|
|
|
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгісін (сипаттамасын) бекіту туралы (2008.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1260 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1235 қаулысымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1235 қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының бланкілерін жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1235 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгісі (сипаттамасы) бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1235 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты бланкілерін оның сипаттамасына сәйкес жасауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Үкіметінiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1235 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатының үлгiсi (сипаттамасы)
1. Ықтиярхат - мөлдiр пластикалық қаптамасы бар, көлемi 70Х100 мм, баспаханалық жолмен жасалған, түрлi-түстi кәртiшке. Мұндағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген. ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1235 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Оның бет жағында: а) жоғарғы шетiнде: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН деп жазылған, бұлардың арасында диаметрi 20 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. б) олардан төмен - Шетелдіктің тұру ықтиярхаты Вид на жительство иностранца деген жазулар бар; в) елтаңбаның астында қоныстану ықтиярхатының нөмiрi көрсетiлген; г) сол жағында мөлшерi 33х43 мм сурет кәртiшкесi жапсырылған. 3. Суретiнiң оң жағында төрт көлбеу сызық тартылған. Олардың астында: Тегi/Фамилия Аты/Имя Әкесiнiң аты/Отчество Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған. 4. Сырт жағында сегiз көлбеу сызық тартылған. Олардың астында: Туған жерi/Место рождения Азаматтығы/Гражданство Тұрғылықты жерi/Место жительства Берген мекеме/Орган выдачи Берiлген күнi қолданылу мерзiмi/Дата выдачи-срок действия Қолы/Подпись
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген
Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң үлгiсi (сипаттамасы). ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1235 қаулысымен алып татсалды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |