|
|
|
Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату ҚР Үкіметінің 22.12.03 ж. № 1287 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгізу туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы № 1925-ХII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату Ережелерi бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 29 мамырдағы № 752 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректi босату Ережелерi Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының ормандарында өсiп тұрған сүректердi босату Ережелерi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес жасалған және ол сүректердi, қосымша ағаш материалдарын дайындау мен тасуды, алқаағаштардан шырын ағызу орман пайдалануды жүзеге асыруға, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануды жүзеге асыруға, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануды жүзеге асыруға байланысты және байланыссыз да басқа жұмыстарды өндiруге байланысты өндiрiстiк объектiлердi тұрғызу үшiн орман алқаптарын ормансыз алқаптарға көшiру кезiнде, орман қоры жерлерi құрамынан шығарылатын орман алқаптарын тазарту кезiнде ағаш кесудi жүзеге асыратын орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылар, өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады. Осы Ереженiң, орманның меншiк нысанына қарамастан, пайдалануға берiлген орман қоры, оның iшiнде жалға беру жағдайындағы телiмдердi қоса отырып, Қазақстан Республикасының орман қорының барлық аумағы үшiн күшi бар. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Сүректi, қосымша ағаш материалдарын, алқаағаштардан шырын мен шайыр ағызуды дайындауға және тасуға ағаш саудаласуы (аукциондары) арқылы сатылған сүректi сатып алу-сату шарты негiзiнде орман иеленушi берген, өсiп тұрған сүректi шағындап босатуға арналған, тек ағаш кесу билеттерi мен ордерлерi бойынша рұқсат етiледi. Ағаштар мен қосымша ағаш материалдарын дайындау мен тасу немесе алқаағаштардан шырын және шайыр ағызу үшiн ешбiр басқа құжаттар, сондай-ақ лауазымды адамдардың ауызша өкімі негiз бола алмайды. ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Өсiп тұрған сүректi шағындап босатуға арналған ағаш кесу билеттерi мен ордерлерiнiң нысанын, сондай-ақ оларды есепке алу, сақтау, жазып толтыру және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен келісім бойынша Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы белгiлейдi. Ағаш кесу билетiнде орман пайдаланушының атауы, оның салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен заңды мекен-жайы, орманды пайдаланудың түрi, көлемi мен мерзiмдерi, өсiп тұрған сүрек үшiн төлем сомасы көрсетiледi. Өсiп тұрған сүректi шағындап босатуға арналған ағаш кесу билеттерi мен ордерлерiнiң бланктерi* барлық орман иеленушiлер үшiн Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы арқылы республика үшiн бiрыңғай үлгiде бiр орталықта әзiрленедi және қатаң есептегi бланктер ретiнде ескерiледi. * бұдан әрi текст бойынша - "ордер" 4. Ағаш кесу билетi немесе ордер жөніндегі құқықты бiр орман пайдаланушыдан басқа бiр орман пайдаланушыға беру осы құжатты олардың жазбаша өтiнiштерi негiзiнде, облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органының рұқсатымен беретiн орман иеленушiлердiң дайындау үшiн белгiлеген мерзiмдерi шеңберiнде жүргiзiледi. Құқықты басқа орман пайдаланушыға берудi белгiлеудi орман иеленушi ағаш кесу билетiнiң, ордерiнiң барлық данасында жүзеге асырады. 5. Сүректердi, қосымша ағаш материалдарын дайындау, алқаағаштардан шырын мен шайыр ағызу мақсатында орман қоры телiмдерiн пайдалану құқын тоқтату мынадай жағдайларда: а) орман ресурстарын пайдаланбағаны үшiн тиiстi айып сомасын орман пайдаланушыларға төлей отырып орман пайдаланудан өз еркiмен бас тартқанда немесе орман пайдалану мерзiмi бiткенде; б) орман қорының телiмi пайдалануға берiлген кәсiпорынды немесе шаруашылық қызметіндегі басқа да субъектiнi таратқанда; в) орман пайдаланудың белгiленген тәртібі мен ережесін бұза отырып орман пайдалануды жүзеге асырғанда; г) ормандардың жәй-күйiне, өсiрiлуiне терiс ықпал ететiн, олардың экологиялық қызметiн төмендететiн, сондай-ақ топырақ эрозиясының пайда болуын және басқа тұрлаусыз процестерге әкеп соқтыратын әдiстермен орман пайдалануды жүзеге асырғанда; д) орман пайдаланушылар рұқсаттық құжаттарда көзделген мiндеттердi орындамағанда; е) рұқсаттық құжаттарда көзделген орман пайдаланудың одан әрi мүмкiндiгiн тоқтататын қорғаныштық топтар мен категорияларға ормандарды жатқызғанда; ж) орманды пайдаланғаны үшiн төлемдi мерзiмiнде жасамағанда жүзеге асырылады. Орман қоры телiмдерiн пайдалану құқын тоқтатуды оны берушiлер орман иеленушiнiң ағаш кесу билетi мен ордерiн жоя отырып ресiмдейдi. Орман қоры телiмдерiн пайдалануға құқық тоқтату туралы шешiммен орман пайдаланушы келiспеген жағдайда ол осы тәртібімен шағым бере алады. 6. Орман пайдаланудың түрлерiне қарай орман пайдаланушылар мыналарға: а) жұмысты ормандардың жай-күйiне және ұлғайта өсiрiлуiне, басқа табиғат объектiлерiне керi әсер жасалмайтын тәсiлдермен жүргiзуге; б) топырақ эрозиясының тууына жол бермеуге; в) санитарлық ережелер мен өрт қауiпсiздiгiн сақтауға, жұмыстар атқарылатын жерлерге орман иеленушiлер белгiленген көлемде өртке қарсы шараларды жүргiзуге, ал орман өрттерi шыққан жағдайда оларды сөндiрудi жүзеге асыруға; г) орман пайдалануды жануарлар дүниесiн және олар өмiр сүретiн ортаны сақтауды қамтамасыз ететiн тәсiлдермен жүргiзуге; д) кеспеағаштарды кесу, қалдықтарынан тазартуды жүргiзуге, орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде бүлiнген орман қоры телiмiн рұқсат құжаттарда көрсетiлген және оларды белгiлi мақсатта пайдалану үшiн өз есебiнен жарамды күйге келтiрiп беруге, ағашы кесiлген жерлерде, сондай-ақ олардың қызметi салдарынан жойылған немесе оталған орманды қалпына келтiрудi жүзеге асыруға. Кеспеағашты кесу қалдықтарынан тазарту сүректi, қосымша ағаш материалдарын дайындау кезiнде бiр мезгiлде, рұқсат құжаттарда белгiленген тәсiлмен және уақытта атқаруға; е) оларға берiлген кеспеағаштарды, ал сондай-ақ шырын ағызуға және қосымша ағаш материалдарын дайындау үшiн бөлiнген орман ағаштарын барынша толық және ұтымды пайдалануға; ж) ағаш кесiлген жерлерде кесiлмеген ағаштар мен дайындалған сүректi және оларды дайындау мен тасу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн орманда қалдырмауға; кесуге белгiленген ағаштар мен орман телiмi, бiрақ рұқсат құжаттарында көзделген мерзiмде кесiлмесе, олар кесiлмеген ағаштар болып есептеледi; з) жолдар табаны үшiн, ағаш қоймалары, басқа да ғимараттарға арналған орман алаңдарын өңдеу мен тазарту кезiнде орман жерлерiн қоқыстандыруға, сондай-ақ орман жиегiне жанасатын ағаштарды жылжытуға және кесiлген ағаштарды қалдыруға жол бермеуге; и) жазғы кезеңде ормандарда қылқан, қабықталған сүректiң қабықтарын немесе көлеңкелей отырып сүректi тығыздай қатарлап үюдi немесе оларды зиянды жәндiктер мен ауруларға шалдығудан сақтандыратын басқа тәсiлдермен өңдеу, қорғауды қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес жүргiзуге; к) орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде рұқсат құжаттарда сақталуы көзделген тұқымдық топырақтар мен алқаптардың, тұқымдықтардың және басқа кесуге жатқызылмаған ағаштардың, өскiндер мен жас шыбықтардың сақтаушы, кеспеағашқа жапсарлас алқаағаштардың, сондай-ақ шекаралық, шаршылық, мөлдектiк бағаналар мен ағаштардағы және түбiрлердегi таңбалардың сатылуын қамтамасыз етедi. Алқаптардағы өсiндер мен жас шыбықтардың сақталу тәртібін Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы бекiтедi; л) сүректi тасып шығару кезiнде бүлдiрiлген соқпақтарды, жолдарды, көпiрлер мен басқа да ғимараттарды тиiстi жәй-күйiне келтiруге және сақтауға; м) орманды пайдаланғаны үшiн ақыны белгiленген мерзiмiнде төлеуге; и) орман заңдары мен орман пайдалану ережелерiнде көзделген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi. 7. Орман пайдаланудың белгiленген тәртібіне сәйкес өсiп тұрған сүректердi босату мынадай жолмен жүргiзiледi: а) басты мақсатта пайдалану үшiн бiрiншi және екiншi топтардағы ормандарда ағаш кесу барысында-қорықтардан, ұлттық және тарихи-табиғи саябақтардан, табиғат ескерткiштерi, қорықтар аймақтарынан, ғылыми маңызы бар ормандардан, орман саябақтарынан, жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтарынан, жемiс ағаш екпелерiнiң ормандарынан, қала ормандарынан, жасыл аймақтардың орман саябақтары бөлiктерiнен, сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтары бiрiншi және екiншi белдеулерiнiң ормандарынан және курорттарды санитарлық қорғау округтерiнiң бiрiншi және екiншi аймақтарынан, мемлекеттік орман алқаптары, эрозияға қарсы және субальпiлiк ормандарынан, ерекше құнды орман алқаптарынан, өзендер, көлдер, су қоймалары және басқа су объектiлерi жағалауларының тыйым салынған алқаптары ормандарынан (су жайылатын жерлердегi жапырақты ағаштардан басқалары), сондай-ақ ерекше қорғалатын телiмдердегi ормандардан басқа. Аталған қорғаныштық категориялардағы ормандарда тек орманды күтiп баптау үшiн кесуге және санитарлық кесуге, сондай-ақ облыстық мемлекеттік орман шаруашылығын басқару органының рұқсаты бойынша басқадай кесуге не кесуге, шаруашылық жағынан құндылығы аз және қорғаныштық, су қорғаушылық қасиеттерiн жоғалта бастаған және экологиялық қызметiн қайта құруға байланысты ағаштарды кесуге ғана жол берiледi. Кесу ережелерiнде көрсетiлген тiзбеге сәйкес басты мақсатта пайдалану үшiн құнды және сирек, сүрек пен бұталық тұқымдарды кесу белгiленбейдi. б) аралық пайдаланудағы бiрiншi және екiншi топтардағы ормандарда орманды күтiп-баптау үшiн кесу мен санитарлық кесу және құндылығы аз орман екпелерiн қайта құруға байланысты кесудi жүргiзген кезде; в) ағашты басқа мақсатта кесудi жүргiзу кезiнде (гидротораптардың, құбырлардың, жолдардың құрылысына байланысты, орман соқпақтарын салған кезде, өртке қарсы алаңқайлар жасаған кезде орман алаңдарын тазарту). Ағашты басқа да кесу жұмыстарды жүргiзуге арналып бекітілген жобалар мен техникалық жағдайларға сәйкес жүзеге асырылады. 8. Ағашты басты мақсатта пайдалану үшiн кесуге және орманды күтiп-баптау үшiн кесуге тек есептегi кеспеағаш пен жыл сайынғы аралық пайдалану көлемi белгiленген тәртiпте анықталған шаруашылықтарға ғана рұқсат берiледi. 9. Ағаш кесудiң барлық түрi белгiленген тәртiпте бекітілген ережелерге (нұсқаулар мен ережелерге) сәйкес жүргiзiледi. Сүректi дайындаудың, тасудың мерзiмi мен тәртібі және мерзiмдi кейiнге қалдыруға рұқсат алу 10. Ағашын кесу белгiленген кеспеағашта сүрек дайындау мерзiмi сол жылғы қаңтардың 1-нен желтоқсанның 31-iне дейiн, ал тасу мерзiмi келесi жылғы мамырдың 1-iне дейiн белгiленедi. 11. Сүректi ұсақ ағаш дайындаушылар мен азаматтарға босату кезiнде орман иеленушi ағаш дайындау көлемiне қарай оны дайындау мен тасып алуға қысқа мерзiм белгiлеуi мүмкiн. 12. Сүректi босату кезiнде оның кеспеағаш алаңынан тасып шығарылуын сан жағынан есептей отырып, қанша дайындалғанын куәландырғанға дейiн ағаш кесу билетiнде немесе ордерде көрсетiлгендей уақытша ағаш қоймасында рұқсат берiледi. Алқаағаштардағы өрт зақымдаған, сондай-ақ дауыл омырған және жел сұлатқандарын өңдеу есебiнен сүректi сан жағынан есепте, босату кезiнде осы сүректi есептеудi ұйымдастыру кезiнде оны төменгi қоймаға тасуға рұқсат етiледi. 13. Гидротораптар, құбырлар, жобалар, байланыс пен электр желiлерi құрылысына, кен орнын әзiрлеу, пайдалы кен өндiру iсiне байланысты тазартылатын алаңдағы сүрек босату, орманды алқапты ормансыз алқапта көшiруге байланысты өзге жағдайларда ағаштарды кесу жобалық құжаттамадағы осы жұмыстарды жүргiзу үшiн белгiленген мерзiмде атқарылады. Мұндай жағдайда рұқсат құжаттарды жыл бойы ағымдағы жылы игеру көзделген сүрек санына қарай берiледi. 14. Орман иеленушiлердiң өздерi орманды күтiп-баптау және санитарлық кесу, мәдени ормандық, өртке қарсы және басқадай орман шаруашылық шараларын жүргiзу кезiнде, ағашты кесiлген жерлерде тұтынушыларға сату жағдайында дайындалған сүректi тасып алудың мерзiмi ағаш кесу билеттерiнде, ордерлерде көрсетiлмейдi. Осы сүректi тұтынушылардың, сондай-ақ орман иеленушiлердiң қарауына келiп түсетiн сүректi (иесiз, ағаш дайындаушылар дер кезiнде тасып алмаған және рұқсатсыз кесiлген) тасып алу мерзiмiн осындай сүректiң санына, тасып алу маусымына, тасымалдау жолдарына және басқа жағдайларға байланысты орман иеленушiлер осы сүректi тұтынушыларға берiлетiн күннен бастап 12 айға дейiнгi мерзiмге белгiлейдi. 15. Басталған және ол жұмыс белгiленген мерзiмде аяқталмаған кеспеағаш болған жағдайда, сондай-ақ дайындалған сүрек орман iшiнде қалдырылған, бiрақ мерзiмiнде тасып алынбаған жағдайда ағаш дайындаушы бұл жұмыстарды бес айдан аспайтын мерзiм iшiнде жүргiзу үшiн уақытты кейiнге қалдыруға рұқсат алуы мүмкiн. Мерзiмдi кейiнге қалдыруға рұқсатты орман иеленушi ағаш дайындаушының жазбаша өтiнiшi бойынша бередi, ал бұл өтiнiш сүрек дайындауды аяқтау немесе оны тасып алу жөнiнде белгiленген мерзiмнен кейiн қалдырылмай берiлуге тиiс. Азаматтарға сүректi дайындауды немесе алып кетудi кейiнге қалдыруды шегеруге рұқсат олардың айтқан өтiнiштерi бойынша, егер олар сүректi дайындау мен әкету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн жасалмаса рұқсат берiледi. 16. Сүрек дайындауға арналған мерзiм кейiнге қалдырылған жағдайда өсiп тұрған күйiнде қалған сүректiң таксациялық құнының айына 1,5 процентi мөлшерiнде ағаш дайындаушыдан өсiм алынады. Сүректi тасып әкету мерзiмi кейiнге қалдырылған жағдайда ағаш дайындаушылар кейiнге қалдырудың әр айы үшiн мерзiмiнде тасып әкетiлмеген сүрек көлемiн есепке ала отырып, оның таксациялық құнының 4,5 процентi мөлшерiнде өсiм төлейдi. Орман иеленушi ағаш дайындаушының өтiнiмiне көрсетiлген кесiлмей қалған және тасып әкетiлмеген сүректiң санына сәйкес бақылау тексерiсiн жүргiзуге мiндеттi. Ағаш кесу немесе ордерге мерзiмнiң кейiнге қалдырылуы туралы белгi жасауды орман иеленушi жүргiзедi. Орман иеленушi орманды күтiп-баптау үшiн кесуi және басқадай кесуi тәртібімен дайындалған сүректi тұтынушылардың тасып алуына да және орман иеленушiнiң қарамағына келiп түскен сүректi (иесiз және басқа сүректердi) франко-кеспеағаш тұрғысында сатуына осындай тәртiпте мерзiм кейiнге қалдырылуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді 17. Ағаш кесiлген жерлерден тасылып алынған сүрек, егер ол темір және тас жолдар бойындағы қоймаларға, қондырғылар мен өңдеу үшiн бейiмделген, сондай-ақ ағаш тасылатын жолдар бойындағы немесе орман иеленушiмен келісілген және ағаш кесу билетiнде немесе ордерде көрсетiлген жерлерде орналасқан басқа да қоймаларға тасылып жеткiзiлген болса, тасылып алынған болып есептеледi. Белгiленген мерзiмдер өткеннен кейiн тасып әкетiлген сүрек (берiлген мерзiмiн кейiнге қалдыруды ескере отырып), сондай-ақ өз бетiмен кесiлген сүрек орман иеленушiнiң билiгiне түседi және олар заңнамада белгiленген тәртiппен сатады. 18. Өздерiне бөлiнген кесiлетiн ағаш қорын толық пайдаланған ағаш дайындаушылар облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органының рұқсаты бойынша осы жылғы 1 қазаннан бастап өздерiне келесi жылға бөлiнген кесiлетiн ағаш қорының 20 процентке дейiнгi мөлшерiнде кеспеағашты жедел түрде кесе алады. Бұл орайда рұқсат тек кесу алқабын анықтаған, пайда болған қателiктерiн жойған соң ғана және кеспеағаштың жыл сайынғы есептелген белгiленген шегiнде берiлуi мүмкiн. 19. Кесiлетiн ағаш қоры басты мақсатта пайдалану жөнiнде сүрек дайындау үшiн белгiленген толысу мерзiмi жетiлген сүректiң қорынан құралады. Кесiлетiн ағаш қорының жыл сайынғы мөлшерi ормандардың жеке-дара топтары бойынша қылқан жапырақты, қатқыл жапырақты және жұмсақ жапырақты тұқымдар бойынша бөлiнген мәлiметтермен анықталады. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді 20. Кесiлген ағаш қоры ағаш дайындаушылардың ағаш саудаласуына (аукциондарына) қатысуға жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде қалыптастырылады, олар қаңтардың 1-iнен наурыздың 1-i аралығын қоса мерзiмде, ағаш дайындау басталғанға дейiн бiр жыл бұрын облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік органына жолданады. Ағаш саудаласуына (аукциондарына) Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын басқару жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген біліктiлiк талаптарына жауап беретiн ағаш дайындаушылар жiберiледi. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді 21. Облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы өтiнiмдер қабылдау аяқталғаннан кейiнгi 15 күндiк мерзiм iшiнде өтiнiм жасалған кесiлетiн ағаш қорын орман иелерi бойынша олар үшiн белгiленген есептегi кеспеағаш шегiнде орналастырылады. Сәуiрдiң 15-iне дейiнгi мерзiмде облыстық экономика комитетiмен келiскеннен кейiн облыс бойынша материалдар деректерi Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органына жiберiледi. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді 22. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы мамырдың 15-iне дейiнгi мерзiм iшiнде кесiлетiн ағаш қорын орман иелерi бойынша бөлу жөніндегі материалды қарайды, оны бекiтедi және облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарына жеткiзiп бередi. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді 23. Кесiлетiн ағаш қорын орман иелерi бойынша бөлу жөніндегі бекітілген материалдарды маусымның 10-на дейiнгi мерзiм iшiнде облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы орман иеленушiлер мен ағаш дайындаушыларға жеткiзедi. ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен 24, 25-тармақтар алып тасталды 24. 25. 26. Жалға берiлген орман қоры телiмдеріндегі басқадай ағаш дайындаушыларға кеспеағаш бөлiп беруге тыйым салынады. ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен 27-тармақ алып тасталды 27. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 28-тармақ өзгертілді 28. Кесiлетiн ағаш қорын бөлу және таксациялау жөніндегі нақты жұмыс ағаш саудаласуына (аукциондарға) қатысуға өтiнiм берген жылдың қыркүйек айының 1-iне дейiн аяқталуға тиiс, сонан соң орман иеленушi бөлiнген кеспеағашты материалдық және ақшалай бағалау құжаттарымен ағаш дайындаушыға танысу үшiн ұсынады. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 29-тармақ өзгертілді 29. Ағаш дайындаушы өзiне бөлiнген кеспеағашты қарап шығуға, материалдық және ақшалай бағасымен танысуға құқы бар. Орман иеленушiнiң мәлiметтерiнiң ағаш дайындаушылар мәлiметтерiнен айырмашылығы болған жағдайда, соңғысы ағаш кесу билетiн немесе ордердi алғанға дейiн орман иеленушiге жазбаша түрде қажеттi негiздеулермен өзiнiң қарсылығын бiлдiруге құқы бар. Орман иеленушi ағаш дайындаушыға тексерiс жүргiзiлетiн күн жөнiнде күнi бұрын хабарлайды және 10 күн iшiнде жергiлiктi жерде ағаш дайындаушы өкiлiнiң қатысуымен берiлген шағымды тексередi, тексерiс нәтижесi жөнiнде акт жасалады. Ағаш дайындаушының өкiлi келмей қалған жағдайда белгiленген мерзiмде орман иеленушi бiр жақты негiзде тексерiс жүргiзедi. Осылай жасалған тексеру актiсi ағаш дайындаушы үшiн мiндеттi болып табылады. Орман иеленушiнiң алғашқы мәлiметтерiнен тексеру барысында анықталған 10 проценттен астам ауытқушылық, сондай-ақ ағаш кесу, кеспеағашты бөлу мен таксациялау ережелерiнен бас тартушылықты орман иеленушi 10 күн мерзiм iшiнде түзеуге тиiс. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 30-тармақ алып тасталды 30. Ағаш дайындаушыға кесiлетiн ағаш қорын алдын-ала беру акт бойынша жүргiзiледi және қарашаның 15-iне дейiн аяқталуға тиiс. 31. Ағаш дайындаушы өзiне кесiлетiн ағаш қоры алдын-ала берiлгеннен кейiн осы Ережелердiң 49-55 тармақтарына сәйкес қабылдап алынған кеспеағаштарда дайындық жұмысын жүргiзуге құқы бар. ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен 32-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 32-тармақ алып тасталды 32. Келесi жылғы қаңтардың 1-iнен наурыздың 15-i аралығында орман иеленушi ағаш дайындаушыларға ағаш кесу билетi мен ордердi жазып бередi. Аталған мерзiмде рұқсат құжаттар алынбаған жағдайда, ағаш дайындаушы кесiлетiн ағаш қорына байланысты өз құқығынан айырылады. Облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органының кесiлетiн ағаш қорын басқа ағаш дайындаушыларға қайта бөлiп беруге құқы бар. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 33-тармақ алып тасталды 33. Ағаш дайындаушы қайта бөлуден кейiн алған кесiлетiн ағаш қорын белгiленген тәртiпте бiр ай мерзiм iшiнде түбiр бойынша ақы төлеуге және орман иеленушiден рұқсат құжат алуға мiндеттi. 34. Ағаш дайындаушыға келесi жылға арнап кесiлетiн ағаш қорын ресiмдеген кезде оған берiлетiн кесiлетiн ағаш қоры есебiне оған қалдырылған кесiлмеген ағаштар, кесу мерзiмi кейiнге қалдырылған ағашын кесу жұмысы аяқталмаған кеспеағаштар, өткен жылда ағашын кесу басталмаған кеспеағаштар, сондай-ақ дайындалған, бiрақ мерзiмiнде тасып алынбаған (мерзiмi кейiнге қалғанын ескере отырып) сүрек жатқызылады. ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді 35. Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органы қажет болған жағдайларда кесiлетiн ағаш қорын пайдалануға арналған рұқсат құжаттарды алу мерзiмiн ұзарта алады, мұның өзi ағаш дайындаушыны айыпқұннан босатпайды. ҚР Үкіметінің 15.04.02 ж. № 431 қаулысымен 36-тармақ алып тасталды 36. 37. Орманды күтiп-баптау үшiн кесу, санитарлық кесу және басқа орман шаруашылығы, мәдени орман мен өртке қарсы шараларды жүргiзу кезiнде ғылыми-зерттеулердi, геологиялық орман орналастыру және басқа iздестiру мен зерттеу жұмысын, мелиорациялық жұмыстарды, құрылыс пен жолдарды жөндеудi,жолдық ғимараттарды салуды, құбырлар төсеудi, байланыс пен электр беретiн желiлер тартуды жүзеге асырушы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ шалғайдағы мал шаруашылығы қызметкерлерi мен жергiлiктi халық бүкiл жыл бойына ағаш кесу билеттерi мен ордерлердi алу құқын пайдаланады. 38. Кесiлетiн ағаш қорын пайдалануға рұқсат құжаттарды алған күннен бастап ағаш дайындаушыға берiлген кеспеағаш оның қорғауына тапсырылған болып есептеледi, мұнда оған осы Ережелерде көзделген мiндеттердiң бәрi жүктеледi және де материалдық және ақшалай бағалаумен келiспеушiлiгi туралы шағымы қабылданбайды. 39. Қажет болған жағдайларда орман иеленушiлер облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органының рұқсатымен ағаш дайындаушыларға жұмыс атқарылатын жерлерде берiлген, оның iшiнде бөлiнген сау алқаағаштарда ағашын кесу басталған кеспеағаштарды, екпелерiнде табиғи апат, орман аурулары мен зиянкестер бүлдiрген кеспеағаштарды алмастыра алады. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 358 қаулысымен 40-тармақ өзгертілді 40. Бiр жылға бөлiнген мөлшерден тыс сүректi қосымша босатуға: а) өткен кезең үшiн есептелген пайдаланылмаған (оның белгiленген жылдан бастап) кеспеағашымен орман шаруашылығы кәсiпорындарындағы барлық топтағы ағаштарда оны басты мақсатқа кесу тәртібімен Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органының рұқсатымен - осы кеспеағаштың барлық көлемiне дейiн; б) барлық топтағы ағаштарда облыстық орман шаруашылығын мемлекеттік басқару органдарының рұқсатымен: жел құлатқан, өртенген ағаштарды кесу жүргiзу талап етiлетiн алқағаштарда жоспарда белгiленгендегiден тыс ормандарды күтiп-баптау үшiн кесу және санитарлық кесу тәртібімен, сондай-ақ орман орналастыруды жүргiзу барысында белгiленетiн көлемде жекелеген ағаштарды, тұқымдық және сирек ағаштарды кесу тәртібімен; белгiленген тәртiппен орманды алқапты ормансыз алқапқа көшiруге байланысты, сондай-ақ ағымдағы байланыс желiлерiн және электр берудi, жолдарды, құбырларды, соқпақтарды, шекаралық желiлердi, мелиорациялық желiлердi ұстауға байланысты ағаштарды басқа да кесудi жүргiзгенде; в) орман иеленушiнiң рұқсатымен барлық топтағы ормандарда: белгiленген жоспар бойынша мәдени орман, орманға орналастыру, өртке қарсы және басқа орман шаруашылық жұмыстарын жүргiзуге байланысты ағаштарды кескенде; кеме жүру жағдайында белгiлердiң көрiнуiн қамтамасыз ету үшiн ағаштар мен бұталары, сондай-ақ кеме жүруiне қауiп тудыратын ағаштарды кесу барысында;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |