|
|
|
"1996-2000 жылдарға арналған құрылыстардың өндiрiстiк базасын ҚР Үкіметінің 2005 ж. 9 ақпандағы № 124 қаулысымен күші жойылды Құрылыстардың өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құрудың өзектiлiгiн ескере отырып және оны жүйелi түрде жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі дайындаған және Қазақстан Республикасының Қаржы және Экономика министрлiктерiмен келісілген "1996-2000 жылдарға арналған құрылыстардың өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құру" бағдарламасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бiрлесiп 1997-2000 жылдарға арналған индикативтiк жоспарды жасаған кезде саладағы жүргiзiлген құрылымдық-экономикалық жаңғыртуларды ескере отырып Бағдарламаға қажеттi түзетулер енгiзiлсiн. 3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау және саланың өндiрiстiк базасын дамыту жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестiру Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігіне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қарашадағы № 1366 қаулысымен мақұлданған "1996-2000 жылдарға арналған құрылыстардың өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құру" БАҒДАРЛАМАСЫ 1. Кiрiспе "1996-2000 жылдарға арналған құрылыстардың өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құру" бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы № 56 қаулысымен бекітілген 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды жоспарына сәйкес жасалып, шетелдiң құрылыс материалдарын өндiрушiлермен тең құқықты әрiптестiк жағдайларда құрылыс материалдары мен бұйымдары өндiрiсiн дамытуды көздейдi. Өтпелi кезеңдегi саланы дамытудың басты мақсаты - отандық құрылыс өнiмдерiн жоғары тиiмдi технологияны енгізудi ескере отырып, басым технологияларды қайтару негiзiнде инвестициялау және жеңiлдiктi кредиттеудi ескерiп, бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету. Құрылыс кешенiнiң негiзiн оның өнеркәсiптiк базасы - құрылыс материалдарының, конструкциялар мен бұйымдарының өнеркәсiбi құрайды, оның 8920 мың тонна цемент, 754 млн. дана шартты шифер тақтасы, 5916 шақырым шартты асбест цемент құбыры, 9541 мың текше метр кеуектi толықтырғыштар, 2947 мың шаршы метр керамикалық тақталар, 15 млн. шаршы метр линолеум, 980 мың дана санитарлық-керамикалық бұйымдар, 402 мың тонна құрылыстық гипстер, 300 мың текше метр минмақталар және одан жасалатын бұйымдар, 125 млн. шаршы метр төбе жабатын жұмсақ материалдар шығара алатын қуаты бар. Алайда, жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк базалардың техникалық деңгейi бүгiнгi күннiң талаптарына жауап бермейдi. Қазiргi уақытқа дейiн осы қуаттарда энергияны көп қажет ететiн материалдарды, өнiмдер мен конструкцияларды ескiрген, тиiмсiз технологиямен шығару орын алып отыр. Құрылыстардағы тiкелей объектiлерде едәуiр шығынды талап ететiн құрылыс материалдары мен бұйымдары әлi де пайдалануда. Полимерлiк және тиiмдi жылу сақтайтын материалдар аз мөлшерде шығарылады. Құрылыс материалдары мен құрылыс индустриясы өнеркәсiбiнiң көптеген кәсiпорындары қайта жаңартуды және техникалық жағынан қайта жарақтандыруды қажет етедi, көптеген кәсiпорындардың өндiрiстiк қорлары шектен тыс тозығы жеткен. Республикада әйнек өндiретiн, шыны талшығын, алюминий қорытпаларынан конструкциялар, композиттi және басқа материалдар шығаратын кәсiпорындар жоқ. Сонымен, жұмыс iстеп тұрған базалардың жаңа экономикалық жағдайларға дайын еместiгi, құрылыс материалдарына деген бағаның өсуi жағдайды қиындатуда. Осыған байланысты таяу болашақтағы мiндет құрылыс кешенiнiң базасын дамыту мен нығайтуға арналған бағытты дәйектi жүзеге асыру болып табылады. Осы мiндеттердi жүзеге асырудың негiзi ғылыми-техникалық прогрестiң және бiрiншi кезекте жетекшi шетел фирмаларының шетелдiк инвестицияларды тарта отырып, осы заманғы технологиялары мен жабдықтарын кеңiнен енгізу болып табылады. 2. Тұрғын үй құрылысының өндiрiстiк базаларын құрылымдық қайта құру бағыттары Аз қабатты үйлер салудың көлемiн арттыруды көздейтiн тұрғын үй құрылысының тұжырымдамасы құрылыс материалдары мен конструкцияларының сапасына жаңа талаптар қояды. Бұл бiрiншi кезекте, салынатын объектiлердiң салмағын азайтып, мәңгi берiктiгiн арттырады, шығынды, әсiресе үйлердi пайдаланған кезде энергетикалық шығынды қысқартады, тұрғын үйдiң жайлылығы мен құрылыстың сәулеттiк әрлiлiгiн арттыра түседi. Алдыңғы қатарлы шетелдердiң тұрғын үй салудағы тәжiрибелерi құрылыстың бағытына және салынатын жерлерiне байланысты усадьбалық учаскесi бар аз қабатты тұрғын үйлер мен көп қабатты варианттағы құрылыстардың салынып жатқандығын дәлелдейдi. Аз қабатты үйлердi салғанда ұсақ материалдар (кiрпiштер, жеңiл блоктар, ағаштар және т.б.) пайдаланылады, ал көп қабатты үйлердi салғанда - аралас монолиттi конструкциялар мен монолиттi темір-бетон және ұсақ қалау материалдарын, әйнек, пластмасса, металдан жасалған, композиттi, жылу сақтағыш және басқа материалдар барынша мол пайдаланылады. Осыған байланысты тұрғын үй құрылысына нарықтық экономика талабын ескере отырып мынадай бағыттарға ерекше мән берiлуi қажет. Тиiмдi құрылыс материалдарын қолдана отырып, аз қабатты құрылысты дамыту Керамикалық кiрпiштердi құрылысқа пайдалануға талдау жасағанда, тұрғын үй құрылысына жалпы өндiрiлген кiрпiштiң 40 процентi жұмсалғандығын көрсетедi. Алайда, энергия қуатының бағасы толық босатылған кезде дәстүрлi тығыз кiрпiш өндiрiс шығындары бойынша бәсекелестiкке қабiлетсiз болып шықты. Демек, кiрпiш шығару өндiрiсiн қайта жаңғырту мен жаңартуда өндiрiстi автоматтандыру мен механикаландыруды және өнеркәсiп қалдықтарын қоса отырып тиiмдi iшi қуыс кiрпiштердiң түрлерiн шығаруға көшудi, сондай-ақ олардың өндiрiсiне кеткен шығындарды азайтуды (күйдiру температурасын азайту, күйдiрмей өндiруге көшу) ескере отырып өндiру қажет. Ұялы бетоннан жасалған ұсақ блоктарды пайдаланғандығы экономикалық тиiмдiлiктi (салыстырмалы түрде әлдеқайда арзан, жылу тиiмдiлiгi мол) ескере отырып аз қабатты құрылысқа цементтi және цементсiз байланыстыратын материалдарға арналған тиiмдi көбiк түзгiштермен автоклавсыз ұялы блоктар өндiрiсiн кеңейту қажет. Сейсмикалық аудандарда аз қабатты үйлер салу темір-бетонды бекiткiштерiн енгiзе, блокты (модульдi) темір-бетон конструкцияларын қолдана отырып, ұсақ блоктардан салынатын үйлердiң жер сiлкiнiсiне төзiмдiлiгiн арттыруды талап етедi. Сонымен бiрге қатты қоспаларды және бетонды жылусыз өңдеудi қолдана отырып, үйлердiң жеке жобалары жөніндегі темір-бетон өндiрiсiн ескерiп, энергияны аз қажет ететiн технологияға көшу қажет. Аз қабатты және жеке құрылыс талаптарын қамтамасыз ету үшiн әрлеу және құрастырмалы материалдардың ерекшелiктерiне сай келетiн жылу сақтайтын бұйымдар мен конструкциялардың жаңа түрлерiн, көркемдеу-әрлеу қасиетi бар рулонды жылу сақтағыш, шатырлық материалдар, оның iшiнде экологиялық таза керамикалық және цемент-құм черепица, мәңгi төзiмдi рулонды эластомерлiк төбе жабатын материалдар, тағы басқаларды өндiрудi дамыту қажет. Энергиялық ресурстарды үнемдеу мақсатында жылудың, сумен жабдықтаудың, түрлi қуаттығы канализацияның автономиялық жүйесiн, оның iшiнде энергияның дәстүрлi емес көздерiн пайдалана отырып, әзiрлеу және игеру қажет. Аз қабатты және жеке құрылыстарды қажеттi механикалармен қамтамасыз ету ауысымдық жұмыс құралдарын кеңiнен пайдалану бағытында шағын қуатты машиналар мен механизмдердiң жаңа түрлерiн жасау және игеру жұмыстарын жүргiзудi талап етедi. Көп қабатты үйлердiң құрылысы Iрi елдi мекендер мен қалалардың дамуы көп қабатты үйлер салумен қатар жүредi. Құрылыстың қазiр жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк базасындағы құрылыс индустриясын қайта құрудың техникалық бағыты құрылыс материалдары мен конструкцияларының жаңа түрлерiне бiрте-бiрте көшудi талап етедi. Таяуда 1996-1997 жылдары көп қабатты үйлердiң құрылыстары iрi панельдi үй құрылысы элементтерi мен каркасты жүйелерiнiң салмақ көтергiш және қоршағыш конструкцияларын пайдалана отырып жүргiзiлуге тиiс. Сыртқы қабырғалар және аспа панельдер ретiнде 800-900 кг/м3-ден аспайтын көлемдi салмағы бар ұялы бетондар пайдалануға тиiс. Жер сiлкiнбейтiн аумақта каркасты үйлер 600-700 кг/м3-ден аспайтын көлемдi салмағы бар ұсақ материалдардан тұрғызылуға тиiс. Үйлердi пайдаланған кезде энергиялық ресурстарды үнемдеу мақсатында конструкциялар iшiнде жылытқыштар қалай пайдаланылса, қабырғалардың сыртын қаптау және iшкi әрлеу қабаттарында солай пайдаланылуға тиiс. Бұл үшiн экологиялық таза (карбамидтық, шыны мақтасы, қағаз, пенополистирол, пенополиретандық және т.б.) байланыстыратын жергiлiктi шикiзаттардан жасалған жылу сақтағыш материалдар өндiрудi дамыту қажет. Iрi панельдi үй құрылысы элементтерiн пайдалана отырып, көп қабатты үйлердiң салу құнын азайту үшiн бетонға арналған қоспаларды және өндiрiсiнiң басқа да экономикалық әдiстерiн пайдалана отырып, жылуды пайдаланбай-ақ қатыруды тездететiн бұйымдарды шығару технологиясына көшу қажет. Жаңа жобалау шешiмдерi бойынша көп қабатты үйлер салудың зор маңызы бар, соның нәтижесiнде материалдар мен қаражатты үнемдеуге болады. Бұл жағдайда ригельсiз каркастан жасалған конструкцияларға модульдiк жүйелерге жоғары мән берiлуi тиiс. Көп қабатты үйлерде салмақ көтеретiн каркастар ретiнде жоғары сапалы жеңiл (кеуектi) бетоннан жасалған темір-бетон элементтердiң пайдаланылуы мүмкiн. Сөйтiп, тұрғын үй құрылысының өндiрiстiк базасын қайта құруды ескере отырып, құрылыс материалдары мен бұйымдарының негiзгi түрлерiн өндiру құрылымын қайта құру, материалдар мен құрылыс индустриясы өнеркәсiбiнiң жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарын қайта жабдықтау мен жаңғырту, сондай-ақ мынадай негiзгi бағыттар бойынша өндiрiске тиiмдi және экологиялық таза материалдарды енгізудi: цемент өнеркәсiбiне - Пәкiстан Ислам Республикасының кредиттiк желісін пайдалана отырып, "Шымкент цемент заводы" АҚ бiр технологиялық желісін құрғақ әдiспен шығаратын өндiрiске көшiре отырып қайта құру, экспорттық әлеуметiн арттыру мақсатында "Қарғандыцемент" АҚ, "Састөбецемент" АҚ және "Өскемен цемент заводы" АҮАҚ цементтi ыдысқа салу жөніндегі буып-түю желiлерiн жабдықтауды; қабырғалық материалдар өндiрiсiнде - шетел фирмалары озық технологиялары мен жабдықтарының базасында өнеркәсiптiк қалдықтарды пайдалана отырып, ұялы бетоннан жасалатын бұйымдарды, iшi қуыс тастар өндiрудi дамыту және үйдiң сыртын қаптайтын керамикалық кiрпiштердi шығарудың көлемiн арттыруды; гипстi байланыстырғыштар өндiрiсiнде - берiктiлiгi жоғары гипс өндiрудi игерудi, гипс бұйымдарын - гипскартонды тақталарды және қабырғалар мен төбелердi бөлу үшiн оларды бекітілетiн элементтерi бар әртүрлi қалқалықтарды шығаруды игерудi; шатырлық материалдар өндiрiсiнде - полимерлер негiзiнде тиiмдi шатырлық материалдарды шығаруды ұйымдастыруды, саздан жасалған черепицаларды шығаруды игерудi, тегiс шағын көлемдегi шатырлық тақталарды, сондай-ақ шағын көлемдi толқынды тақталарды балқытып жасалған қара қағаздарды шығаруды кеңейтудi ұйымдастыруды; жылу сақтайтын материалдар өндiрiсiнде - шыны ровинг негiзiнде экологиялық таза минералмақталық бұйымдар шығаруды игерудi, полимерлер негiзiнде жылу сақтағыш материалдар шығаруды, волластонит пен вермукалит негiзiнде экологиялық таза күймейтiн жылу сақтағыш материалдарды жасауды; құрылыс керамикасы өндiрiсiнде - керамикалық тақталар мен санитарлық керамикалық бұйымдар өндiру үшiн жоғары тиiмдi технологияларды, жабдықтар мен пештiк агрегаттардың жаңа легiн әзiрлеу керек. Iшкi қабырғалар мен едендердi әрлеу үшiн керамикалық тақталар өндiрiсiнде фактурамен жабылған әртүрлi нысандағы iрi көлемдегi тақталардың үлесi артуға тиiс; темір-бетон өндiрiсiнде - iрi панельдi үй құрылысының көлемiн бiртiндеп азайту, құрастырмалы модульдық элементтердi пайдалана отырып, аз қабатты үйлер мен коттедждер салу үшiн бұйымдар шығаруды, көбейтудi; табиғи тастардан жасалған әрлеу материалдары өндiрiсiнде шетел фирмаларының (Италия, Германия) өзiнiң технологиясының негiзiнде өндiрiлген әрлеу тақталарының сапасын жақсартуды; ағаш өңдеу өнеркәсiбiнде - қалдықсыз технологияны енгiзе отырып, ағаш шеберлерi жасайтын бұйымдарды шығаруды дамыту қажеттiгiн талап етедi. Құрылыстың өндiрiстiк базасын қайта құру жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) басым бағыттары 1996 жылғы және таяудағы жылдарға арналған өндiрiстiк базаны қайта құрудың басым бағыттарын, сондай-ақ қолда бар пысықтаулар мен құрылыс кешенiнiң ғылыми-техникалық мүмкiндiгiн ескере отырып, олардың негiзгi мiндеттерi: құрылысты, өндiрiстi жергiлiктi шикiзат ресурстарын пайдалана отырып экономикалық технологияларды енгізуге бағытталуға тиiстi жаңа тиiмдi құрылыс материалдарымен және бұйымдарымен қамтамасыз ету; импортты ауыстыратын материалдар мен бұйымдар өндiрiсiн әзiрлеп, енгізу болып табылады. Осыған байланысты таяу жылдарға арналған ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) басым бағыттары ұсынылады, оны қаржыландырудың көлемi мен көздерi құрылыс кешенiнiң жыл сайынғы ғылыми-техникалық талдамаларды жасау барысында айқындалады. _______________________________________________________________ Ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк і Бағдарламаны жүзеге асырудың конструкциялық жұмыстың і түпкi нәтижелерi (ҒЗТКЖ) тiзбесi і _______________________________________________________________ 1 і 2 _______________________________________________________________ Байланыстырғыш материалдар Цемент зауыттарын құрғақ әдiс Энергия қорларын үнемдеу, өндiрiсiне көшiрудегi жаңа цементтiң өзiндiк құнын тиiмдi шешiмдердi әзiрлеу төмендету мен қолдану Монолиттi үй және аз қабатты Цементтi үнемдеу, бұйымдарды ғимараттар құрылысына арналған жылу арқылы өңдегенде энергия ұялы бетонды өндiру үшiн шығынын болдырмау отандық кеуектi құрастырғыштардың жаңа түрлерiн әзiрлеу Әк өндiрiсi Әк алудың қалдықсыз Ресурстық шығындарды азайту, технологиясын әзiрлеу экологиялық проблеманы шешу Гипстiк материалдар мен бұйымдар шығару Суға төзiмдi сапалы гипстi Бұл саланы пайдалануды кеңейту, өндiру технологиясын әзiрлеу құрылыс конструкциясын және оның негiзiнде бұл пайдалану мен эстетикалық бұйымды өндiрудi игеру көрсеткiштерiн арттыру, еңбек ауқымы мен құрылыс құнын төмендету Керамикалық қабырғалар материалдарды өндiру Кiрпiштi күйдiру кезiнде оның Отын-энергетика қорларын ұзақтығы мен температурасын үнемдеу, өнiмнiң өзiндiк құнын азайту мақсатында оңтайлы төмендету технологиялық көрсеткiштердi әзiрлеу Беттiк кiрпiштер мен қуысты Қорды сақтау, экологиялық тастар өндiруде өндiрiс мәселелердi шешу, өнiмнiң қалдықтарын кешендi түрде өзiндiк құнын төмендету пайдалану Үй төбесiн жабатын материалдарды өндiру Көтерiңкi физикалық-механикалық Пайдалану мерзiмiн ұлғайту, және пайдалану қасиетiнiң өнiмнiң өзiндiк құнын төмендету полимерлерi негiзiнде үй төбесiн жабатын материалдар өндiрiсiнiң тиiмдi технологиясын әзiрлеу Үй төбесiн жабатын материалдар Экология проблемасын шешу, өндiрiсiнде өнеркәсiптiк өнiмдiк өзiндiк құнын төмендету қалдықтарды пайдалану Жылу өткiзбейтiн материалдарды өндiру Экология таза байланыстырғыш Пайдалану мерзiмiн ұзарту, негiзiнде ылғал ұстайтын энергетика қорларын үнемдеу, минералды-мақталық бұйымдарды экологиялық проблемаларды шешу алу үшiн оның құрамын айқындау Көтерiңкi физикалық-механикалық Бұйымдардың түрлерiн және оның және пайдалану қасиетiн сапалық көрсеткiштерiн ұлғайту волластонит пен вермикулит негiзiнде бұйымдарды пайдаланудың жиынтығын кеңейту Жылу өткiзбейтiн ұялы бетонды Бұйымдардың пайдалану және жоғары пайдаланғыш жиынтығын арттыру қасиеттi (жылу өткiзгiштiгi, су қабылдағыштығы төмен) бұйымдарды шығарудың тиiмдi технологиясын әзiрлеу Құрылыстық керамиканы өндiру Фактуралық табымен жасалған, Энергия ресурстарын үнемдеу төзiмдiлiгi жоғары керамикалық плиталардың барлық түрiн алу үшiн жоғары тиiмдi технологияны әзiрлеу Керамикаға арналған қоспалар Өнеркәсiп қалдықтарын пайдалану мен бояуларды алу үшiн жаңа арқылы қоспалар мен бояуларды технологияны құру өндiру Темір-бетон өндiру Жоғары қасиеттi жылу Энергетикалық және материалдық өткiзбейтiн жаңа тиiмдi қорларды жұмсауды төмендету материалдарды өндiру үшiн энерго-қорларды сақтайтын технологияны құру Аз қабатты үйлер мен Өнiм мен құрылыстың өзiндiк коттедждердi салуға арналған құнын төмендету құрастырмалы модульдық элементтердiң технологиясын жетiлдiру Көлденең графикалық қабырғаның Құрылыстың құнын төмендету, пiсiрiлген болат имегiнiң ғимараттардың жер сiлкiнiсiне түрлерiн жетiлдiру қарсы мықтылығын арттыру, металдарды үнемдеу Табиғи тастардан әрлеу материалдарын жасау Тастарды өңдеп, ұқсатқанда Материалдық қорларды үнемдеу қалдықсыз технологияны және өнiмдердiң сапасын жетiлдiре отырып, әрлеу арттыру плиталарының сапасын арттыру Әйнек және әйнек-талшықты материалдар жасау Жергiлiктi шикiзат қорларын Құрылыс әйнегiн өндiру пайдалана отырып құрылыс әйнегiнiң өндiрiсiн ұйымдастыру Асбест-цемент өнеркәсiбi Қалдықтарды пайдалана отырып, Құрылыс бұйымдарының құнын тиiмдi асбест-цементтiк төмендету материалдар әзiрлеу Асбест-цемент өнеркәсiбiнiң 400-500 кг/м3 тығыздықта жылу қалдықтарын пайдалана отырып, өткiзбейтiн материалдарды құрастырмалы және жылу шығару көлемiн арттыру, өткiзбейтiн бұйымдар өндiрудiң қалдықтарды кәдеге жарату технологиясын жасау Полимер негiзiнде құрылыс материалдарын өндiру Едендердi жақсартылған сапамен Отын-энергетика ресурстары мен жабу үшiн поливинилхлоридтық үнемдеу, материалдық ресурстарды негiзiнде рулондық және үнемдеу, импорттан бас тарту плиталық материалдарды алудың тиiмдi технологиясын әзiрлеу Көпiршiктi пластмасса, Отын-энергетика және материалдық синтетикалық каучук және қорларды үнемдеу, импорттан бас сополимерлердiң негiзiнде жылу тарту өткiзгiш материалдарды алу үшiн жаңа технологияны әзiрлеу Полимерлiк синтетикалық Отын-энергетика ресурстарын, бұйымдарды (сифондарды, су металл мен шойынды үнемдеу ағатын бактарды, канализациялық трубаларды) шығарудың тиiмдi технологиясын әзiрлеу Лактар, бояулар, желiмдер өндiру Жергiлiктi материалдарды және Өнiмнiң өзiндiк бағасын жоғары техникалық төмендету, отын-энергетика көрсеткiштердi өндiрiстiк ресурстарын үнемдеу қалдықтарды пайдаланып, лак пен бояуды алудың жаңа технологиясын әзiрлеу Құрылыста пайдалану үшiн Экологиялық проблемаларды шешу, экологиялық таза желiмдердi импорттан бас тарту алудың технологиясын жасау "1996-2000 жылдарға арналған құрылыстың өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құру" бағдарламасы жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындарды жетiлдiру, қайта жаңарту, сондай-ақ осы бағдарламаның қосымшасындағы тiзбеге сәйкес жаңа өндiрiстер құру жолымен жүзеге асырылады. ҚОСЫМША Шетелдiк инвестицияларды тарта отырып жетiлдiруге, қайта жаңартуға және жаңа кәсiпорындар құрылысына жататын өндiрiстердiң ТIЗБЕСI ____________________________________________________________________ N і Объектiнiң атауы және оның і Өлшем і Қуаты іIске і орналасқан жерi і бiрлiгi і іқосы. N і і і ілатын і і і імерзi і і і і мi _____________________________________________________________________ 1 2 і 3 і 4 і 5 _____________________________________________________________________ 1 Алматы қаласындағы бизнес орталығының құрылысы 2 "Шымкентцемент" АҚ, Шымкент қаласы Цемент өндiрiсiн сулы тәсiлден мың т. 1000 1996- құрғақ тәсiлге аудару арқылы 1998 бiр технологиялық желісін жылдар қайта жаңарту 3 "Қарағандыцемент" АҚ, Ақтау пос., Қарағанды облысы Цементтi орау мен дорбалауды мың т. 600 1997 техникалық қайта жарақтандыру жыл 4 "Өскемен цемзаводы" АҮАҚ, Октябрский пос., Шығыс Қазақстан облысы Цементтi орау және дорбалау, мың т. 1000 1997 жөніндегі цех жыл 5 "Састөбецемент" АҚ, Састөбе пос., Оңтүстiк Қазақстан облысы Цементтi орау және дорбалау " 300 " бөлiмшесiн техникалық қайта жарақтандыру 6 "Ақмоластройинвест" АҚ, Ақмола қаласы, Неопорбетонды және оның мың м3 200 1997- негiзiнде жасалынатын 1998 бұйымдарды өндiру жөніндегі зауыт жылдар 7 "Керамика" АҚ, Ақмола қаласы Керамикалық бұйымдардың өндiрiсiн мың м2 1000 1996- техникалық қайта жарақтандыру 1997 жылдар 8 "Қапшағай фарфоры" АҚ, Қапшағай қаласы, Алматы облысы Фарфор бұйымдары өндiрiсiнiң мың 26000 1998 технологиялық желісін жетiлдiру дана жыл 9 "Қазақстройполимер" АҚ, Қарағанды қаласы Жергiлiктi шикiзатты пайдалана млн.м2 27,7 1997- отырып изоляциялық материалдар 1998 мен шыны талшығын шығаруды жылдар 10 "Гипс" АҚ, Заречный пос., Алматы облысы Гипстi - қатырма қағазды млн.м2 10,8 1996 табақтарды өндiру жөніндегі жыл технологиялық желісін жетiлдiру Металл қаңқасының элементтерiн мың 6,0 " өндiру дана Гипстi орау және қораптау мың.т 40,0 " жөніндегі технологиялық желісі Өздiгiнше кескiлейтiн бұрамаларды мың 50,0 " өндiру дана 11 "Қарағандыжилстрой" АҚ, Қарағанды қаласының ҮҚК Пенолиттi және үйге арналған мың м3 10 1998 бөлшектердi өндiру мың м2 15 жыл 12 "Қазмрамор" АҚ, Боралдай пос. Алматы облысы Гранит пен мәрмәрдi өңдеу мың м2 әрқай. 1997- жөніндегі желісін жетiлдiру сысы 2000 100 жылдар 13 "Казогнеупор" АҚ, Рудный қаласы, Қостанай облысы Отқа төзiмдi кiрпiштi дайындау мың т. 50 1997- үшiн шамотқа Арқалық кен орнының 1998 сазбалшығын күйдiретiн жылдар технологиялық жабдық 14 "Семей" АҚ, Семей қаласы Табиғи тастан қаптама мың м2 120 1997 материалдар өндiру жөніндегі жыл технологиялық желi 15 "Блок" АҚ, Энергетика пос.,
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |