтiргендерге - бұл атақта еңбек сiңiру мерзiмiне қарамастан; қатардағы және кiшi басшы құрамның арнаулы атақтары бар, жоғары оқу орындарын не Iшкi iстер министрлігінiң арнаулы орта оқу орындарын бiтiрген және орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған қызметкерлерге; Iшкi iстер министрлігінiң жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарын күндiзгі оқу нысаны бойынша бiтiрген қызметкерлерге; жоғары білімi бар және орта немесе аға басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға берiледi. 48. Орта және аға басшы құрамның кезектi арнаулы атақтарын: полиция майорына, iшкi қызмет майорына дейiн қоса алғанда - облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және республика астанасындағы, көлiктегі Iшкi iстер бас басқармаларының, басқармаларының, Iшкi iстер министрлігі «жүйесiнiң» жоғары және арнаулы орта оқу орындарының бастықтары; полиция полковнигiне, iшкi қызмет полковнигiне дейiн қоса алғанда - Министр бередi. Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi. 49. Iшкi iстер министрлiгі оқу орындарының тыңдаушыларына, адъюнктерi мен докторанттарына орта және аға құрамның кезектi арнаулы атақтар, оқуға түскеннен кейiн енгiзiлген осы лауазымдар бойынша штаттағы арнаулы атақтарға өзгерістер ескерiлместен, олар оқуға түскенге дейiн атқарған штаттық лауазымдарына сәйкес, тиiстi арнаулы атақтарда еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi аяқталған бойда; кезектi арнаулы атақтар қызметкерлер оқуды бiтiрген соң тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтарға сәйкес болған жағдайда - оқу орнын, адъюнктураны, докторантураны бiтiрген бойда берiледi. 50. Бiр қызметтен (бөлiмшеден), жеке құрамы үшiн өзге арнаулы атақтар белгiленген, басқа қызметке (бөлiмшеге) ауыстырылған қызметкерлерге мұндай атақтар осы Ереженiң 44-тармағында көзделген тәртiппен берiледi. Бұл ретте жаңа арнаулы атақ қызметкерде бар арнаулы атақтан төмен болмауы тиiс. 51. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң запасында тұратын азаматқа, оны Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары басшы құрамының лауазымына тағайындағаннан кейiн, онда бар әскери атаққа сәйкес арнаулы атақ берiледi. Запастағы офицерлердi орта, аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына тағайындау кезiнде оларға, егер лауазымға тағайындау күнiне олар мiндеттi әскери қызметтi өткеру және запаста болу кезеңiнде өздерiне берiлген әскери атақтарда белгiленген мерзiмдердi өткерген болса, алғашқы арнаулы атақ олардың әскери атақтарынан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн. 52. Басшы құрамның кезектi арнаулы атағы (полиция подполковнигiне, iшкi қызмет подполковнигiне дейiн қоса алғанда), қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткiзгенi және қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi орындағаны үшiн көтермелеу ретiнде бұған дейiнгi атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн немесе атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары берiлуi мүмкiн. Арнаулы атақтар мерзiмiнен бұрын арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмдерiнiң кемiнде жартысы өткенде берiледi. Штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары кезектi арнаулы атақ: арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткен соң - ғылыми дәрежесi немесе ғылыми атағы бар әрi оқу орнында штаттық лауазым атқаратын басшы құрамның адамдарына, оның алдындағы арнаулы атақта еңбек сiңiрудiң кемiнде белгiленген екi мерзiмi өткен соң - басшы құрамның басқа да санаттарына берiледi. Арнаулы атақтарды мерзiмiнен бұрын не штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бiр саты жоғары беру iшкi iстер органдарындағы қызметiнiң барлық кезеңi үшiн бiр рет жүргiзiледi. Бұл ретте кiшi басшы құрамның арнаулы атақтарын кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындау құқығы берiлген бастықтар, ал орта және аға басшы құрамның арнаулы атақтарын - Министр бередi. 53. Арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi сол атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап есептеледi. Арнаулы атақ берудi заңсыз кешiктiрiлген жағдайда арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi, оның алдындағы арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмi аяқталған сәттен бастап есептеледi. Орта басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған, қатардағы және кiшi басшы құрамның атағы бар қызметкерлер, орта басшы құрамның арнаулы атағын беруге, бар атағында еңбек сiңiрген мерзiмiне қарамастан ұсынылады. 54. Iшкi iстердiң тиiстi органының қарамағындағы (резервіндегі) немесе тәртiптiк жазасы бар, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық iс қозғалған немесе қызметтiк тәртiптi бұзу фактілері бойынша қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан қызметкерлердi лауазымға тағайындалғанға, тәртiптiк жазасы алынғанға, қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша қысқартылғанға дейiн немесе қызметтiк тексеру аяқталғанға дейiн кезектi арнаулы атақтар беруге ұсыну жүргiзiлмейдi. Тәртiптiк жаза қолданудың заңсыздығы туралы шешiм қабылданған немесе қылмыстық iс ақтайтын негiздер бойынша қысқартылған жағдайда, қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға кезектi арнаулы атақтар, кезектi арнаулы атақ атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша атаққа сәйкес болған кезде, оны берудiң мерзiмi басталған сәттен бастап берiледi. 55. Қызметкерлер соттың заңды күшiне енген айыптау үкімі бойынша арнаулы атағынан айырылуы мүмкiн: кiшi басшы құрамды - кiшi басшы құрамның арнаулы атағын беру құқығы берiлген бастықтар; орта және аға басшы құрамды - Министр; жоғары басшы құрамды - қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес. 56. Арнаулы атағынан заңсыз айырылған жағдайларда, сот органдарының қаулыларына сәйкес бұрынғы атағын қалпына келтiру туралы шешiмдi арнаулы атағынан айыру туралы шешiм қабылдаған лауазымды адамдар қабылдайды. Арнаулы атағынан заңсыз айырылған кезең қалпына келтiрiлген арнаулы атақта еңбек сiңiру мерзiмiне кiредi. Арнаулы атағынан заңсыз айырылған адамдарға материалдық зиян толық көлемде өтеледi.». 25) 59-тармақтың з) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «з) қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды лауазымдарға тағайындау, қызмет бойынша, жедел еместен жедел лауазымдарға ауыстыру әскери-дәрiгерлiк комиссияның дәрiгерлiк куәландыруының нәтижелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.»; 26) 61-тармақтың бiрiншi абзацында: д) тармақшасында: бiрiншi абзацындағы», соның iшiнде көтерiңкi» деген сөздер алынып тасталсын; екiншi абзацындағы «және олардың келісімiмен» деген сөздер алынып тасталсын; үшiншi абзацындағы», соның iшiнде» және «көтерiңкi» деген сөздер алынып тасталсын; бесiншi абзацындағы «аттестациялаудың нәтижесi бойынша анықталған» деген сөздер «аттестациялық тәртiппен» деген сөздермен ауыстырылсын; 61-тармақтың екiншi абзацындағы»(соның iшiнде көтерiңкi)»,»(соның iшiнде көтерiңкi)», сондай-ақ «егер бұл жалақылары бұрынғы қызмет орнында алғанынан төмен болған жағдайларда, оның кезектi көбеюi ескерiле отырып» деген сөздер алынып тасталсын; 61-тармақтың үшiншi абзацындағы», сондай-ақ лауазымдық жалақы сақталынбайтын лауазымдық қызметке ауысқанда» деген сөздер алынып тасталсын; 27) 67-тармақтағы «және соңғы аттестацияның қорытындысы бойынша тұжырымды өзгертуге негiз болған жағдайларда» деген сөздер алынып тасталсын; 28) 70-тармақтағы екiншi абзацындағы «Қатардағы» деген сөздiң алдынан «Ішкi iстер органдарында 1 жылдан кем қызмет атқарған қызметкерлер жоғары тұрған лауазымға жылжытылған немесе оқуға жiберiлген жағдайлардан басқасында, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын; 29) 74-тармақ мынадай мазмұндағы ж) тармақшасымен толықтырылсын: «ж) шығармашылық демалыстар берiледi.»; 30) 76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «76. Ақылы шығармашылық демалыстар күндiзгi адъюнктурада оқып жүргендердi немесе докторантурада дайындықтан өтiп жатқандарды қоспағанда, диссертациялық жұмыстарды аяқтау, оқулықтар жазу үшiн және Министр белгiлеген тәртiппен басқа да жағдайларда берiледi.»; екiншi абзацындағы «бөлiмшелерiнде (учаскелерiнде)»деген сөздерден кейiн», сондай-ақ ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар мен СПИД-пен ауыратындарды ұстауға арналған мекемелерде, бөлiмшелерде (учаскелерде)»деген сөздермен толықтырылсын;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |