|
|
|
«1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының 1996 жылға арналған республикалық бюджетi қолданылып жүрген бюджеттік жiктеме бойынша - 1 қосымшаға сәйкес кiрiстерi бойынша 149646054 мың теңге, шығыстары бойынша - 193597186 мың теңге, тапшылықтың шектi мөлшерi 43951132 мың теңге сомасында атқарылуға қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен келісіп 1996 жылдың 20 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасы бюджетiнiң кiрiстерi мен шығыстарының жаңа бюджеттік жiктемесiн бекітіп, оны облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне, министрлiктерге, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға жеткiзсiн. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бекітілген нысан бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың әрқайсысын жеке-дара көрсетiп, жаңа бюджеттік жiктеме бойынша шығындар сметасын 1996 жылдың 1 наурызына дейiн тапсырсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жаңа бюджеттік жiктемеге сәйкес бухгалтерлiк есеп пен есептеме нысандарына өзгертулер енгiзiлiп, оларды министрлiктерге, мемлекеттік комитеттерге, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, жергiлiктi қаржы органдарына 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiн жеткiзсiн. Бюджеттi жаңа бюджеттік жiктеме бойынша атқаруға кезең-кезеңмен көшу 1996 жылдың iшiнде жүзеге асырылсын. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп жаңа бюджеттік жiктемеге сәйкес бюджеттiң атқарылуын есепке алу жөнiнде бағдарламалық құралдар жасау ұсынылсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бюджеттi жүзеге асыру барысында жаңа бағдарламалық өнiмдi жасауға ақы төлеуге қажеттi қаражат iздестiрсiн. 3. «Қазақстан әуе жолы» ұлттық авиакомпаниясы, «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік компаниясы, Темір жол басқармалары, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі жанындағы Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсiпорны бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң ұйымдары үшiн заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша есеп айырысудың орталықтандырылған тәртібі сақталсын. 4. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi жекешелендiруден бюджетке түсетiн жоспарланған түсiмдердi қамтамасыз ету мақсатында қолданылып жүрген нормативтiк және нұсқамалық құжаттарға бір ай мерзiмде тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн; шағын және жаппай жекешелендiру шеңберiнде ешқандай ерекшелiксiз барлық объектiлердi тек ашық коммерциялық конкурстар мен аукциондарда сатуды жекешелендiрiлетiн объектiлердi бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауды кеңiнен пайдаланып қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi қызмет үйлерiн ұтымды пайдалану мақсатында мемлекеттік, атқару, сот, прокуратура органдарына пайдалануға берiлген қызмет үй-жайларын түгендеудi бір ай мерзiмде жүзеге асырсын. Басқару аппаратының санына қарай олардың кейбіреулерiн көшiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн; Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетпен бірлесiп және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп; - мемлекеттік мүлiктi жалға алу прейскуранттарын қайта қарап, оларды аймақтарда қалыптасқан нарық бағаларымен сәйкестендiрсiн; - мемлекеттік мүлiктi жалға алудың бұдан бұрын жасалған барлық шарттарын жаңа прейскуранттар бойынша 1996 жылғы ақпанның аяғына дейiн қайта рәсiмдесiн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне мемлекеттік мүлiктi қосымша жалға алудың шарттарын олардан түсетiн табыстарды тиiстi жергiліктi бюджетке аударуды ескерiп мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі аумақтық комитеттерде мiндеттi түрде тiркеу бөлiгiнде шарт жасау қағидаларына өзгертулер енгізу тапсырылсын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп олардың иелiгiне, пайдалануына және басқаруына берiлген мемлекеттік мүлiктi жалдайтын бөгде ұйымдардың жалға алу тәртібін бір ай мерзiмде әзiрлесiн. 6. 1996 жылдан бастап акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне арналған дивидендтердi әрбір тоқсанның жұмыс қорытындысы бойынша аударатын болып белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi акционерлердiң жалпы жиналыстарына акционерлік қоғамдардың жарғыларына тиiстi өзгертулер енгізудi ұсынсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бірлесiп акциялардың мемлекетке тиесiлi пакеттерiне арналған дивидендтердi республикалық бюджеттiң кiрiстерiне аударудың тәртібін бір ай мерзiмде әзiрлеп, бекiтсiн. 7. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi статистикалық есептерде акциялардың мемлекеттік пакеттерiне арналған дивидендтердi есептеу жөнiнде мәлiметтер берудi қарастырсын. 8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп жер қойнауын қорғау жөніндегі жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды жоспарлау мен қаржыландырудың тәртібін бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын бір ай мерзiмде әзiрлесiн. 9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жаңа тұрғын үй саясаты жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бюджетте қарастырылған 2414776 мың теңге сомасындағы қаражатты мыналарға жұмсасын: - ұзақ мерзiмдi несие ресурстары және Тұрғын-үй-құрылыс банкінің жарғылық қорын құрау - 1455000 мың теңге; - тұрғын үй алу кезегiнде 10 жыл және одан да көп тұрған кезектегi адамдарға көмек қаржы - 100000 мың теңге; - коммуналдық шаруашылық объектілерін салу - 440000 мың теңге; - халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын жiктерi үшiн тұрғын үйлер салу - 419776 мың теңге. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы банкi (Тұрғынүйқұрылысбанк) Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісіп аталған қаражатты нысаналы бөлу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 10. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісіп республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 50000 мың теңге сомасында жалпы республикалық маңызы бар жобалау-iздестiру жұмыстарының тiзбесiн бекiтсiн. 11. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітуге: - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кепiлдiгiмен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың; - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кепiлдiгiмен мемлекеттік бюджетпен бірiгiп қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың; - Қазақстан Республикасының Эксимбанкi арқылы бюджеттік қаржы есебiнен несие алатын инвестициялық жобалардың; - қайтарымсыз негiзде республикалық бюджет қаржысы есебiнен қаржыландырылатын нысаналы республикалық бағдарламаларда қарастырылған өндiрiстiк мақсаттағы және әлеуметтiк саланың құрылыс объектілерінiң тiзбелерiн екi апта мерзiмде тапсырсын. 12. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесiп, республиканың мемлекеттік бюджетi есебiнен ұсталатын ұйымдар үшiн өнiмдi мемлекеттік сатып алу жүйесiн бір ай мерзiмде әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын. 13. Мемлекеттік материалдық резервтердi толықтыру көздерiн көбейту мақсатында Қазақстан Республикасының Материалдық резервтер жөніндегі мемлекеттік комитетi, төлемдердi ұзарту кезеңi үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi қайта қаржыландыру ставкасы бойынша өсiм есептеп, мемлекеттік резервтен алынған материалдық құндылықтар үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешектерiн республикалық бюджеттiң пайдасына ықтиярсыз өндiрiп алу жөнiнде кезек күттiрмес шаралар қолдансын. 14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп: - сауықтыру және жекешелендiру үшiн 1996 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік медетшi банкiне берiлуi тиiс ұйымдардың тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзсiн; - жеке жоба бойынша ұйымдарды жекешелендiру кестесiн Үкiметтiң бекітуiне бір ай мерзiмде енгiзсiн. 15. Республикалық бюджетте қарастырылған конверсиялауға 400000 мың теңге сомасында қаражат № 2 қосымшаға сәйкес ұйымдар бойынша бөлiнсiн. 16. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап республиканың жұмыс iстемейтiн халқын сақтандыруға бюджет құрамында қарастырылған қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорының бөлiмшелерiне аударсын. 17. Қазақстан Республикасының «Интелсат» телерадио хабарының Ұлттық спутник жүйесiн енгізуге бюджетте қарастырылған қаражат Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлігіне жiберсiн. 18. «Қазақстан теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы тоқсан сайын растайтын хабар таратудың кестесi мен нақты көлемiне сәйкес мемлекеттік теледидар мен радио тарату жөніндегі байланыс қызметтерiнiң ақысын төлеуге Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне 2577080 мың теңге мөлшерде қаржы қарастырылсын. 19. Әлеуметтiк маңызы бар газеттер мен журналдарды шығаруға республикалық бюджетте қарастырылған 486000 мың теңге көмек қаржы № 3 қосымшаға сәйкес бөлiнсiн. 20. 20-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.11.01. № 1338 қаулысымен. 21. 1996 жылға арналған республикалық бюджетте профессор-оқытушылар құрамының мамандықтары бойынша оқу және әдiстеме әдебиетiн сатып алу үшiн лауазымдық жалақы мөлшерiнде, сондай-ақ мемлекеттік жоғары оқу орындарының күндiзгi оқу бөлiмдерiнiң барлық студенттерiне айлық стипендия мөлшерiнде арнаулы мақсатты жәрдемақылар төлеуге қаражат қарастырылатыны ескерiлсiн. 22. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, өздерiнiң қарамағында жоғары, арнаулы орта оқу орындары мен кәсiптiк-техникалық училищелер бар басқа да министрлiктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар 1996-1997 оқу жылына мемлекеттік жоғары оқу орындарына студенттер қабылдау жоспарын 20 процент, арнаулы орта оқу орындарына оқушылар қабылдау жоспарын 30 процент, кәсiптiк-техникалық училищелерге оқушылар қабылдау 25 процент қысқартуды ескере отырып қабылдау жоспарын қайта қарап, оларды ақылы шартты негiзде оқытуға көшiрудi жүзеге асырсын; 1996 жылдың бірiншi тоқсанында оқу орындарының жүйесiн оңтайландыруды, олардың жұмыс нормалары мен жағдайларын ұтымды етудi аяқтасын. 23. Қазақстан Республикасы Білім министрлігі жүйесiнiң 12 арнаулы орта оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациясы министрлігі жүйесiнiң 10 кәсiптiк-техникалық училищесiн ұстау жөніндегі шығындарды 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 4 және № 5 қосымшаларға сәйкес республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге аударсын. 24. 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ақтөбе жоғары ұшқыштар училищесi Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң қарамағына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң қарауына берiлсiн. 25. Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, Мемлекеттік жоғары оқу орындары бар мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ ұлттық техникалық университетiн, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетiн, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiн, Қазақ мемлекеттік заң институтын ұстауға қаржы бөлудi көздеп, жалақы ставкаларына 1,75, Мемлекеттік басқару жөніндегі ұлттық жоғары мектепке - 2 көтерiңкi коэффициентiн белгiлесiн. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ұлттық ғылым академиясына және Ұлттық кiтапханаға бөлiнген еңбекақы қорының шегiнде ведомстволық бағыныстағы ғылыми мекемелерге еңбекақы ставкаларына 1.75 көтерiңкi коэффициент белгiлеу құқығы берiлсiн. 25-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1996.05.02. № 537 қаулысымен. 26. 1996 жылға арналған республикалық бюджетте ғылымды қаржыландыруға 3050000 мың теңге сомасында қаражат қарастырылғаны ескерiлсiн. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мүдделi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бірлесе отырып, ғылымға арналған қаражатты конкурстық iрiктеуден өткен тақырыптарға сәйкес бөлсiн. 27. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдардың жүйесiн оңтайландыруды 6-қосымшаға сәйкес жүзеге асырсын. 28. Павлодар, Ақсу, Шымкент, Кентау, Ленгiр қалаларының мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерi мен денсаулық сақтау объектілерін жергiлiктi атқарушы өкiмет органдарының ұстауына беру жөнiнде 1996 жылға арналған, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiмен келісілген жылдық жұмыс бағдарламалары атқаруға және басшылыққа алынсын. 1996 жылға арналған жылдық жұмыс бағдарламаларына сәйкес Әлеуметтiк қорғау жобасы бойынша ағымдағы қажеттердi және жөндеу-құрылыс жұмыстарын бірлесе қаржыландыруға арналып Павлодар облысының бюджетінде 14719 мың теңге және Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджетінде 11909 мың теңге қаражат қарастырылатыны ескерiлсiн, Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Әлеуметтiк қорғау жобасы жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыруға жәрдем көрсетiп отырсын. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Әлеуметтiк қорғау жобасы бойынша бюджеттік қаражат пен сыртқы займ қаржыларының мақсатты пайдаланылуына бақылау орнататын болсын. 29. (Құпия) 30. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен өзге де орталық атқарушы органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп: - ауыл шаруашылығының тауар өндiрушiлерiн лизингiлiк негiзде машина жасау өнеркәсiбiнiң өнiмдерiмен қамтамасыз етудiң; - ауыл шаруашылығындағы шағын және орташа бизнестi қолдау және дамыту үшiн қаражат бөлудiң конкурстық тәртібін бір ай мерзiмде әзiрлесiн. 31. Республикалық бюджетте Қазақстанның кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту орталығына шағын және орташа бизнестiң мониторингiн жүргiзуге және инфрақұрылымын құруға 50000 мың теңге сомасында қаражат көзделсiн. 32. Мал дәрiгерлiк-санитарлық қадағалауды күшейту және мемлекеттік бақылау функцияларын атқаратын мемлекеттік мал дәрiгерлiк қызмет пен өсiмдiк қорғау қызметiнiң жоғарыдан төмен қарайғы құрылымын қамтамасыз ету мақсатында олардың ұйымдарын ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке 7-қосымшаға сәйкес берiлсiн. 33. Жерге орналастыру жөніндегі шараларды 376740 мың теңге сомасында, соның iшiнде меншiк құқығын, жерлi пайдалану құқығын сатудан, оның iшiнде жер учаскелерiн жалға беруден алынатын қаржы есебiнен 173200 мың теңге сомасында қаржыландыру қарастырылсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жерге орналастыру жұмыстарын меншiк құқығын, жердi пайдалану құқығын сатудан, соның iшiнде жер учаскелерiн жалға беруден алынатын қаржылар есебiнен қаржыландыруды аталған қаржылардың республикалық бюджеттiң кiрiсiне нақты түсуiне қарай жүзеге асырсын. 34. Республикадағы төтенше жағдайларға байланысты қаржыларды жұмылдыру қажеттiгiн ескере отырып, селден қорғау шараларына арналған 62555 мың теңге сомасындағы, адамдарды суда құтқару жөніндегі шараларға арналған 821 мың теңге сомасындағы операциялық шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi арқылы жүзеге асырылсын. Облыстарда адамдарды судан құтқару жөніндегі шаралар жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатыны ескерiлсiн. 35. «Кәсiпорындардың балансында тұрған әлеуметтiк мәдени-тұрмыстық объектiлердi жергiлiктi атқарушы органдарға берудiң және оларды одан әрi пайдаланудың тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 14 шiлдедегi № 975 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 24, 282-бап) сәйкес 1996 жылға арналған бюджетте конверсияланатын, қала салуға негiз болған және қайта жандандырылатын ұйымдардың, сондай-ақ ведомстволық тұрғын үй қорын жергiлiктi атқарушы органдардың балансына беретiн ғылыми мекемелердiң - агроқалашықтардың тұрғын үй қорын жылумен және ыстық сумен жабдықтау жөніндегі баға айырмасын өтеуге қаражат қарастырылғаны ескерiлсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі конверсияланатын кәсiпорындардың денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыруға арналған қаражатты Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жергiлiктi бюджеттерiне қабылдау-беру актілерінiң рәсiмделуiне қарай берiп отырсын. 36. Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналып республикалық бюджетте қарастырылған 135000 мың теңге сомасындағы қаражат 8-қосымшаға сәйкес бөлiнсiн. 37. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі, Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасы Экономика министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша мұқтаждарға нысаналы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн отбасының жиынтық табысын есептеу әдiстемесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне екi апта мерзiмде енгiзсiн. 38. 1996 жылы облыстардың және Алматы қаласының шығыстары құрамында: - табысты аз отбасыларына нысаналы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн; - қолданылып жүрген заңдарда аталған жеңiлдiктер көзделген халықтың жекелеген санаттарына электр қуатын, қатты және сұйық отынды, газды, тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi жеңiлдiкпен беруге байланысты шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығындарын өтеуге; - Алматы қаласының 1996 жылға арналған бюджетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Ескерткiшiн орнатуға 160000 мың теңге сомасында қаражат қарастырылғаны ескерiлсiн. 39. (Құпия). 40. (Құпия). 41. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетiмен бірлесiп мүлiктi бөлу аяқталғаннан кейiн 1996 жылға арналған бюджетте қарастырылған қаражаттың осы ведомстволардың арасында бөлiнуiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекітуiне тапсырсын. 42. Орталық және жергiлiктi өкiлдi атқарушы органдарды ұстауға жұмсалатын мемлекеттік қаржы үнемдеу тәртібін күшейту мақсатында: - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі орнатылған телефондарға түгендеу жүргiзсiн, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесiп телефондардың түрлерi бойынша олардың санының лимиттерi және пәтерлерiне қызмет бабында пайдаланылатын телефондар орнату құқығы берiлген министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың басшы қызметкерлерi, облыстар, қалалар мен аудандар әкiмдерi лауазымдарының тiзбесi туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір ай мерзiмде енгiзсiн. - Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен және Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен бірлесiп, мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар үшiн қызмет бабында пайдаланылатын жеңiл автокөлiк ұстауға және қызмет бабында пайдаланылатын телефондар мен телефон байланысын пайдалануға жұмсалатын шығындардың лимиттерi жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 43. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетте орталық өкiлдiк және атқарушы, сондай-ақ республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын олардың жергiлiктi органдарының қажетiне қарастырылған қаражаттың нысаналы бөлiнуiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне екi апта мерзiмде ұсынсын. 44. ТМД-ның мемлекетаралық және үкiметаралық органдары үлестi қаржыландыру жөніндегі қаржы мiндеттемелерiн орындау мақсатында республикалық бюджеттiң шығыстарында осы мақсаттарға 529958 мың теңге сомасында қаражат қарастырылсын. 45. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорының мөлшерi 3574040 мың теңге сомасында, соның iшiнде төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 1857520 мың теңге сомасында белгiленгенi ескерiлсiн. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ұстау және азаматтық қорғаныс жөніндегі шараларды қаржыландыру үшiн 464380 мың теңге сомасында қаражат қарастырылсын. Төтенше жағдайларды қаржыландыруға арналған резервтiк қордың қаржысын жұмсау әрбір нақты жағдайда Үкiметтiң шешiмi негiзiнде жүргiзiлетiн болып белгiленсiн. 46. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелiгiн тәртiпке келтiру жөнiнде ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір ай мерзiмде енгiзсiн. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға енуi туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп қабылданатыны белгiленсiн. 47. Мемлекеттік кепiлдiкпен тартылатын шетелдiк займдарды, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарынан, шетелдiк мемлекеттердiң үкiмет және үкiметтен тыс мекемелерiнен келiп түсетiн қаржы және техникалық көмектi, гаранттарды пайдаланудың бағыттары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен мiндеттi түрде келісілiп, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындаған мерзiмдерде ай сайын есептер берiлетiн болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1766 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда 48. 1996 жылы мемлекеттік бюджеттiң тапшылығына алынған мемлекеттік iшкi борыш пен несиелерге қызмет көрсету нөлдiк ставка бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 49. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң консулдық алымдарынан түсетiн түсiмдер республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептелiп, елшiлiктердi ұстауға пайдаланылатын болып белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкiлдiктерiн қаржыландыру тәртібін екi ай мерзiмде әзiрлеп, бекiтсiн. 50. Импорттық баждың түсуiн көбейту және шетелдiк валютаны пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың жөнелту алдындағы инспекциясын жүзеге асыру үшiн сыртқы экономикалық қызметке жұмсалатын шығындар құрамында халықаралық тәуелсiз «Сосиете Женераль де Сюрвеянс С.А.» фирмасын қаржыландыруға 887500 мың теңге сомасында қаражат қарастырылсын. 51. Министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң, ведомстволардың, облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң, ұйымдардың алуан түрлi салық және кеден жеңiлдiктерiн беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдаған өтiнiштерi, бюджетке төленетiн төлемдер бойынша борыштарды төлеудi, бюджеттен берiлген несиелердi қайтару мерзiмiн кейiнге қалдыру, республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу жөніндегі ұсыныстары мiндеттi түрде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісілуге тиiс болып белгiленсiн. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң алдын ала қорытындысы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі өтiнiштердi қарауға қабылдамайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |