|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінiң 1998 жылғы 19 қаңтардағы № 31 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «Акциздеуге жататын өнiмдi өндiру мен сатудан алынған қаражаттың бюджетке түсуiне бақылауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1997 жылғы 15 қаңтардағы № 68 қаулысына: 1-тармақтағы «Мемлекеттік салық комитетi Мемлекеттік кеден комитетiмен» деген сөздер «Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Салық комитетi Кеден комитетiмен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: бiрiншi абзацтағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетi» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын. екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Kipіс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi мен Салық комитетiне белгiленген нысан бойынша Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн импортталған спирттiң, алкогольдi өнiмдердiң және сыраның барлық түрлерiнiң қозғалысы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Салық комитетіне Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн темекi өнiмдерiнiң қозғалысы туралы ақпарат ұсынсын;». 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «Қазақстан Республикасында этил спиртiн және алкогольдi өнiм өндiрудi, импорттауды және сатуды тәртiпке келтiру жөніндегі шаралар туралы» 1997 жылғы 14 ақпандағы № 217 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 7, 52-құжат): 3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «Алкогольдi өнiм өндiру мен оның айналымын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етушi органдардың өзара iс-қимылының және осы саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесудiң тәртібін бекіту туралы» 1997 жылғы 26 мамырдағы № 882 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 22, 197-құжат ): 1) тақырыбындағы «тәртібін» деген сөз «ережесін» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) екiншi абзацтағы «тәртібі» деген сөз «ережесi» деген сөзбен ауыстырылсын. 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Алкогольдi өнiм өндiру мен оның айналымын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етушi органдардың өзара iс-қимылының және осы саладағы құқық бұзушылықтардың жолын кесудiң тәртібінде: тақырыбындағы «ТӘРТІБІ» деген сөз «ЕРЕЖЕСI» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «Осы Тәртiп» деген сөздер «Осы Ереже» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетiнiң, Салық полициясы комитетiнiң, Кеден комитетiнiң, Салық комитетiнiң органдары, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң органдары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінiң органдары, Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөніндегі ұлттық агенттiгiнiң органдары, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң органдары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аталған Ереженiң талаптары қолданылатын бақылаушы органдар болып табылады»; 5-тармақта: «Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын; «Мемлекеттік тергеу комитетiне» деген сөздер «Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Салық полициясы комитетiне» деген сөздермен ауыстырылсын; «Мемлекеттік кеден комитетiне» деген сөздер «Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Кеден комитетiне» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақта: бiрiншi абзацтағы «басқа құжаттарсыз» деген сөздерден кейiн «сондай-ақ белгiленбеген орындарда» деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзацтағы «Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: «Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі органдарына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетiне» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетiнiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлігі Кеден комитетiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын; 5. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өнiм өндiрудi дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 18 шiлдедегi № 1137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 33, 302-құжат): 4-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетiне» деген сөздермен ауыстырылсын; «Денсаулық сақтау» деген сөздер «Білім, мәдениет және денсаулық сақтау» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. ҚР Үкіметінің 27.08.99 ж. № 1258 қаулысымен 7-тармақ алынып тасталды 8. ҚР Үкіметінің 21.09.99 ж. № 1433 қаулысымен 8-тармақ алынып тасталды 9. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен алып тасталды. 10. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «ҚазАлкоОрталық» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» 1998 жылғы 30 сәуірдегі № 396 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., № 13, 114-құжат): 2,3-тармақтардағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетi» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын; 11.ҚР Үкіметінің 28.01.00 ж. № 137 қаулысымен 11-тармақ алынып тасталды
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |