|
|
|
Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту, пайдалану және қорғау ережесін ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту, пайдалану және қорғау ережесi бекітілсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі № 414 қаулысымен Бекiтiлген ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту, пайдалану және қорғау ережесi 1. Балықтарды және басқа су жәндiктерiн кәсiпшiлiк аулау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн не кәсiпшiлiк балық қорларын жетiлдiруге арналған мәнi бар Қазақстан Республикасының барлық су қоймалары (аумақтық сулар, iшкi теңiздер, өзендер, көлдер, тоғандар, су бөгендерi мен олардың қосымша сулары) балық шаруашылық су қоймалары деп саналады. ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Балық қорлары мен басқа да су жәндiктерiн қорғау, осы Ереженiң талаптарын, Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жәндiктерiн аулау ережесін, басқа да су жәндiктерi кәсiпшiлiгiнiң шарттарын сақтауға, сондай-ақ балық шаруашылық су қоймаларында балық қорларын жетiлдiру және мелиорация жөніндегі шараларды өткізуге мемлекеттік бақылау жасауды балық ресурстарын және басқа да су жәндiктерiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы арнайы уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - арнайы уәкiлеттi орган) жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Балық шаруашылық су қоймаларында балық аулау ережесін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi. Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жәндiктерiн аулау ережесін арнайы уәкiлеттi орган тиiстi ғылыми ұйымдардың ұсынымдары мен табиғат пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалардың) ұсыныстары негiзiнде әзiрлейдi. ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Табиғат пайдаланушылар үшiн су қоймалары немесе су қоймаларының жекелеген телiмдерiн бекітіп беру және оларға балықтарды кәсiпшiлiк аулауға, басқа да су жәндiктерiн аулауға құқық беру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай құзыры бар атқарушы өкiмет органдары қабылдайды. Атқарушы өкiмет органдарының көрсетiлген шешiмдерi конкурстық (тендер) комиссияның шешiмi негiзiнде қабылданады. Табиғат пайдаланушылар арасында балықтар мен басқа да су жәндiктерiн аулау лимиттерi мен квоталарын бөлу жөніндегі шешiмдердi арнайы уәкiлеттi орган конкурстық (тендер) комиссия шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды. Осы шешiмдер қабылданған соң табиғат пайдаланушылар мен арнайы уәкiлеттi органдар арасында су қоймаларын пайдалануға, балықтар мен басқа да су жәндiктерiн аулауға шарт жасалады. Су қоймалары көлдердiң тауарлы (қолдан өсiрiлетiн балықтар) шаруашылықтарын құруға, әуесқой және спорттық балық аулауды ұйымдастыруға арналған сияқты балық аулауды және басқа да су жәндiктерiн аулауды жүзеге асыру үшiн де бөлiнуi мүмкiн. 5. Кәсiпшiлiк телiмдердiң жағалауынан шеткерi орналасқан iрi балық шаруашылық су қоймаларынан балықтарды және басқа су жәндiктерiн аулау арнайы уәкiлеттi органдардың әрбiр кемеге немесе аулаудың кәсiпшiлiк құралдарына, звеноға немесе әрбiр бригадаға берген рұқсаттары (лицензиялары) бойынша жүзеге асырылады. 6. Көлiк және гидротехникалық құрылғылар, темір жол көпiрлерiнiң, сауда және әскери порттардың, айлақтардың кеме, жасау және кеме жөндеу заводтарының, нығайтылған аудандардың, әскери лагерьлердiң жерлерi белдеуiнде орналасқан балық кәсiпшiлiгi телiмдерiнде балық аулауға құқықты онда өз пайдалануында жер белдеулерi орналасқан ұйымдармен келісім бойынша арнайы уәкiлеттi органдар бередi. ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Ғылыми ұйымдар арнайы уәкiлеттi органдармен келісім бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен барлық балық шаруашылық су қоймаларында кез-келген уақытта және кез-келген аулау құралдарымен зерттеу мақсаттары үшiн балық және басқа су жәндiктерiн аулауды жүзеге асыра алады. ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Табиғат қорғау заңнамасы мен осы Ереженiң талаптарын сақтай отырып, барлық су қоймаларынан балықтарды әуесқойлық және спорттық аулауға, жеке тұтыну үшiн басқа да су жәндiктерiн аулауға барлық азаматтарға рұқсат етiледi. 9. Шекаралық суларда (су қоймаларында) өнеркәсiптiк мақсатқа және жеке тұтыну үшiн балықтарды және басқа су жәндiктерiн аулау барысында шекаралық режимге қатысты ережелер сақталуы керек. 10. Балық аулау мұқтажы үшiн (қоржынды ауды тарту, аулау құралдарын кептiру мен жөндеу, кемелердi жөндеу, тетiктердi қондыру, уақытша тұрғын және өндiрiстiк құрылыстарды салу мен басқа да жұмыстарды жүргiзу) табиғат пайдаланушыларға пайдалану көлемi мен тәртібін су және орман ресурстары мемлекеттік басқару органдарының келісімi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейтiн жағалау белдеуiн пайдалану құқы берiледi. 11. Кәсiпшiлiк телiмдерде балықтар мен басқа да су жәндiктерiн аулауға құқық берiлген табиғат пайдаланушылар арнайы уәкiлеттi органдармен келісім бойынша өз күштерiмен және өз қаржылары есебiнен ау тартатын, жүзетiн және басқа аулайтын жерлердi тазалауды жүзеге асыруға, аулау құралдарын iрiктеу жерлеріндегі жағалау телiмдерiнiң тиiстi санитарлық жағдайын ұстауға мiндеттi. 12. Су жәндiктерiнiң кейбір түрлерiнiң қорларын пайдалануды ұтымды жүзеге асыру мақсатында олардың пайдалануына лимит пен квота (үлес) белгiленуi мүмкiн. Балық аулау мен басқа да су жәндiктерiне лимит пен квотаны белгiленген заңдық тәртiппен Республика Үкіметі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 13. Су жәндiктерiнiң кейбір түрлерiн сақтау мен ұдайы өндiру мақсатында оларды белгiленген су қоймаларында (су қоймалары телiмдерiнде) немесе белгiленген мерзiмдерде пайдалануға шаралар мен шек қойылуы белгiленуi мүмкiн. Балық және басқа да су жәндiктерiн аулауға шаралар салу мен мұндай шек қою белгiленген тәртiппен бекітілген республика су қоймаларында балық аулау ережелерiнде ескертiледi. ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 14. Мыналарға: а) балық шаруашылығы су қоймаларында, жағалауларға және мұздың үстiне өндiрiстiк, коммуналдық, ауыл шаруашылығының және басқа кәсiпорындардың, көлiктiң барлық түрiнiң тазаланбаған және залалсыздандырылмаған қалдық суларын, сондай-ақ өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтар мен қоқыстарды төгуге; ә) арнайы уәкiлеттi органдардың келісімiнсiз үйiндiлер жасауға және балық уылдырық шашқан су жайылған телiмдердегi бұзылған үйiндiлердi қалпына келтiрудi жүзеге асыруға; б) өзендерге, сағаларға және каналдарға бөгеттер және жаппай тосқауылдар жасауға, арнайы уәкiлеттi органдардың келісімiмен жүргiзiлетiн санитарлық, гидротехникалық, мелиорациялық шаралардан басқа жағдайда, тоғандардың, көлдердiң суын ысырып ағызуға; в) арнайы уәкiлеттi органдардың келісімiнсiз өзендердiң бекiре және лосось балықтар уылдырық шашатын жерлерiн сал жүргiзу арқылы ағаш тасымалдауға пайдалануға; г) мұздың үстiне және балық шаруашылықтарының су жайылатын жағалауларына ағаштарды бұтақтағанда, жағаға үйгенде, мұзға үйгенде, сондай-ақ сал үшiн құрылыс салу барысында пайда болатын жаңқаларды, қабықтарды, кесiлген ағаштың ұнтақтары мен басқа да қалдықтарды қалдыруға; Сал жүргiзушi ұйымдар осы мақсатқа пайдаланылатын балық шаруашылығы су қоймаларын батып кеткен ағаштардан және басқа қалдықтардан үнемi тазалап отыруға мiндеттi; ғ) бағалы кәсiпшiлiк балықтардың ұрық шашуын қорғайтын кесуге рұқсат етiлмейтiн орман бөлiктерiнде, сондай-ақ бекiре, лосось балықтарын өсiретiн заводтар, шаруашылықтар ауданындағы су қоймалары жағалауынан үш шақырымға дейiнгi ормандарда (орманды күту, санитарлық, орманды қалпына келтiру үшiн ағаштарды iрiктеп кесу мақсатынан басқа) ағаш дайындау жұмыстарын жүргiзуге; д) балық шаруашылық маңызы бар өзендерде оның арасының үштен екi бөлiгiнен артық жерлердi алатын қоршаулар жасауға; е) балық шаруашылығы су қоймаларында арнайы уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз өзеннiң саязданған бөлiктерiнде кеме және ағаш тасымалдайтын салдар жүруi үшiн судың түбiн тереңдетудiң шұғыл жұмыстарынан, салды өзендерге амалсыз жол ашу, мұз көшкiнi және тасқын кезiнде аварияны болдырмау жөніндегі жұмыстардан басқа жағдайда, жарылыстар жасауға. Аталған жағдайларда жарылыс жұмыстарын жүргiзу жөнiнде арнайы уәкiлеттi органдарына тез арада хабар беру керек; ж) жарылғыш және улы заттарды қолдана отырып балық және басқа су жәндiктерiн аулауға, сондай-ақ балық аулау кезiнде ататын және басқа тыйым салынған аулау құралдарын қолдануға; з) аулау құралын өзеннiң немесе сағаның енiнiң үштен бiрiнен артық бөлiгiне орналастыруға; и) судың түбiн тереңдету немесе оны тазалау жұмыстары кезiнде алынған топырақты балық уылдырық шашатын жерлерге және қыстайтын шұңқырларға төгуге, сондай-ақ балық шаруашылық су қоймаларында зығыр, сора, терi жууға; к) арнайы уәкiлеттi органдардың келісімiнсiз балық аулауға рұқсат етiлмейтiн жерлерде су өсiмдiктерiн дайындауға; қ) балық шаруашылығы су қоймаларына жақын жерлерде белгiленген ереженi сақтамай балық қорлары мен басқа да су жәндiктерi мен өсiмдiктерiне зиян келтiретiн өсiмдiк қорғау, олардың өсуiне ықпал ету құралдарын, минералды тыңайтқыштар мен басқа да құралдарды тасымалдауға, сақтауға және қолдануға; л) бағалы балық түрлерiн, теңiз ұсақ жәндiктерiн, су омыртқасыздарын, уылдырықты, сондай-ақ теңiз жәндiктерiнiң терiлерi мен осы биоқорлардың басқа да өнiмдерiн ауланған жерлерде тиiстi рұқсатсыз сатып алуға және сатуға немесе басқа жолмен алуға; м) балық шаруашылығы су қоймаларында арнайы уәкiлеттi органдардың рұқсатынсыз балықтарды және басқа су жәндiктерi мен өсiмдiктерiн жерсiндiру жұмыстарын жүргiзуге рұқсат етiлмейдi. 15. Балық шаруашылығы су қоймаларынан кәсiпорындар қажетi мен суландыру үшiн су қоршап алуды тек арнайы уәкiлеттi органдардың келісімiмен балықтың су қорғаны құрылысына түсуiнен қорғау үшiн арнаулы қондырғылар орнатылған жағдайда ғана жүргiзуге болады. ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 16. Балық шаруашылығы су қоймалары жанынан кәсiпорындар, ғимараттар және басқа да объектiлер орналастыру, жобалау, салу, жаңаларын пайдалануға беру, барларын қайта жаңғырту, кеңейту кезiнде, сондай-ақ осы су қоймалары мен оған таяу жерлерде (аймағында) басқа да түрлi жұмыстар жүргiзгенде бiрлестiктер, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар меншiк нысанына қарамастан, табиғат пайдаланушылар арнайы уәкiлеттi органдардың келісімiмен жобалар мен сметаларда балық қорын сақтау жөніндегі шарларды көздеуге және жүзеге асыруға, бөгеттер салғанда су қоймасын балық шаруашылығына толық пайдалануға мiндеттi. ҚР Үкіметінің 05.05.03 ж. № 427 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 17. Арнайы уәкiлеттi органдардың басшылары, олардың орынбасарлары мен арнайы уәкiлеттi органдардың мемлекеттік инспекторлары мыналарға: а) меншiк нысанына қарамастан, табиғат пайдаланушылардың лауазымды адамдарынан осы Ереже Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жәндiктерiн аулау ережесін бұзғандығы жөнiнде түсiнiктеме беруiн талап етуге; ә) осы Ережеде және басқа нормативтiк актiлерде белгiленген балық аулау балық қорын қорғау ережесін бұзғаны туралы белгiленген тәртiппен хаттама толтырады. Тәртiп бұзушының кiм екенiн сол жерде анықтау мүмкiн болмаған жағдайда мемлекеттік арнайы уәкiлеттi орган инспекторы оларды iшкi iстер органдарына немесе жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарына тапсыра алады; б) осы Ереже мен басқа нормативтiк актiлерде белгiленген балық аулау және балық қорын қорғау ережесін бұзған адамдардан өз құзыры шеңберiнде оларда бар қылмыс жасау, заңсыз балық, басқа да су жәндiктерi мен өсiмдiктерiн аулау құралы болып табылатын аулау, жүзу құралдарын, басқа да көлiк құралдары мен осы мақсатқа пайдаланған заттарын, тиiстi құжаттарын алуға құқылы. Заңсыз ауланған балық және басқа да су жәндiктерi сол жерде немесе оларды қабылдау, өңдеу, өткізу пункттерiнде де алынады және қажеттi құжаттар толтыру арқылы сол кездегi баға бойынша балық қабылдау пункттерiне немесе сауда ұйымдарына өткiзiледi. Алынған аулау құралдары, жүзу және басқа да көлiк құралдары тәртiп бұзушының жауапкершiлiгi туралы мәселе шешiлгенше, Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, арнайы уәкiлеттi органдардың базаларында немесе осы органдардың қалауы бойынша басқа жерлерде сақталады. Балық аулау ережесін, аталған Ереженi және басқа нормативтiк актiлердi бұзу туралы қаралған iстiң нәтижесiне байланысты алынған аулау құралдары, жүзу және басқа көлiк құралдары белгiленген тәртiп бойынша кәмпескеленедi немесе иесiне қайтарылады. Тыйым салынған аулау құралдары биоқорлар аулаумен шұғылданатын ұйымдарға сатылады немесе басқа мақсатқа пайдалануға мүмкiн болмаған жағдайда жойылады. Балық аулау мен балық қорғау ережесін бұзушы адам табылмаған жағдайда ауланған балық пен қалдырып кеткен аулау құралдары мен жүзу құралдарын иесiз ретiнде арнайы уәкiлеттi органдар сатады; в) белгiленген тәртiп бойынша мүлiктерге, көлiк құралдарына тексеру, аулау құралдары мен тәсiлiне байқау, ауланған балықтарға және басқа су жәндiктерiне кәсiпшiлiк жерiнде, қоймаларда, қабылдау пункттерiнде, сондай-ақ кемелерде, басқа да көлiк құралдарында тексеру жүргiзедi; г) қызмет бабымен жол жүргенде бағыты бiр кемелердi, балық және басқа су жәндiктерiн аулаумен шұғылданатын кәсiпорындардың, колхоздардың және басқа ұйымдардың түрлi көлiктерiн тегiн пайдаланады; ғ) осы Ереже мен басқа нормативтiк актiлерде белгiленген балық аулау және балық қорын қорғау ережесінiң сақталуын тексеру үшiн балық шаруашылығы қоймаларындағы кәсiпорындарға, гидротехникалық ғимараттарға және басқа да ұйымдар мен объектiлерге тосқауылсыз кiредi және анықталған кемшiлiктi жою туралы мiндеттi түрде орындауға жататын нұсқаулар бередi. Арнайы уәкiлеттi органдардың басшылары мен олардың орынбасарларына балық қорын және басқа су жәндiктерiн, олардың тiршiлiк ететiн ортасын, өсiп-өну және көшу жағдайын қорғау жөніндегі ереже, норма, басқа да талаптар жүйелi түрде бұзылған жағдайда оны қалпына келтiргенге дейiн жұмысты тоқтатуға құқық берiледi. Айрықша режиммен жұмыс iстейтiн объектiлерге кiру белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi; д) кәсiпорындардың, колхоздардың және басқа табиғат пайдаланушы ұйымдардың олардың түрлерi мен кәсiпшiлiк ауданы бойынша балық және басқа су жәндiктерiн аулау жөніндегі есеп-қисап материалдарымен танысады; е) балық және басқа су жәндiктерiн аулаумен шұғылданатын кәсiпорындар мен ұйымдардың лауазымды адамдарының балық аулау және балық қорын қорғау ережесіне сай келмейтiн iстерi мен нұсқауларын тоқтатады және бұзады; ж) осы Ереже мен басқа да нормативтiк актiлерде белгiленген балық аулау және балық қорын қорғау ережесін бұзу нәтижесiнде балық шаруашылығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру қаражатын мемлекет есебiне өндiрiп алу жөнiнде меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындарға және ұйымдарға, сондай-ақ азаматтарға талап қояды; з) балық аулау мен балық қорғау ережесін бұзуға жол берген лауазымды адамдар мен азаматтарға заңда белгiленген тәртiппен айып салынады. Заңда көзделген жағдайларда аулау тәртібін бұзу туралы материалдар кiнәлi адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн белгiленген тәртiппен тиiстi органдарға жiберiледi. 18. Арнайы уәкiлеттi органдардың басшы қызметкерлерiне (мемлекеттік инспекторлардың құқын пайдаланушыларға) және мемлекеттік арнайы уәкiлеттi орган инспекторларына айырмашылық белгiсi бар тегiн пiшiмдi киiм-кешек және қызметтiк борышын атқару кезiнде қарумен жүруге құқық берiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |