|
|
|
Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды ҚР Үкіметінің 06.10.01 ж. № 1293 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы Ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы № 851 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы Ереже ҚР Үкіметінінiң 23.12.98 ж. № 1322 қаулысымен мәтiніндегі сөздер ауыстырылды 1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдардың және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды алудың, жобалаудың, жасаудың (орнатудың), пайдаланудың және шет елдерден әкелудiң жалпы тәртібін белгiлейдi. Осы Ереженiң күшi Қазақстан аумағында алынатын, жобаланатын, жасалатын (орнатылатын), пайдаланылатын және: Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, кәсiпорындары, ұйымдары, мекемелерi, басқа да заңды ұйымдары, мен азаматтары, шетел заңды ұйымдары мен жеке адамдары, азаматтығы жоқ адамдар; шет ел фирмаларының, банкiлерi мен ұйымдарының өкiлдiктерi мен делегациялары; шет мемлекеттердiң дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерi шет елдерден әкелетiн радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларға қолданылады. ҚР Үкіметінің 14.01.97 ж. № 60; 26.05.99 ж. № 651 қаулыларымен 2-тармақ өзгертiлдi 2. Осы Ереженiң күшi: Қазақстан Республикасында сауда жүйесi арқылы сатуға рұқсат етiлген, Қазақстан Республикасының азаматтары, шет елдiң жеке адамдары және азаматтығы жоқ адамдар алатын (беретiн) және пайдаланатын телевизия мен радио бағдарламаларын қабылдауға арналған құрылғыларға, тұрмыстық радиоэлектроника бұйымдарына; Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Салық полициясы комитетi, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Қазақ азаматтық авиация басқармасы пайдаланатын радиоэлектрондық құралдарға қолданылмайды. 3. Қандай да бiр түрдегi және бағыттағы орнықты радиоэлектрондық құралдар Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң рұқсатымен ғана жобаланады және жасалады (орнатылады). Мұндай құралдар қойылатын жердi таңдау iсi орнатылатын құралдардың сол ауданда бұрыннан пайдаланылып келе жатқан және бұрын құрылысы жобаланған радиоэлектрондық және электр байланыс құралдарымен электромагниттi үйлесiмдiлiгi, сондай-ақ радиохабарын берушi және қабылдаушы құралдардың орналасуы үшiн бөлiнетiн аймақтар ескерiлiп, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiмен келісілуге тиiстi. Радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесушiлiгiн сараптау - сол құралдар орнатылатын жердi таңдау арқылы жүргiзiлiп, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң келісіледi. 4. Қазақстан Республикасында қандай да бiр түрдегi және бағыттағы радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды жобалау, жаңарту (радио жиiлiгiн таратудың техникалық сипаттамасын өзгерту арқылы), көптеп шығару, шет елдерден сатып алу, сондай-ақ радиожиiлiктi пайдалану арқылы ғылыми-зерттеу және конструкторлық тәжiрибе жұмыстарын жүргiзу - Қазақстан Республикасының Радиожиiлiгi жөніндегі мемлекеттік комиссиясы тиiстi диапазондағы радиожиiлiктi бөлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады. 5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, кәсiпорындары, ұйымдары, мекемелерi, басқа да заңды ұйымдары мен азаматтары, шетелдiң заңды ұйымдары мен жеке адамдары, азаматтығы жоқ адамдар радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды 2-тармақта көрсетiлгеннен басқа уақытта Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң рұқсатымен алады. 6. Қазақстан Республикасы азаматтарына әуесқойлық радио байланысы және радиомен басқарылатын спорттық моделдердi сату арнайы дүкендер арқылы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң тиiстi рұқсаты көрсетiлгеннен кейiн жүзеге асырылады. Рұқсат қағазға сауда орны сатылған бұйымның түрi және заводтық нөмiрi туралы белгi соғуы тиiс. 7. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, кәсiпорындары, ұйымдары, мекемелерi заңды ұйымдары мен азаматтары, шетелдердiң заңды ұйымдары мен жеке адамдары, азаматтығы жоқ адамдар радио электрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды басқа министрлiктерге, ведомстволарға, кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге, заңды ұйымдарға (сондай-ақ бiр министрлiктiң немесе мекеменiң iшiнде), Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдердiң заңды ұйымдары мен жеке адамдарына, азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң рұқсатымен тұрақты немесе уақытша пайдалануға бере алады. 8. Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану үшiн қандай да бiр түрдегi және бағыттағы (сондай-ақ әр түрлi жабдықтардың және көлiк құралдарының құрамын толықтыруға кiретiн) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды шетелден алып келу Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң рұқсатымен жасалады. 9. Шет ел фирмаларының, банкiлерiнiң, ұйымдарының өкiлдiктерi мен делегациялары, шетелдердiң заңды ұйымдары мен жеке адамдары, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды өкiлдiктер ашуға, көрмелер, жәрмеңкелер, спорт жарыстары мен басқа шаралар өткiзуге рұқсат берген министрлiктер мен ведомстволардың өтiнiшi бойынша, осы құралдар мен құрылғыларды керi алып кетуге мiндеттене отырып, белгiленген тәртiп бойынша әкеле алады. Министрлiктер мен ведомстволардың аталған өтiнiштерiнiң негiзi - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң рұқсаты болып табылады. 10. Шет елдерге ресми спорттық жарыстарда, сондай-ақ көрмелер мен жәрмеңкелерде пайдалануға уақытша апарылған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды Қазақстан аумағына әкелу оларды алып кеткен кезде қайта әкелу туралы кеден мекемелерiне берiлген мiндеттемеге сәйкес орындалады. 11. Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктегi құрылғыларды және коммерциялық (кабельдiк және эфирлiк) теледидар жүйесiн пайдалану Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, ведомстволарына, кәсiпорындарына, ұйымдарына, мекемелерiне, басқа да заңды ұйымдары мен азаматтарға Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң тiкелей берген рұқсат бойынша, ал шет ел фирмаларының, банкiлерiнiң, ұйымдарының, шетелдердiң заңды ұйымдары мен жеке адамдарына, азаматтығы жоқ адамдарға - олардан Қазақстан Республикасының аумағына келуiне рұқсат берген тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың тиiстi қызметi арқылы iске асырылады. 12. Қазақстан Республикасы аумағындағы шет ел мемлекетiнiң дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiне қойылатын радиохабарлағыштарды пайдалану - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі арқылы берiлген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң рұқсатымен iске асырылады. 13. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, кәсiпорындары, мекемелерi, басқа да заңды ұйымдары мен азаматтары тиiстi рұқсатсыз жасалған немесе алған радиоэлектрондық құралдар және жоғары жиiлiктегi құрылғылар Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi органдарының талабымен сатылуға тиiс немесе оларды пайдалануға рұқсат беруге болмайтын жағдайда осы органдар арқылы алынады. Алынған құралдар мен құрылғыларды кәдеге жарату тәртібін Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi анықтайды. ҚР Үкіметінiң 23.12.98 ж. № 1322 қаулысымен 14-19-тармақтар алынып тасталды 14-19 20. Министрлiктер, ведомстволар өз қарауындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң осы Ереженiң талаптарын орындауына бақылау жасап отырады. 21. Мемлекеттік автомобиль инспекциясы автокөлiк құралдарына мерзiмдi техникалық байқау жүргiзген кезде Мемлекеттік автомобиль инспекциясының бақылауындағы автомобильдерге және басқа да көлiк құралдарына электрондық құралдар орнатуға Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң рұқсаты бар-жоғын тексередi. ҚР Үкіметінiң 14.01.97 ж. № 60; 26.05.99 ж. № 651 қаулыларымен 22-тармақ өзгертілді 22. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң органдары, Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Салық комитетi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң лауазымды қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының кәсiпорындары, ұйымдары, мекемелерi, басқа да заңды ұйымдары мен азаматтары тиiстi рұқсатсыз жасаған, алған немесе пайдаланған радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктегi құрылғыларды заңсыз қолдануына жол бермеуiне және алып қоюына белгiленген тәртiппен қажеттi жәрдем көрсетедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |