|
|
|
Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы Қазақстан ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 931 қаулысына сәйкес 2005 ж. 1 қаңтарынан күшін жояды Министрлiктер мен ведомстволар жүргiзген тексерiстер мен тексерулердiң тиiмсiздiгiне, экономикаға нарықтық қатынастардың енгiзiлуiне қарай олардың функциялары мен өкiлеттiгiнiң өзгеруiне және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қосымшада келтiрiлген министрлiктер мен ведомстволардан өзге министрлiктердiң, ведомстволар мен басқа да мемлекеттік басқару органдарының бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiнен ұсталатын бақылау-тексеру қызметтерi 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап таратылсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған қызметтердi жылдың аяғына дейiн ұстау үшiн көзделген қаражатты қысқартсын. 2. Бюджеттен бөлiнетiн қаражат есебiнен ұсталатын, жаңадан құрылатын мемлекеттік басқару органдары бойынша ведомстволық бақылауды ұйымдастыру орынды болатыны туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзiледi деп белгiленсiн. 3. Кәсiпорындар, ұйымдар, банкiлер, қауымдастықтар, концерндер, холдингтер, кооперативтер мен қоғамдық ұйымдар және басқа шаруашылық органдар ведомстволық бақылауды құру мәселесiн дербес шешедi. 4. Тексерiстер мен тексерулердi жүргiзуде қабаттасу мен қосарлануға жол бермеу мақсатында бақылау-тексеру қызметi бар министрлiктерге, ведомстволар мен басқа да басқару органдарына қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдарды қоса алғанда өздерiнiң тексерiс және тексеру жоспарларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң тиiстi органдарымен келісіп алатын болсын. 5. Осы қаулының 3-тармағында аталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдарды қоса алғанда тексерiс және тексеру жоспарларын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң тиiстi органдарымен келiсу ұсынылсын. 6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi: республика кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметiн бақылауды қамтамасыз етсiн, ведомстволық бақылау жоқ салаға ерекше назар аударсын; бақылаудың сақталуы орынды болады деп табылған министрлiктердегi, ведомстволар мен басқа да басқару органдарындағы ведомстволық бақылау қызметiне әдiстемелiк басшылық етудi және дүркiн-дүркiн бақылауды жүзеге асырсын; Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен келiсе отырып, Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы Ереженiң жобасын 1993 жылғы 15 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 маусымдағы № 539 қаулысына Қосымша ҚР Минстрлер Кабинетінiң 15.09.93 ж. № 882 қаулысымен қосымша толықтырылды Мемлекеттік бюджеттiң қаржысы есебiнен ұсталатын бақылау-тексеру қызметтерi сақталатын министрлiктер мен ведомстволардың Тiзбесi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы мемлекеттік материалдық резевтер Комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |