|
|
|
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi ҚР Үкіметінің 15.06.99 ж. № 771 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 45, 410-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған: Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi туралы ереже; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң құрылымы бекітілсiн. 2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 350-құжат) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi (Әдiлетминiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi) туралы ЕРЕЖЕ МИССИЯСЫ Заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу саласында мемлекеттік стратегияның мiндеттерiн iске асыру. I. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi Агенттiк) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінiң құзыретi және оған берiлген өкiлеттiктер шегiнде дербес түрде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн, салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктi және онымен жасалатын мәмiлелердi, заңды тұлғалар мен бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тiркеу, жылжымайтын мүлiкке баға беру және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы қызмет көрсету жөніндегі қызметтi басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң жанындағы Қазақстан Республикасының ведомствосы болып табылады. 2. Агенттiктiң аппаратын ұстау республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігін ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады. 3. Агенттiк заңды тұлға құқықтарын иеленедi, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi, дербес балансы, есеп айырысу және өзге де шоттары, тиiстi мөртаңбалары болады. 4. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін, осы Ереженi, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң бұйрықтарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алады. 5. Агенттiк өзiнiң ұсынуы бойынша құрылған, ол бекiтетiн құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге ұйымдарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң (мемлекеттік басқару органының) мiндеттерiн жүзеге асырады. II. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары 6. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары мыналар болып табылады: жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру және үйлестiру; құқықтық кадастрды қалыптастыру және жүргiзу; Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды есепке алу; заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрiн жүргiзу; жылжымайтын мүлiктi бағалау және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету жөніндегі қызметтi лицензиялауды қамтамасыз ету. III. Агенттiктiң мiндеттерi 7. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз ету; өз құзыретiнiң саласында аумақтық әдiлет органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерi туралы мәлiметтердiң сипатталған бiрыңғай құқықтық кадастрын жүргiзу; жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктi бағалау саласында бiрыңғай әдiстемелiк база дайындау; Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз ету; заңдарда белгiленген тәртiппен заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тiзбесiн тiркеу және жүргiзу; заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттік тiркеу жөніндегі қызметке әдiстемелiк басшылық жасау; 20 000 есептi көрсеткiшке дейiнгi мәлiмделген жарғылық капиталы бар акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын тiркеудi қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Үкіметі оның құзыретiне жатқызған қызмет түрлерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, лицензиар функцияларын жүзеге асыру; Агенттiкке заңдармен жүктелген өзге де мiндеттер. IV. Агенттiктiң функциялары 8. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес ұйымдастырушылық, әдiстемелiк, бақылау-қадағалау және басқа да басқару функцияларын жүзеге асырады. 9. Жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу саласында Агенттiк мынадай функцияларды жүзеге асырады: жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу жөніндегі қызметке басшылық жасау; аумақтық әдiлет органдары мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмлелердi тiркеу саласындағы қызметiн үйлестiру, оған әдiстемелiк көмек көрсету және оны тексеру және осы қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу; аумақтық әдiлет органдары мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу мәселелерi жөніндегі ерекшелiктерiне жасалған шағымдарды қарау; құқықтық кадастрды жүргiзу. 10. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын және өкiлдiктерiн мемлекеттік тiркеу саласындағы Агенттiктiң негiзгi функциялары мыналар болып табылады: заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттік тiркеу жөніндегі қызметке басшылық жасау және осы қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу; заңды тұлғалардың, аумақтық органдар мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын орындауына бақылауды жүзеге асыру: аумақтық әдiлет органдары мен Агенттiкке бағыныстағы ұйымдардың заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу жөніндегі қызметiн үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, осы қызметтi тексеру және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізу; заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру; заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу; аумақтық әдiлет органдарының және Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiркелген (қайта тiркелген) және таратылған заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпараттың берiлуiн қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жұмыс iстейтiн заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы бiрыңғай деректер банкiн қалыптастыру; тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ресми баспасөз органына Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тiзiмiн жариялау үшiн материалдар беру; акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздары эмиссиясын тiркеудi жүзеге асыру; аумақтық әдiлет органдарының және Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың заңды тұлғаларды және бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тiркеу мәселелерi жөніндегі әрекеттерiне жасалған шағымдарды қарау. 11. Агенттiк және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар заңдарда көзделгеннен басқа да функцияларды, оның iшiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады: басқа мемлекеттік басқару органдарының регистрлерiмен (тiзiлiмдерiмен) өзара байланыс жүргiзу; Агенттiкке құзыретiне жатқызылған мәселелер жөніндегі заңдардың және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу; Қазақстан Республикасының Үкіметі оның құзыретiне жатқызған қызмет түрлерi бойынша лицензиялау; V. Агенттiктiң құқықтары 12. Жүктелген мiндеттерiне және орындайтын функцияларына сәйкес Агенттiктiң: өз құзыретiнiң шегiнде барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi ведомстволық актiлер шығаруға; өз құзыретiнiң шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге; мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан белгiленген тәртiппен ақпарат сұратуға және алуға; мемлекеттік кәсiпорындар мен өзге де ұйымдар құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізуге, оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асыруға; заңдарда белгiленген тәртiппен жылжымайтын мүлiктi бағалау және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету жөніндегі қызметтi лицензиялауды жүзеге асыруға; өз құзыретiнiң шегiнде аумақтық әдiлет органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылауға; жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркегенi, сондай-ақ ақпараттық қызметтер көрсеткенi үшiн заңдарға сәйкес ақы алуға; заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) мүдделi тұлғаларға шарттық негiзде сатуға; Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 206-бабына сәйкес Агенттiктiң мүлкiн иеленуге және пайдалануға; баспа қызметiн жүзеге асыруға; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi пайдалануға құқығы бар. VI. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру 13. Агенттiктi Директор басқарады, Агенттiк директорын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiк директорының орынбасары болады, оны Агенттiк директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 14. Агенттiк директоры Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады, Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 15. Агенттiк директоры: Агенттiк қызметiн басқарады: Агенттiк және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қызметкерлерiнiң мiндеттерiн және жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi; Агенттiк қызметкерлерiн және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Әдiлет министрiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың келісімiмен, сонымен бiр уақытта Агенттiк жүйесiне кiретiн жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жөніндегі бас тiркеушiлер болып табылатын мемлекеттік кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталықтар мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын және бас бухгалтерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Агенттiктiң және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады; өз құзыретiнiң шегiнде өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi; Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ оған ведомстволық ұйымдардың құрылтай құжаттарын бекiтедi; өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi, шарттар, келісімдер жасасады, сенiмхаттар бередi, банктерде есеп айырысу, валюталық және басқа да шоттар ашады; өз құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. VII. Агенттiктiң қызметiн тоқтату 16. Агенттiктiң қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүргiзiледi. Үкіметінiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу басқармасы Заңды тұлғаларды тiркеу басқармасы Қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету бөлiмi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |