|
|
|
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлiктi дамыту мен қолдаудың
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
Шағын кәсiпкерлiктi экономиканың өндiрiс, инновация және басқа салаларында одан әрi тұрақты түрде дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөніндегі агенттiгi Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдауының 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзiрлесiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінiң 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 77 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
КIРIСПЕ
Нарықтық экономикалы елдерде кәсiпкерлiктi дамыту мiндетi мемлекеттік деңгейде қойылмағаны белгiлi, өйткенi ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолмен құрылды. Ал Қазақстанда экономиканың бұл секторы iс жүзiнде санаулы жылдар iшiнде ғана қалыптасты. Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру 1992 жылдан 2000 жылға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң құрылу және қалыптасу негiздерiн қалады. Шағын кәсiпкерлiк экономикасының жинақтылығы салыстырмалы аздаған инвестициялар мен тәуекел жағдайында аса қысқа мерзiм iшiнде, бiрiншi кезекте, тауар айналымы саласында орын алып келген ахуалды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкiндiк бердi. Шағын кәсiпкерлiктiң дамуына соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3398 және «Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы» 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 жарлықтары күштi серпiн бердi. «Қазақстан - 2030» стратегиясы шағын кәсiпкерлiктiң белсендi дамуы және экономиканың әр түрлi салаларында оның үлес салмағының артуы үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейдi. ШАҒЫН БИЗНЕС ДАМУЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙIН ТАЛДАУ
Реформалардың бастапқы кезеңiнде заңнама түрiнде ұсынылған мемлекеттік қолдау шаралары бүгiнде өз нәтижелерiн беруде. Шағын кәсiпкерлiк саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткiштер экономиканың осы секторында қалыптасып келе жатқан оң үрдiстер туралы айғақтайды. Пайда көлемi, жұмыскерлер кiрiстерiнiң деңгейi, салық түсiмдерi iрi өндiрiспен салыстырғанда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жоғары әлеуеттi мүмкiндiктерi туралы айғақтайды. Iрi ұйымдардың жоғары технологияларға арналған жаңалықтарды қабылдауы кемiп отырған кезде, ғылымды көп қажет ететiн өнiмдер шығаратын шағын және орта ұйымдардың рөлi артуда. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың аймақтық бағдарламалары қабылданып, iске асырылуда. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының объектiлерi желiсiнiң - бизнес-орталықтардың, бизнес-инкубаторлардың, технопарктердiң құрылуы жалғасуда. Кәсiпкерлiктiң даму үрдiстерiн талдау олардың серпiндi-үдемелi сипаты бар екенiн және бюджеттi толтыру көзi ғана емес, әлеуметтiк шиеленiстi бәсеңдету факторы әрi халықты жұмыспен қамтамасыз ету негiзi де бола отырып, өзiнiң он жемiстерiн әкелiп отырғанын айғақтайды. Сөйтiп, кәсiпкерлiк қабат экономикаға одан сайын тиiстi икемдiлiк берiп, оны дамытудың шешушi факторы болып қалыптасып келедi, алайда кәсiпкерлiк дамуының қазiргi жай-күйiн егжей-тегжейлi талдау бұл процестiң бiрмәндi еместiгiн айғақтайды. Бүгiн әлi де кәсiпкерлiктiң қалыптасуын тежеп отырған мынадай бiрқатар елеулi себептер бар, олар: - шағын бизнестi қолдау инфрақұрылымының әлсiз жай-күйі; - нормативтiк құқықтық негiздiң жеткiлiксiз жетiлуi; - салық салу жүйесiнiң жетiлмеуi; - несиелерге қол жеткiзудiң шектеулiлiгi және оларға қатысты жоғары құндылығы; - кадрлар даярлаудың және шағын бизнестi ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесiнiң жоқтығы. Орта тап рөлiн күшейту қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты арттырудың стратегиялық мiндетi болып табылады. Бұл мiндеттi шешу шағын кәсiпкерлiктiң қарқынды дамуы үшiн қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасауды талап етедi. Шағын кәсiпкерлiк экономиканың нарықтық құрылымының қалыптасуына ықпал жасай отырып, бюджетке салық төлемдерi түсiмiнiң көлемiн ұдайы молайтып келедi. Шағын бизнестiң жаңа ұйымдары мен жұмыс орындарын құру арқылы халық жұмыспен қамтамасыз етіледi, тауарлар мен қызмет көрсету рыногы молықтырылады, өнiм сапасын көтеруге бағытталған бәсеке артады.
ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIКТIҢ НЕГIЗГI МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, бірінші кезекте, оны одан әрi тұрақты дамытуға, экономиканың нақты секторында шағын бизнестiң үлесiн арттыруға, жаңа жұмыс орындары санын өсiруге, қоғамның орта табының негiзi ретiнде меншiк иелерi бұқарасының рөлiн күшейтуге бағытталуы тиiс. Осы кезеңде қабылданатын мемлекеттік қолдау шараларының негiзгi айырмашылығы, ол кәсiпкерлiк секторын дамыту жөніндегі бүгiнгi нормативтiк негiз шағын кәсiпкерлiк саласының жеткілiктi құқықтық қамтамасыз етілгенiн айғақтайтынына негiзделген. Қабылданып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары шағын кәсiпкерлiктiң серпiндi де сапалы дамуы үшiн жағдай жасайды. Шағын кәсiпкерлiктiң экономикалық нәтижесi бәсекелiк ортаны қалыптастыру және рынокты отандық тауарлармен және қызмет көрсетумен толтыру болып отыр әрi орта және iрi бизнес үшiн "сiңiмдi орта" болып табылады. Шағын бизнестiң саяси нәтижелерi қоғам тұрақтылығының негiзi ретiнде орта тапты қалыптастыруға негiзделген. Қол жеткен оң үрдiстердi бекіту және кәсiпкерлiктi дамытуға кедергі проблемаларды жою мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша бiрқатар iс-шараларды жүзеге асыру қажет: құрылып жатқан шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының пайдаланылу тиiмдiлiгiн арттыру; шағын кәсiпкерлiк қызметiн реттейтін нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру және iске асырылуына бақылау жасау; қаржы-несиелiк және инвестициялық қолдау; шағын кәсiпкерлiктi кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету. Шағын кәсiпкерлiктiң табысты дамуын айқындайтын басты шарттардың бiрi кәсiпкерлiк қызметтi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымның жақсы дамыған және бiр қалыпты жұмыс iстейтiн бөлшектерiнiң болуы. Шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қарқынды дамытуға бағытталған жүйе түзушi шаралар қалыптастыру мақсатында "Шағын кәсiпкерлiк жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 қазандағы № 1543 қаулысы қабылданды. Жабық акционерлік қоғамның мiндеттерiне шағын кәсiпкерлiк субъектілерiне тиiмдi ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкiндiк беретiн бiрыңғай республикалық ақпараттық желi құру, шағын кәсiпкерлiктiң дамуына мониторингтi жүзеге асыру және оларды қолдау жөнiнде неғұрлым пәрмендi ұсыныстар енгізу кіредi. Жоғарыда аталған акционерлік қоғамның қызметi шағын бизнес субъектілерi неғұрлым аз игерген салаларды анықтаумен және осы бағыттарда кәсiпкерлiктi технопарктер мен аумақтық бизнес-инкубаторлар қызметiн жандандырумен бiрге дамытуды ынталандыруға бағытталған шешiмдер қабылдаумен тығыз байланысты болады. Соңғылары жергілiктi еңбек және шикiзат ресурстарының, пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жабдықтардың болуын ескере, кәсiпкерлiктiң аймақтық дамуында теңгерiмділiктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бере отырып, құрылуы тиiс. Шағын бизнестi мемлекеттік қолдаудың негiзгi бағыттарының бiрi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердiң орындалуына тиiмдi бақылау жасау, кәсiпкерлердiң құқықтық сауаттылығын көтеру, дауларды шешу практикасын жетiлдiру жолымен қамтамасыз етiлуi мүмкiн қолайлылық тудырудың құқықтық режимiн орнату болып табылады. Шағын кәсiпкерлiктi қаржы-несиелiк және инвестициялық қолдау мынадай тетiктердi пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады: - мақсатты мемлекеттік қарыздарды конкурстық негiзде тарту есебiнен екiншi деңгейдегi банкілердiң басым секторларға несие беруi; - шағын бизнес субъектiлерiне, әсiресе өндiрiстiк қызметпен шұғылданушыларға екiншi деңгейдегi банкiлер берiп отырған несиелерге аймақтарда коммуналдық меншiк объектiлерiнен кепiлдiк қорларын қалыптастыру негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдарының кепiлдiк беру жүйесiн енгізу және дамыту; - өндірiс саласы мен қызмет көрсету саласындағы шағын кәсiпкерлік субъектiлеріне несие берудi жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банкілердi ынталандыру тетiгiн әзiрлеу; - көрсетілген мақсаттарға тиiстi жылдың республикалық бюджетiнде қаражат көзделген жағдайда, жобаларды екiншi деңгейдегi банкiлермен бiрлесе отырып, бюджеттік ортақ қаржыландыру; - ауыл шаруашылық несиелiк одақтар жүйесiн құру. Мемлекеттік қолдаудың пәрмендi шараларының бiрi өндiрiс және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілері арасындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру болып табылады. Шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытудың осындай практикасы iрi компаниялардың шағын бизнес субъектiлерiмен кооперативтiк байланыстарын кеңейту және олардың өнiмнiң (жұмыстар, қызмет көрсету) белгiлi бiр түрлерiн өндiрiске тарту жолымен мүмкiн болады. Көрсетiлген бағыттарда кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде саясат жүргiзу шағын кәсiпкерлiктiң, әсiресе экономиканың өндiрiс, жаңа құрылымдар салаларында инфрақұрылымды жетілдiру мен дамыту, кәсiпкерлiк кадрларын қаржылық, ақпараттық, ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету және даярлау негiзiнде одан әрi өсуi үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |