|
|
|
Қазақстан Республикасының Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1317 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу тәртібі туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 1925-XII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану Тәртібі бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 желтоқсандағы № 1235 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану Тәртібі Жалпы ережелер 1. Бұл Тәртiп Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес жасалған және орман қорының учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануды реттейдi. 2. Бұл Тәртiп Қазақстан Республикасының барлық ормандарында қолданылады және орман қоры учаскелерiн жоғарыда аталған мақсатқа беру мен пайдалануды жүзеге асыратын өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарына орман пайдаланушылар мен орман қоры иелерiне мiндеттi болып табылады. 3. Осы Тәртiпке сәйкес жүзеге асырылатын орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға орманның табиғаты мен компоненттерiн танып-бiлу үшiн орман қоры аумағында кешендi және мамандандырылған (орман шаруашылық, ботаникалық, топырақ, зоологиялық, орман патологиялық және басқа) ғылыми-эксперименттiк зерттеулер жүргiзу, солардың негiзiнде, жаңа техника жасауды қоса алғанда, орман және аңшылық ресурстарды қорғау, сақтау, ұлғайта өсiру мен ұтымды пайдалану жөніндегі тәсiлдердi, әдiстер мен технологиялық процестердi әзiрлеу, сондай-ақ орман қоры шегiнде орналасқан басқа да табиғат және табиғатқа жатпайтын объектiлердi зерделеу жатады. Орман пайдаланудың бұл санатына тәжiрибелiк-өндiрiстiк тексеру жүргiзу, орман шаруашылық өндiрiсiне ғылыми және конструкторлық әзiрлемелердi енгізу, сондай-ақ жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман қоры аумағында орындалатын ғылыми-зерттеулер қосылады. 4. Орман қорын ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланушылар Қазақстан Республикасының тиiстi заңды ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен, оның мемлекеттік және ғылыми ұйымдарымен жасалған шарт бойынша немесе Қазақстан жүзеге асыруға қатысатын халықаралық бағдарламалар бойынша зерттеулердi орындайтын халықаралық және шетелдiк ұйымдар мен мекемелерi болуы мүмкiн. 5. Орман биоценоздарындағы өсiмдiктер мен жануарларды интродукция бойынша ғылыми зерттеулердiң бағдарламалары және олардың нәтижелерiн ормандардың флорасы мен фаунасын молайту практикасында жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясымен келісілуге тиiс. 6. Ғылыми-зерттеулер мақсаттары, мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждар үшiн пайдалануға берiлген орман қоры учаскелерiн қайтарып алу Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 28 және 29 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысымен бекітілген Ерекше бағалы жерлердiң, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер тұрған, мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждар үшiн алып қоюға жатпайтын жерлердiң тiзбесiн ескере отырып жүргiзiледi. 7. Осы Тәртiптiң орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы комитетi қамтамасыз етедi. ғылыми-зерттеу мақсаттарына беру мен пайдалану тәртібі 8. Орман қоры учаскелерi ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн: а) жалға алу шарттары негiзiнде пайдалануға; ә) орман иесiнен қайтарып алусыз пайдалануға берiлуi мүмкiн. 9. Орман қоры учаскелерiн жалға алу шарттары негiзiнде ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалануға беру Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 34-бабына сәйкес жүргiзiледi. Мұндай жағдайда орманды пайдалану өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты саланы ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нақты мiндеттердiң шешiлуiн көздеуге тиiс. 10. Орман қоры учаскелерiн орман иесiнен қайтарып алусыз ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарының көшiрмесi қоса тiркелген дәлелдi өтiнiм негiзiнде орман шаруашылығы органдарының рұқсатымен орман қорының бүкiл аумағында жүзеге асырылуы мүмкiн. Ғылыми-зерттеулердiң түрлерi (тұрақты, далалық, маршрутты), ерекшелiгi (орман шаруашылық, ботаникалық, топырақ және басқа), басталуы мен аяқталу мерзiмi, маршруттары, тәжiрибелiк объектiлердiң iргесi қаланатын жерлер мен олардың көлемi және аталған жұмыстарды жүргiзудiң басқа шарттары ғылыми мекеменiң немесе оның тапсыруы бойынша ғылыми экспедицияның, отрядтың, топтың орман иесiмен жасаған келісіммен анықталады. Орман шаруашылық кәсiпорындарымен (бiрлестiктерiмен) жасалған шарт бойынша ғылыми-зерттеулердi орындау кезiнде аталған жайлар тиiстi шартта көрсетiлуге тиiс. Судың жәй-күйiне әсер ететiн су қорғау аймақтары мен тiлкемдерде ағаш кесу және басқа тәжiрибелiк жұмыстар табиғат қорғау мемлекеттік органдарының, орман шаруашылығы мен су ресурстары басқармаларының, жергiлiктi атқарушы органдардың келiсуi бойынша жүргiзiледi. Жануарлар мен өсiмдiктердiң бағалы түрлерi мекендеген жерлерде мұндай жұмыстарды орындау да табиғат қорғау органдарымен келісілуге тиiс. Ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк жұмыстарды жүргiзу үшiн орман ресурстарын қайтарып алу арнайы рұқсат беретiн құжаттар: орман қоры учаскелерiнiң иелерi, ал фауна бойынша - жануарлар дүниесiн қорғау, балық шаруашылығы су тоғандарында балық қорын қорғау және табиғат пайдалануды бақылау жөніндегі бас басқармалар беретiн лицензиялар, ағаш кесу билеттерi, ордерлер, орман билетi негiзiнде жүргiзiледi. Орман қорының учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану кезiнде орман иесiнiң жерiнен алынған орман өнiмi (сүрек, жемiс пен тұқым, қалемше, екпе, көшет, тағамдық, дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзат), ғылыми зерттеулердi орындау үшiн қажеттiсiнен басқа бөлiгi, орман иесiнiң меншiгi болып табылады. Оның тiзбесi мен көлемi бағдарлама мен зерттеулер әдiстемесiне қарай белгiленiп, келісімде немесе шартта көрсетiледi. 11. Ғылыми және тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзу үшiн берiлген орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланудың басқа түрлерi шектелуi немесе оларға толық тыйым салынуы мүмкiн. Бұл шектеулердi арнайы пайдалану режимi, шектеулердiң түрлерi мен мерзiмдерi белгiленетiн орман қоры учаскелерiнiң тiзбесi мен көлемiн көрсете отырып, орман иелерi ғылыми және тәжiрибелiк зерттеулер жүргiзетiн адамдардың ұсыныстары негiзiнде анықтайды. 12. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында, әсiресе тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзген кезде пайдалану орманның экологиялық жүйелерiне және солардың компоненттерiне зиян келтiрмейтiндей, сирек кездесетiн және жойыла бастаған өсiмдiктер мен жануарлар түрлерi мекендеген ортаның жойылуына немесе нашарлауына жол берiлмейтiндей етiп жүзеге асырылуға тиiс. 13. Ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгiн және олардың нәтижелерi орман шаруашылығында iске асырылуын жеделдету мақсатында тәжiрибе-өндiрiстiк орман шаруашылық кәсiпорындары ұйымдастырылуы мүмкiн. Мұндай жұмыстар жоғары оқу орындарының студенттерiн оқыту процесiн қамтамасыз ету үшiн құрылатын оқу-өндiрiстiк кәсiпорындарда да орындалуы мүмкiн. Осындай кәсiпорындарды ұйымдастыруды ғылыми және оқу мекемелерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік орман шаруашылығы басқару органы жүзеге асырады. 14. Қорықтардың, ұлттық парктер мен заказниктердiң, сондай-ақ тәжiрибелiк және оқу-өндiрiстiк кәсiпорындардың орман қоры учаскелерiн пайдалану тәртібі олар туралы ережемен және осы Тәртiппен анықталады. Орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға иелену құқығын тоқтату үшiн, сондай-ақ оның пайдаланылуын өзгерту және бас тарту үшiн негiздер 15. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану: а) аталған пайдаланудан ерiктi түрде бас тартқан; ә) пайдалану мерзiмi өткен; б) орман қорының жерлерi мемлекеттік немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн қайтарып алынған; в) мекеме немесе аталған пайдалану түрiнiң субъектiсi таратылған; г) орман пайдаланудың белгiленген тәртібі мен ережелерi бұзылған; д) орманды ұтымсыз пайдалану салдарынан оның экологиялық жүйесi нашарлауына, экологиялық функцияларынан айырылуына, топырақ эрозиясының өршуiне жол берiлген; е) рұқсат беру құжаттарында көзделген мiндеттердi орман пайдаланушылар орындамаған; ж) орман қоры учаскелерi нысаналы мақсатына пайдаланылмаған; з) орманды пайдаланғаны үшiн ақы белгiленген мерзiмдерде енгiзiлмеген жағдайда тоқтатылады. 16. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану шарттарын өзгертуге: а) табиғи зiлзала салдарынан олардың жәй-күйi белгiленген бағдарлама бойынша ғылыми-зерттеулердi жалғастыра беруге мүмкiн болмайтындай өзгерген; ә) ормандардың қорғаныш санатын өзгерту және оның құрамына ұлттық парктердi, қорықтар мен заказниктердi қосу нәтижесiнде орман қорының учаскелерiн пайдалануды жүзеге асыруға қойылатын талаптар және оның тәртібі өзгерген, егер бұрынғы пайдалану шарттары ерекше қорғалатын аумақтар мәртебесiне сәйкес келмейтiн болса; б) мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждар үшiн орман қорының жерлерi iшiнара қайтарып алынған кезде жол берiледi. 17. Пайдаланудың сол түрiне қойылатын талаптарға сәйкес оны жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы дәлелдер келтiрмеген жағдайда орман қоры учаскелерiн пайдалануға беруден бас тартылуы мүмкiн. 18. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану құқығын тоқтату рұқсат ету құжаттарын берген органдардың оларды жою жолымен ресiмделедi. 19. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалануға беруден бас тарту және пайдалану құқығын тоқтату туралы шешiмге сотқа беру тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану ақысы ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді 20. Орман қорының учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану ақысы Қазақстан Республикасының Орман кодексiне және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес жүзеге асырылады. Орман қоры учаскелерiн иеленушiлердiң және оларды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi 21. Ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануды ұйымдастыру кезiнде орман қоры учаскелерi иелерiнiң: а) осы Тәртiптiң 4-тармағына сәйкес рұқсат ету құжаттарын бере отырып, орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану құқығын беруге; ә) орман пайдаланудың басқа түрлерiн, сондай-ақ ғылыми және тәжiрибелiк зерттеулерге тартылған орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылық шараларын (орманды сақтау мен қорғаудан басқа) жүргiзудi шектеуге және оларды тоқтата тұруға; б) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман, жер, су және басқа заңдардың, орманды пайдалану нормаларының, ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; в) орман немесе басқа заңдар және осы Ереже бұзылған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi тоқтата тұруға және тиiстi рұқсат беру құжаттарының күшiн жоюға; г) пайдаланушылардың ғылыми және тәжiрибелiк зерттеулердi жүргiзу барысында орман заңын бұзып орман шаруашылығына келтiрген зиянға өтем жасау туралы оларға белгiленген тәртiппен талап қоюға; д) орман иесiнiң жерлерiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзушi адамдардан зерттеу нәтижелерi жөнiнде ақпарат алуға құқығы бар. 22. Орман қоры учаскелерi ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн оның иелерi: а) тиiстi рұқсат ету құжаттарын табыс ете отырып орман қоры учаскелерiн аталған пайдалану түрi үшiн беруге; ә) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге қажеттi орман орналастыру, есептiк және басқа материалдар мен құжаттарды танысу үшiн беруге; б) актi бойынша берiлген кәсiпорындардың, ғылыми және тәжiрибелiк объектiлердiң толық, ал қажет болғанда ұдайы аман сақталуын қамтамасыз етуге; орман аумағында оларды құрған немесе бөлген ғылыми (оқу) мекемелерiнiң келісімiнсiз бұларда нендей бiр шаруашылық шаралардың жүргiзiлуiне жол бермеуге мiндеттi. 23. Орман қоры учаскелерiн ғылыми мақсаттарда пайдаланушылардың: а) рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген мерзiмдер мен көлем шегiнде орманды ғылыми мақсаттарға пайдалануға; ә) өздерiнiң заңды мүдделерi бұзылған жағдайда оларды сотқа беру тәртібімен қорғауға; б) ғылыми-зерттеу мақсаттарында орманды пайдалануда негiзсiз келтiрiлген зиянның өтемiн жасатуға құқығы бар. 24. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланушылар: а) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының орман, жер, су және басқа заңдары мен осы Тәртiптi қатаң түрде басшылыққа алуға; ә) өрт қауiпсiздiгi ережелерiн, өсiп тұрған ағашты босату тәртібін, орманды пайдалану мен орманда болуды реттейтiн басқа да нормативтiк құжаттарды, сондай-ақ орманды, табиғат қорғауды басқару мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының нұсқауларын сақтауға; б) ғылыми және тәжiрибелiк жұмыстарды жүргiзу кезiнде бүлдiрiлген орман қоры учаскелерiн өз қаржысы есебiнен оларды өз мақсатында пайдалануға жарамды күйге келтiруге; в) орман қоры учаскелеріндегі жұмыстар аяқталғаннан кейiн оларды куәландыру үшiн орман иелерiне табыс етуге, сондай-ақ сақтауға жататын ғылыми және тәжiрибелiк объектiлердi актi бойынша өткiзуге; л) лицензияда, штатта, ағаш кесу билетiнде және басқа рұқсат беру құжаттарында белгiленген шарттарды орындауға; д) ғылыми зерттеулердiң нәтижелерi және оларды орман иелерiнiң практикалық қызметiнде пайдаланудың орынды болатыны, бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жөнiнде қолданылған шаралар, тасымалдауға жататын сүректер үйiлген орындар жайында хабарлауға мiндеттi. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртібін бұзғандық үшiн жауапкершiлiк 25. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртібін орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тараптар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |