|
|
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігін ұйымдастыру-құрылымдық жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментiне (бұдан әрi - Қазынашылық) заңды тұлға мәртебесi берiлсiн. 2. ҚР Үкіметінің 09.10.98 ж. № 1028 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 3. Оның жекелеген функцияларын, мүлiк пен iстi басқару жөніндегі өкiлеттiгiн Қазынашылыққа беру арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бюджеттік банкi таратылсын. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 1997 жылдың 31 желтоқсанына дейiн заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бюджеттік банкiн таратуды жүргiзсiн және 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттік мекемелерге қолма-қол ақша берудi екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырсын; 1997 жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде Қазынашылық валюталық шоттары арқылы бюджеттік мекемелердiң валюталық операцияларын орталықтандырылған жүргiзудiң тәртібін әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментiне банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беру ұсынылсын. 6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазынашылық пен оның Алматы, Ақмола қалаларындағы және облыс орталықтарындағы аумақтық органдарына байланыс арналарын бөлудi қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінiң 21.11.97 ж. № 1640 қаулысымен 7-тармақтың 12-абзацы алынып тасталды 7. ҚР Үкіметінің 21.09.99 ж. № 1433 қаулысымен 7-тармақтың күші жойылды 8. Мыналардың: "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Бюджеттік банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 ақпандағы № 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 7, 42-құжат); "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 18 қыркүйектегi № 1349 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 9. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
ҚР Үкіметінің 09.10.98 ж. № 1028 қаулысымен Ереженің күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 30 қазандағы № 1466 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментi туралы ЕРЕЖЕ 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық департаментi (бұдан әрi - Қазынашылық) республикалық бюджеттiң атқарылуы және мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлармен қаражаттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету жөніндегі арнайы функцияларды жүзеге асыратын, заңды тұлға құқығы бар, мемлекеттік басқару органы болып табылады. 2. Қазынашылықтың тiк бағыныстылықтағы, Қазынашылықтың аумақтық басқармалары мен бөлiмдерiнен тұратын органдары болады. 3. Өз қызметiнде Қазынашылық Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінiң актілерін, өзге нормативтiк-құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады. 4. Бiрыңғай қазынашылық шотты жүргiзу мен оған кассалық қызмет көрсетудi, сондай-ақ Қазынашылықтың шетел валютасындағы банктiк шоттарына есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
5. Қазынашылықтың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау; мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру; Қазынашылықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде және оның филиалдарында ашылған шоттарындағы ақшаны кассаның бiрыңғай болуы принципiне сүйене отырып басқару; жалпымемлекеттік салықтарды республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттер арасында бөлу және оларды әртүрлi деңгейдегi бюджеттерге есептеу; республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттер арасында өзара есеп айырысулар жүргiзу; мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыштарды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқару; бюджеттік несиелендiру, бюджеттік несиелердiң қайтарылуын ұйымдастыру және жүзеге асыру; мемлекеттік несиелендiру және шаруашылық, жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттік несиелердi қайтаруын жүзеге асыру; республикалық бюджет пен мемлекеттік нысаналы қаржыландыру қорлары арасындағы қарым-қатынастарды жедел басқару, осы қорлардың қаражатының қозғалуы мен пайдаланылуын орындау, бақылау; мемлекеттік қаржы ресурстарын тиiмдi және жедел басқару және оларды шебер пайдалану мақсатында осы ресурстардың мөлшерiн болжау; бухгалтерлiк есептi және республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiлiктi жүзеге асыру және белгiленген тәртiппен есептi ұсыну; жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы ақпаратты белгiленген тәртiппен жинау, өңдеу және ұсыну, оны жедел басқаруда пайдалану; бухгалтерлiк есеп пен бюджет жүйесіндегі iшкi аудиттiң, Қазынашылықтың құзыретiне жататын және Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың орындауы үшiн мiндеттi мәселелер бойынша есепке алу операцияларын жүргiзудiң әдiстемесiн әзiрлеу; үкiметтiк (бюджеттік) резерв құндылықтарын жедел басқару және есепке алу.
6. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Қазынашылық мынадай функцияларды атқарады: республикалық бюджеттiң атқарылуын жүзеге асырады; республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттың есебiнен ұсталатын ұйымдарды есепке алу мен оларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетудi жүзеге асырады; республикалық бюджет және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен нысаналы қаржыландыру қорлары арасындағы қаржылық қарым-қатынасты реттейдi, сондай-ақ республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарды қаржыландырады; жалпымемлекеттік салықтарды республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөледi және оларды әртүрлi деңгейдегi бюджеттерге есептейдi; республикалық бюджет пен жергiлiктi бюджеттер арасындағы өзара есеп айырысуларды және бюджеттік несиелердi (қарыздарды) есепке алуды жүзеге асырады; республикалық бюджеттiң кiрiсi мен шығысын және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң иелiгіндегі ұлттық және шетел валютасындағы өзге де орталықтандырылған қаржы ресурстарын басқарады, Қазынашылық банктердегi қаражаттарына билiк етедi, сондай-ақ осы қаражаттармен операцияларды жүзеге асырады; республикалық және жергiліктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын бюджеттік ұйымдардың бюджеттік шоттары бойынша кассалық шығыстарды есепке алады; Қазынашылықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шетел валютасындағы банктiк шоттары арқылы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың валюталық операцияларын жүргiзедi және оларды есепке алады; республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың есебiнен ұсталатын ұйымдардың тапсырмалары бойынша есеп айырысу жүргiзедi және ақша аударады; клирингтiк (есеп айырысу) операцияларын жүзеге асырады; республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдарды екiншi деңгейдегi банктер арқылы қолма-қол ақшамен қамтамасыз етудi ұйымдастырады; бухгалтерлiк есеп пен республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептiлiктi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдар ұсынатын төлем құжаттарына алдын-ала бақылау жүргiзудiң тәртібін белгiлейдi және оларды жүзеге асырады; бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен бюджет жүйесiнде iшкi аудит өткiзудiң әдiстемесiн, нормативтiк-құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi; Қазынашылық құзыретiне жататын, бюджет қаражатын алатын ұйымдар мен кәсiпорындардың орындауы үшiн мiндеттi мәселелер бойынша есептiлiк жасаудың тәртібін белгiлейдi; заем капиталы рыноктарына мониторингтi, оларға мемлекеттік борыштық мiндеттемелердi орналастыруды, мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борышты басқаруды, оны өтеудi және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оған қызмет көрсетудi, мемлекеттік заемдар мен мемлекеттік кепiлдiктердi тiркеудi жүзеге асырады; кiрiс алу және оны Қазақстан Республикасындағы және шетелдегi екiншi деңгейдегi банктерде қалдықтарды депозиттер мен бағалы қағаздарға орналастыру жолымен республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеу мақсатында Бiрыңғай қазынашылық шоттың ағымдағы қалдықтарын басқарады; бастапқы саудаластықта және қайталама рынокта бағалы металдармен және тастармен операциялар жүргiзедi, сондай-ақ үкiметтiк (бюджеттік) резервтiң есебiн жүргiзедi; бюджеттік несиелердi (қарыздарды) берудi жоспарлайды, ұйымдастырады және ресiмдейдi, мемлекеттік және бюджеттік несиелер бойынша қарыз қоржынын есепке алады және талдайды; шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге берiлген мемлекеттік несиелердiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдайды; үкiметтiк (бюджеттік) резервтiң қалыптасуы мен пайдаланылуын жоспарлауды, есепке алуды, бақылау мен талдауды жүзеге асырады, бағалы металдар рыногының жай-күйiн талдайды; республикалық бюджеттiң атқарылуының нәтижелерi және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржы ресурстарының жай-күйi туралы ақпаратты әзiрлеуге қатысады; Қазынашылықтың құзыретiне жататын мәселелер бойынша заңдардың және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын белгiленген тәртiппен әзiрлейдi; Қазынашылықтың аумақтық органдарының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының орындалуына және қаражаттардың республикалық бюджеттiң, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттың атқарылуы бөлiгiнде жұмсалуына бақылау жасау жөніндегі жұмысын ұйымдастырады; Қазынашылықтың аумақтық органдарының жұмыс тәжiрибесiн талдап, қорытындылайды және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, олардың қызметiне тексерудi ұйымдастырады, анықталған кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдайды; шет елдер Қазынашылықтарының қызметiн ұйымдастыру тәжiрибесiн зерделейдi, оны iс жүзiнде пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; Қазынашылық және оның аумақтық органдары қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады; Қазынашылықтың бiрыңғай ақпараттық-есептеу жүйесiн енгізудi ұйымдастырады және оның тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз етедi.
7. Негiзгi мiндеттердi орындау және бюджеттік тәртiптi нығайту мақсатында Қазынашылықтың: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде Бiрыңғай қазынашылық шотын және теңге мен шетел валютасында банк шоттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында Қазынашылықтың облыстық (Алматы қалалық) басқармаларының банктi шоттарын ұстауға; министрлiктерде, мемлекеттік комитеттер мен өзге де атқарушы органдарда, басқа ұйымдарда Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаржы ресурстарын есептеуге, аудару мен пайдалануға байланысты ақша құжаттарын Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тексеруге; ұйымдар республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты заңсыз және орынсыз пайдаланған кезде, сондай-ақ жұмсалған қаражат туралы есептердi ұсынбаған кезде бюджетке бұлтарыссыз тәртiппен қайтарып (керi шақыртып) алуға, бұл ұйымдарды республикалық бюджеттен қаржыландыруды шектеуге немесе тоқтатуға; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдануға; заң актілеріне сәйкес министрлiктерден, мемлекеттік комитеттерден және өзге де атқарушы органдардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекет алдындағы қаржылық мiндеттемелердiң орындалуына қаржылық-валюталық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен мәлiметтердi алуға құқығы бар. 8. Қазынашылық белгiленген тәртiппен бюджет қаражатын банктегi салымдарға орналастыра алады және олармен жасалған келісімдерде белгiленген мөлшерде сыйақы (мүдде) ала алады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен республикалық бюджеттiң тапшылығын жабуға заңдарда белгiленген тәртiппен қарызға ақша алған жағдайда, Қазынашылық сонымен қатар жоғарыда аталған шарттар мен тәртiпке сәйкес сыйақы (мүдде) төлейдi.
9. Қазынашылықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Қазынашылық Директорының үш орынбасары болады, оларды Қазынашылық Директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 10. Қазынашылық Директоры: Қазынашылықтың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды; Қазынашылыққа жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi; Директор орынбасарларының және Қазынашылықтың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерiн белгiлейдi; Қазынашылық құзыретiнiң шегiнде Қазынашылықтың орталық аппараты мен аумақтық органдары қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер, бұйрықтар шығарады; Қазынашылықтың құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 11. Қазынашылықтың орталық аппаратының қызметкерлерi қызметке Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жүйесi органдары қызметкерлерiнiң лауазымдар номенклатурасына сәйкес қызметке тағайындалады, қызметi бойынша ауысады, қызметтен босатады. 12. Қазынашылықтың аумақтық басқармаларының және облыстардағы, Алматы қаласындағы бөлiмдерiнiң бастықтарын Қазынашылық Директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады. 13. Қазынашылық органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативтiк актілерін қатаң сақтауға мiндеттi, белгiленген тәртiппен айқындалған мемлекеттік және коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi құпияда ұстауға мiндеттi. 14. Қазынашылықтың құрылымы мен штат кестесiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, Қазынашылықтың аумақтық басқармалары мен бөлiмдерiнiң құрылымы штат кестесiн - осы органдардың басшылары ол белгiленген адам саны мен еңбекақы төлеу қорының шегiнде бекiтедi. Қазынашылықтың Директоры Қазынашылықтың орталық аппаратының басқармалары мен бөлiмдерi туралы ережелердi және Қазынашылықтың аумақтық басқармалары мен бөлiмдерi туралы үлгi ереженi бекiтедi. 15. Өз жұмысында Қазынашылық аумақтық органдары жергiлiктi уәкiлдi және атқарушы органдармен бюджет түрлерiнiң арасындағы өзара есеп айырысу мәселелерi бойынша және жұмыс процесiнде - бюджет жүйесiнiң жай-күйi туралы қажеттi ақпаратты жинау бойынша өзара бiрлесiп iс-қимыл жасайды. 16. Қазынашылық Қазақстан Республикасының Қаржы министрiне республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi және нысаналы пайдаланудың мемлекеттік қорлары туралы ауық-ауық ақпарат берiп отырады. 17. Қазынашылықтың аумақтық органдарының жұмысына тексерiстi, бағыныстылық тәртібі бойынша, жоғары тұрған Қазынашылық органы кезең-кезеңiмен кемiнде 2 жылда бiр рет, сондай-ақ өзге органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзедi. 18. Қазынашылық пен оның аумақтық органдары республикалық бюджет қаражатының есебiнен ұсталады. Оларды қаржылық қамтамасыз ету мен материалдық-техникалық жабдықтау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Инспекторлық-ұйымдастыру жұмысы департаментi арқылы жүзеге асырылады. 19. Қазынашылық пен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар, заңды тұлғалар болып табылады. 20. Қазынашылықты қайта ұйымдастыру мен тарату қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |