|
|
|
Мемлекеттік меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру туралы Қазақстан Қазақстан Республикасының Президентіндегі кеңесте Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, кәсiпорындары мен ұйымдарының басшы қызметкерлерiнiң қатысуымен қабылданған 1997 жылғы 19 маусымдағы N И-192 хаттамалық шешiмнiң 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік меншiктi және оның жекешелендiрiлу барысын жүйелi түрде есепке алу мен олардың мониторингiн, ақпаратты жинау мен өңдеу тәртібін жүйелеудi және әртүрлi мемлекеттік органдар қалыптастыратын деректер базаларын бiрегейлендiрудi енгізудi көздейтiн "1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң iс-қимыл бағдарламасын" орындау мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру және оның пайдаланылуына бақылау жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ҚР Үкіметінiң 21.03.98 ж. № 246 қаулысымен 1-тармақ алынып тасталды 1. алынып тасталды 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi (бұдан әрi - Департамент) Мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн қалыптастыруға тартылған басқа мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, 1997 жылдың 1 қазанына дейiн мерзiмде қолда бар деректер базасына түгендеу жүргiзсiн және жоғарыда аталған Тiзiлiмдi Ережеге сәйкес қалыптастырсын. 3. Министрлiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдары ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге де ұйымдардың жартыжылдықтардың нәтижесi бойынша қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы әрбiр кәсiпорынға (ұйымға) шаққандағы есебiн Департаментке және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiткен нысан бойынша тұрақты түрде ұсынуын қамтамасыз етсiн. Департамент акционерлер жиналысының қарауына акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi шаруашылық серiктестiктерiнiң қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратты ұсыну туралы мәселенi белгiленген тәртiппен енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылдың 15 тамызына дейiн мерзiмде жоғарыда аталған есептердi ұсыну нысандарын бекітіп, олар туралы министрлiктердi, ведомстволарды және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдарды хабардар етсiн. 4. Департамент және басқа да уәкiлеттi мемлекеттік органдар Департаменттiң келісімi бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсiпорындардың (ұйымдардың) бiрiншi басшыларымен кәсiпорындардың (ұйымдардың) қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне және олардың республикалық бюджеттiң кiрiсiне жасаған аударымдарына (салық және өзге де мiндеттi төлемдердi қоспағанда) қарай оларға еңбекақы төлеудiң шарттарын белгiлей отырып, келісім-шарттар жасауды (бұрын жасалғандарын қайта қарауды) қамтамасыз етсiн. Департамент акционерлер жиналысының қарауына осы тармақтан туындайтын өзгерістердi акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi шаруашылық серiктестiктерiнiң бiрiншi басшыларымен жасалған өз күшіндегі келісім-шарттарға өзгерiс енгізу туралы мәселенi белгiленген тәртiппен енгiзсiн және осындай әдiстi жаңадан сайланған басшылармен келісім-шарт жасасуда пайдалануды ұсынсын. ҚР Үкіметінiң 13.08.99 ж. № 1159 қаулысымен 5-тармақтың 2 абзацы алынып тасталды; ҚР Үкіметінің 30.09.99 ж. № 1504 қаулысымен 5-тармақ алынып тасталды 5. алынып тасталды 6. Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiнiң шаруашылық серiктестiктерiнiң тексеру комиссияларының құрамына 3-қосымшаға сәйкес тұрақты негiзде қатысуын заңдарда белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. Жоғарыда аталған шаруашылық серiктестiктерiнде жүргiзiлген әрбiр тексерудiң нәтижелерi туралы ақпарат Департаментке ұсынылуға тиiс деп көзделсiн. 7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi қызметкерлерiнiң мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тексеру комиссиясының құрамында қатысу тәртібі туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн; Мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн ұйымдастыру және оны жүргiзу жөніндегі 1997 жылға арналған жұмыстарды қаржыландыруға қажеттi қаражатты қарастырсын; 1998 жылдан бастап тiзiлiм қызметтерiн қаржыландыруға қажеттi қаржыны бөлудi көздесiн. 8. Департамент Мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, саудаластыққа бiрнеше рет қойылғаннан кейiн сатылмаған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзбесiн айқындап, "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөніндегі агенттiк" акционерлік қоғамының қатысуымен оларды қайта ұйымдастыру мен таратуды жүзеге асырсын. 9. Департамент тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалу барысы туралы есеп ұсынатын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1207 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінiң 21.03.98 ж. № 246 қаулысына сәйкес ереженің күшi жойылды. ҚР Үкіметінiң 21.03.98 ж. № 246 қаулысымен бекітілген ережені қараңыз Мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік қатысу үлесi бар шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ЕРЕЖЕ Мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік қатысу үлесi бар шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi (бұдан әрi - Тiзiлiм) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан мемлекеттік меншiк объектiлерi туралы экономикалық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сандық және сапалық көрсеткiштердiң бiрыңғай жүйесi. Осы Ереже Тiзiлiмдi ұйымдастыру мен жүргiзудiң негiзгi принциптерiн, сондай-ақ тiзiлiм деректерiн пайдаланудың тәртібін белгiлейдi. I. Жалпы ережелер 1. Тiзiлiм мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекет қатысатын шаруашылық серiктестiктерi туралы жиынтық деректердi қамтиды. Бұл Ереже аталған кәсiпорындарға кiрмейтiн мемлекеттік мүлiктi тiркеу мен есепке алудың тәртібін белгiлемейдi. 2. Тiзiлiм есепке алынатын объектiлердi мынадай көрсеткiштер бойынша құрылымдауға мүмкiндiк беруге тиiс: I. Мемлекеттік кәсiпорындар: I.1. Жекешелендiру; I.1.1. Жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлетiн. I.1.2. Жекешелендiруге жатпайтын. I.1.3. Басқалар. I.2. Орналасқан жерi: I.1.1. Шет елде I.1.2. Қазақстан Республикасының аумағында. II. Шаруашылық серiктестiктерi: II.1. ШС мәртебесi: II.1.1.Ашық үлгiдегi акционерлік қоғамдар; II.1.2. Жабық үлгiдегi акционерлік қоғамдар; II.1.3. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер; II.1.4. Басқалар. II.2. Мемлекеттiң қатысуы: II.2.1. 100 процент II.2.2. 67-100 процент II.2.3. 51-67 процент II.2.4. 5-51 процент II.2.5. Басқалар. II.3. Орналасқан жерi II.3.1. Шет елде II.3.2. Қазақстан Республикасының аумағында. 3. Тiзiлiм екi бөлiмшеден тұрады (негiзгi және қосымша). Тiзiлiмнiң негiзгi бөлiмшесi 1-қосымшада көрсетiлген объектiнi бiрегейлендiруге және объект туралы негiзгi статистикалық деректер алуға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштердi қамтиды. Қосымша бөлiмше мемлекеттік мiндеттердi шешуге қажеттi әртүрлi серпiндi көрсеткiштердi қамтуы мүмкiн. 4. Тiзiлiмнiң ұйымдық құрылымының екi деңгейi болады, оның бiрiншi деңгейi тиiстi аймақтарда орналасқан және тiркелген объектiлер туралы деректердi қамтитын 14 облыстық тiзiлiмнен және Алматы және Байқоңыр қалаларының тiзiлiмдерiнен (бұдан әрi - аймақтық тiзiлiмдер) тұрады. Тiзiлiмнiң екiншi деңгейi - аймақтық тiзiлімдердiң жиынтық деректерiн қамтитын республикалық тiзiлiм. 5. Тiзiлiмнiң тапсырысшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi болып табылады. Тiзiлiмнiң тапсырысшысы: Тiзiлiмнiң қосымша көрсеткiштерiнiң құрамын айқындайды; негiзгi және қосымша бөлiмшелердiң бастапқы ақпаратын әзiрлеу мен енгізудiң тәртібін айқындайды; Тiзiлiмдi жүргiзу жөніндегі бiрыңғай нормаларды, ережелердi және әдiстемелiк нұсқауларды бекiтедi; Тiзiлiмдi әзiрлеумен және оның бiрыңғай әдiстемелiк және нормативтiк құқықтық базасын құрумен байланысты жұмыстарды ұйымдастырады және бөлiнген қаражат шегiнде қаржыландырады. 6. Республикалық тiзiлiмнiң Менеджерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi (бұдан әрi - Департамент), ал Аймақтық тiзiлімдердiң менеджерлерi - Департаменттiң аумақтық комитеттерi болып табылады. Тiзiлiм Менеджерi Тiзiлiм деректерiн толтырумен, түзетумен, Тiзiлiм ақпаратын пайдаланушыларды және Тiзiлiм деректерiн ұсыну тәртібін айқындаумен байланысты Тiзiлiмді тiкелей басқаруды, Тiзiлiмнiң жұмыс iстеуiн қолдаудың ұйымдастырушылық мәселелерiне байланысты басқа да функцияларды жүзеге асырады. II. Тiзiлiм деректерiн толтыру тәртібі 7. Республикалық Тiзiлiмнiң негiзгi бөлiмшесiн бастапқы толтыру мемлекет қатысатын заңды тұлғалар туралы: мемлекеттік меншiк объектiлерi туралы Департаменттiң; тiркеуден өткен мемлекет қатысатын заңды тұлғалар және эмиссия проспектiлерiн тiркеу туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң; эмиссия проспектiлерiн тiркеу туралы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының; мемлекеттік статистикалық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң Ұлттық статистика агенттiгiнiң; жекешелендiруге берiлген объектiлер туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру жөніндегі департаментiнiң; өзiне қайта ұйымдастыру рәсiмдерiн жүргiзу үшiн берiлген объектiлер туралы "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөніндегі агенттiк" акционерлік қоғамның деректерi жиынтығының негiзiнде жүзеге асырылады. 8. Республикалық тiзiлiмнiң қосымша бөлiмшесiн бастапқы толтыру Департаменттiң талап етуi бойынша министрлiктер, ведомстволар және басқа да уәкiлеттi органдар ұсынатын деректер жиынтығының негiзiнде жүзеге асырылады. 9. Осы Ереженiң 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген органдар ұсынатын деректер 2-қосымшада көрсетiлген құрылымдарға сәйкес 1997 жылдың 1 шiлдесіндегі жағдай бойынша қалыптастырылып, екiншi деңгейдегi Тiзiлiм Менеджерiне 1997 жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей берiлуге тиiс. 10. Деректер жиынтығын және екiншi деңгейдегi Тiзiлiмдi бастапқы толтыруды екiншi деңгейдегi Тiзiлiм Менеджерi жүзеге асырады. 11. Бiрiншi деңгейдегi Тiзiлiмдер (аймақтық тiзiлiмдер) екiншi деңгейдегi Тiзiлiмдi (Республикалық тiзiлiм) аймақтық белгiсi бойынша бөлшектеп бiрыңғайлау (сегменттеу) жолымен қалыптастырылады, мұнан соң бiрiншi және екiншi деңгейдегi тiзiлiмдердi Департамент бекітіп, актiлер бойынша аймақтық Тiзiлiмдердiң Менеджерлерiне берiледi. III. Тiзiлiм деректерiн өзгерту тәртібі 12. Тiзiлiмдегi тiркелген объектi туралы деректердi өзгертуге, сондай-ақ Тiзiлiмдi жаңа объектiлермен толықтыруға осы Ереженiң 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген органдар ұсынатын ақпарат негiз болып табылады. 13. Аталған мемлекеттік басқару органдары және олардың аймақтық бөлiмшелерi кәсiпорындар туралы Тiзiлiм үшiн маңызды болып табылатын, Тiзiлiмдердiң негiзгi және қосымша бөлiмшелерiне енгiзiлген ақпаратты тиiстi аймақтардың Тiзiлiмдерiнiң Менеджерлерiне уақтылы берудi (өзгертiлген немесе нақтыланған сәттен бастап бiр апта мерзiм iшiнде) қамтамасыз етуге мiндеттi. Республикалық мәнi бар кәсiпорындарға, шетелде орналасқан кәсiпорындарға, сондай-ақ Департаменттiң арнайы тiзiлiмiнде көрсетiлген кәсiпорындарға қатысты ақпарат екiншi деңгейдегi Тiзiлiм Менеджерiне ұсынылады. 14. Тiзiлiмдерге өзгерістер мен толықтыруларды тiкелей енгізудi Менеджерлер уәкiлеттiк берген адамдар жүзеге асырады. 15. Аймақтық Тiзiлiмдерге үш жұмыс күнiнiң iшiнде енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар республикалық Тiзiлiмдi күн талабына сай келтiру үшiн республикалық Тiзiлiмнiң Менеджерiне ұсынылуға тиiс. Республикалық Тiзiлiмге аймақтық Тiзiлiмде есепке алынатын объектiге қатысты өзгерістер немесе толықтырулар енгiзiлетiн жағдайда аталған өзгерістер немесе толықтырулар үш жұмыс күннiң iшiнде аймақтық Тiзiлiмдi күн талабына сай келтiруi үшiн тиiстi аймақтың Менеджерiне берiлуге тиiс. 16. Тiзiлiмдердiң деректерiн толықтыру немесе өзгерту кезiнде деректердiң дұрыс және уақтылы ұсынылуы үшiн мемлекеттік басқару органдарының және басқа да уәкiлеттi органдардың Тiзiлiмге ақпарат беретiн лауазымды адамдары жауап бередi. 17. Ұсынылған ақпаратты Тiзiлiмдерге дұрыс және уақтылы енгізу үшiн Тiзiлiмдер Менеджерлерiнiң лауазымды адамдары жауап бередi. IV. Тiзiлiмдердi жүргiзу технологиялары 18. Тiзiлiмдердi жүргiзу Тiзiлiмдердi басқаруды оңтайландыруға және ақпаратқа қол жеткiзудi басқаруға мүмкiндiк беретiн деректердiң сенiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз ететiн мамандандырылған бағдарламалық-техника кешендердiң негiзiнде ақпаратты жинаудың, өңдеу мен сақтаудың электронды жүйелерi құралдарының көмегiмен жүзеге асырылады. 19. Тiзiлiмдер ұстаушылар мыналар болып табылады: - республикалық деңгейде - "Ақпараттық-есептеу орталығы" (АЕО); - облыстық деңгейде - АЕО-ның облыстық бөлiмшелерi (ОАЕО). 20. Тiзiлiм ұстаушының функцияларына мыналар жатады: - бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, енгізу және жаңарту, сондай-ақ Тiзiлiм жүргiзуге қажеттi жабдықтарды таңдау және сатып алу; - Тiзiлiм жүргiзудiң техникалық және бағдарламалық құралдарының толассыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; - Тiзiлiм деректерiнiң базасына қол жеткiзудi Тiзiлiмдер Менеджерлерiнiң нұсқауларына қатаң сәйкестiкте басқару. ҚР Үкіметінiң 21.03.98 ж. № 246 қаулысымен 1-қосымшаның күшi жойылды 1-қосымша Тiзiлiм бөлiмшелерiнiң негiзгi көрсеткiштерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 1 тамыздағы № 1207 қаулысына 3 қосымша ҚР Үкіметінің 28.06.02 ж. № 702 қаулысымен тiзбе өзгертілді Тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттік өкiлдер енгiзiлетiн акционерлік қоғамдардың тiзбесi 1. "ҚазМұнайГаз" ҰK" ЖАҚ 2. "Қазақмұнайқұбыры" ЖҮАҚ 3. "KEGOS" АҚ 4. "Эйр Қазақстан" ЖҮАҚ 5. "Шұбаркөл кенiшi" АҚ 6. "Борлы" АҚ 7. "Батыскөлiкгаз" АҚ 8. "Алаугаз" АҚ 9. "Павлодармұнайөңдеу заводы" АҚ 10. "Атакент" АҚ 11. "Заңғар" Сауда үйi" АҚ 12. "Балалар әлемi" "Әмбебап дүкенi" АҚ 13. "405 ГА авиажөндеу заводы" АҚ 14. "406 ГА авиажөндеу заводы" АҚ 15. "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ 16. "Үлбi металлургия заводы" АҚ 17. "Жезқазғантүстiмет" АҚ 18. "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" АҚ 19. "Шалқия кен басқармасы" АҚ 20. "Соколов-Сарыбай КБӨП" АҚ 21. "Қостанайхимжiбек" АҚ 22. "Екiбастұзшахтықұрылыс" АҚ 23. "Жезкент КБК" АҚ 24. "Химфарм" АҚ 25. "Қазақстан алюминий" АҚ 26. "Қазхром" КҰҚ 27. "Целинный кен-химия комбинаты" АҚ 28. "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" АҚ 29. "Ертіс химия-металлургия заводы" АҚ 30. "Ақбақай КБК" АҚ 31. "Суперфосфат заводы" АҚ 32. "Нодфос" АҚ 33. "Қаратау" АҚ 34. "Сарытас" АҚ 35. "Промтранс" АҚ 36. "Қазжөндеуэнерго" АҚ 37. "Ақтөбе ЖЭО" АҚ 38. "Талдықорған ЖЭО" АҚ 39. "Теплоцентраль (Қызылорда ЖЭО-6)" АҚ 40. "Шымкент ЖЭО" АҚ 41. "Ақтөбе ТЭК" АҚ 42. "Қызылорда ТЭК" АҚ 43. "Солтүстiк Қазақстан ТЭК" АҚ 44. "Батыс Қазақстан ТЭК" АҚ 45. "Жамбыл ТЭК" АҚ 46. "Маңғыстау ТЭК" АҚ 47. "Павлодар ТЭК" АҚ 48. "Талдықорған ТЭК" АҚ 49. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" АҚ 50. "Қазақстан Халықтық Банкi" АБ 51. "Тұран Әлем" АБ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |