|
|
|
"Алаугаз" мемлекеттік холдинг компаниясын құру туралы Қазақстан ҚР Үкіметінің 2005.29.09. № 964 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік холдинг компаниялары туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1138 қаулысын, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылықты басқару органдары жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы № 1281 Жарлығын орындау үшiн, газ шаруашылығында нарықтық қатынастарды қалыптастыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақ мемлекеттік газдандыру концернiнiң құрамына енген мемлекеттік кәсiпорындар, ұйымдар және акционерлік қоғамдар, сондай-ақ акциялардың мемлекеттік пакетi бұрын концернге берiлген акционерлік қоғамдар негiзiнде "Алаугаз" мемлекеттік холдинг компаниясы (бұдан былай "Алаугаз" компаниясы) құрылсын. 2. "Алаугаз" мемлекеттік холдинг компаниясы қайта құрылатын "Қазақгаздандыру" концернiнiң мүлiктiк құқығы мен мiндеттерiнiң құқылы мұрагерi болып табылады, "Алаугаз" компаниясының атқарушы аппараты мен басшылығын ұстау оның шаруашылық қызметiнiң есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 3. "Алаугаз" мемлекеттік холдинг компаниясына: халықты және халық шаруашылығын табиғи және сұйытылған газбен қамтамасыз ету жүйесiнiң кiдiрiссiз жұмыс iстеуi үшiн жауапкершiлiк; газды тұтыну режимiн және газ ұтымды пайдаланылуын бақылау; газ шаруашылығы объектiлерiн жобалаумен, салумен және пайдаланумен, техникалық дамытумен шұғылданатын кәсiпорындар мен ұйымдардың iс-әрекетiн үйлестiру жүктелсiн. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігімен, "Қазақгаздандыру" концернiмен бiрлесiп, бiр айлық мерзiмде осы қаулыға қосылған тiзбеге сәйкес бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың құрамында "Алаугаз" компаниясын құру жөніндегі құжаттар пакетiн қабылдап, оның құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ бұрын құрылып, компания құрамына енгiзiлген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын "Алаугаз" компаниясына табыстауды көздейтiн болсын. "Алаугаз" компаниясының құрамына кiрген кәсiпорындардың акционерлендiрiлуiне қарай Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi сататын акциялар пакетiнен басқа акциялардың мемлекеттік пакеттерi оның иеленуiне, пайдалануы мен басқаруына берiлсiн. 5. Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі газды еркiн бағамен босатуға дейiнгi кезеңге арнап, "Алаугаз" компаниясына газ шаруашылығының кезек күттiрмейтiн мұқтажына жыл сайын мемлекеттік инвестиция бөлiнуiн көздейтiн болсын. 6. Газды берiп тұрушылармен және көтере сатып алушылармен орталықтандырып есеп айырысу, сондай-ақ газ тұтынудың көлемi мен құрылымына қарай өнеркәсiптiң қазiргi көтерме сауда бағасына үстемелер мен шегерiмдер қолдану құқығы "Алаугаз" компаниясына сақталсын. 7. ҚР Үкіметінің 01.07.99 ж. № 909 қаулысымен күшін жойды 8. "Алаугаз" компаниясының орналасатын жерi Алматы қаласы болып белгiленсiн. 9. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ мемлекеттік газдандыру концернiн құру (Қазақгаздандыру) туралы" 1990 жылғы 28 желтоқсандағы № 538 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1990 ж., № 5, 33-бап) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 қыркүйектегi № 770 қаулысына Қосымша "Алаугаз" мемлекеттік холдинг компаниясының құрамына кiретiн мемлекеттік кәсiпорындардың, ұйымдар мен акционерлік қоғамдардың Тiзбесi Алматы газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Алматыгаз), Алматы қаласы Ақмола облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Ақмолаоблгаз), Ақмола қаласы Шығыс Қазақстан облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Өскеменоблгаз), Өскемен қаласы Жезқазған облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Жезқазғаноблгаз), Қаражал қаласы Жамбыл облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Жамбылоблгаз), Жамбыл қаласы Қарағанды облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Қарағандыоблгаз), Қарағанды қаласы Көкшетау облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Көкшетауоблгаз), Көкшетау қаласы Қызылорда облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Қызылордаоблгаз), Қызылорда қаласы Павлодар облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Павлодароблгаз), Павлодар қаласы Солтүстiк Қазақстан облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Петропавлоблгаз), Петропавл қаласы Семей облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Семейоблгаз), Семей қаласы Талдықорған облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Талдықорғаноблгаз), Талдықорған қаласы Торғай облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Арқалықоблгаз), Арқалық қаласы Оңтүстiк Қазақстан облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Шымкентоблгаз), Шымкент қаласы Ақтөбе құрылыс-монтаж басқармасы (Ақтөбегазмонтаж), Ақтөбе қаласы Атырау құрылыс-монтаж басқармасы (Атыраугазмонтаж), Атырау қаласы Ақмола құрылыс-монтаж басқармасы (Ақмолагазмонтаж), Ақмола қаласы Қарағанды құрылыс-монтаж басқармасы (Қарағандыгазмонтаж), Қарағанды қаласы Көкшетау құрылыс-монтаж басқармасы (Көкшетаугазмонтаж), Көкшетау қаласы Қостанай құрылыс-монтаж басқармасы (Қостанайгазмонтаж), Қостанай қаласы Мақтаарал құрылыс-монтаж басқармасы (Мақтааралгазмонтаж), Славянка қаласы Павлодар құрылыс-монтаж басқармасы (Павлодаргазмонтаж), Павлодар қаласы Петропавл құрылыс-монтаж басқармасы (Петропавлгазмонтаж), Петропавл қаласы Семей құрылыс-монтаж басқармасы (Семейгазмонтаж), Семей қаласы Талдықорған құрылыс-монтаж басқармасы (Талдықорғангазмонтаж), Талдықорған қаласы Шымкент құрылыс-монтаж басқармасы (Шымкентгазмонтаж), Шымкент қаласы Мемлекеттік өндiрiс кәсiпорны (Темiргазпром), Темiртау қаласы "Автотрансгаз" акционерлік қоғамы, Ақмола қаласы Республикалық өндiрiс басқармасы (Казорггаз),Алматы қаласы Республикалық оқу орталығы, Алматы қаласы "Газкомплект" акционерлік қоғамы, Алматы қаласы "Жетiсугаз" мемлекеттік кәсiпорыны
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |